Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Дананың сөзі ұраныма айналды

Дананың сөзі ұраныма айналды

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Алексей Лодочников – Ертіс бойындағы қалың қазақтың арасында өскен жігіт. Бала кезінен жүрегі қазағым деп соғады. Домбырамен халқымыздың ән-күйін құйқылжытып ойнауы бір бөлек, ол – бүгінде мемлекеттік тіл мен ұлт мәдениетіне олжа салып, көсегесін көгертсем дейтін санасы сергек азаматтың бірі.

Алексей балалар үйінде тәрбиеленген. Балалық шағын Павлодар облысы Тереңкөл ауданындағы балалар үйінде өткерді. Өнерлі жеткіншек 6 жасқа толғанда ұстаздарының кеңесімен дарынды балаларға арналған музыкалық мектепке оқуға түсіп, «Дәстүрлі ән және домбырада ойнау» мамандығын игерген. Қазіргі күні ол Instagram мен TikTok желілерінде танымал блогерге айналған. Бүгінде Астана қаласында тұрады.

– Қазақ руханиятына, менталитетіне жақын болуымның себебі – балалар үйінде қазақ тобында тәрбиелендім. Қазақы тәрбиенің нәтижесі болар, есейе келе араласатын жолдастарымның барлығы қазақ. Домбыра үйреткен алғашқы ұстазым Асхат Еркебұланов, одан кейін жол көрсеткен Медғат Манапов, Амангелді Қожанов, Жанболат Байсолтан сияқты ағаларыма алғысым шексіз. Мені шетсіз-шексіз қазақ ән-күй өнеріне жетеледі. Маған домбырамен ән айту бала шағымнан ерекше ұнайтын, бұл өнерімді әлі күнге жетілдірумен келемін, – деді белсенді жас.

Ол бүгінде уақытының көп бөлігін еліміздегі балалар үйлерінде тәрбиеленіп жатқан жет­кіншектердің шығармашылықтарын дамытуға арнап келеді. Былтыр «Жұлдыз болғым келеді» атты республикалық жобаны қолға алды. Бұл балалар үйлеріндегі жас таланттарға арналған. Өткен жылы алғаш рет вокал өнері бойынша байқау өтіп, Астанадағы финалдық кезеңге еліміздің әр түкпірінен 40 бала жиналды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге Дубай қаласына жолдама, қымбат ұялы телефондар мен макбуктер сыйға тартылды. Жеткіншектердің қандай әсерлі сезімде болғанын тілмен айтып жеткізу қиын. Алғашқы сайыс нәтижелі өткенін байқаған Алексей биыл хореография бағытындағы жас өрендерді сынап көрмекке бел буып отыр. Оның финалында елордаға 100-ден аса бала жиналады деп күтіледі.

– Біздің қоғам әзілді жеңіл қабылдап, кез келген әлемдік өзгерістерге батыл түрде кірісіп кететіні ұнайды. Мемлекет басшысының өзі де жастар қозғаушы күш екенін айтты. Патриот болу жалаң ұран емес. Қазақ тілін жетік меңгергенім өзім үшін ғана, бірақ оны желеу етіп қызмет сұрап көрген емеспін. Отанымызға пайдамыз тисін десек, оны іспен дәлелдеуіміз керек. Кейде кейбір қазақ азаматтарының өз ана тілін білмейтінін көргенде жаным ашиды. Бұл кемшілік емес, өскен ортасы сондай. Бірақ ынта болса, барлығын лезде үйренуге болады. Ал өзің өсіп-өніп отырған мемлекеттің ана тіліне құрмет көрсету – ортақ міндетіміз. Шеттен келіп, еліміздің керегесін кеңейтіп жатқандарға қатысты да солай айтар едім. Мемлекеттік тілді білу – әрбір азаматтың парызы, деп жалғады сөзін.

Қазіргі уақытта Алексей әлеуметтік желідегі блогін күнделікті жүргізеді. Бір ғана Instagram-да 366 мыңнан аса оқырманы бар. Күнделікті түсіретін роликтерінің дені әзіл-оспаққа арналғанымен, қоғамдағы кейбір өткір мәселелерді көрсетуге тырысады.

– Абай атамыздың «Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, ақылың мен қайратың екі жақтап» деген дана сөзі бар. Бұл менің өмірдегі басты ұраныма айналды. Күнделікті өмірде де, желіде де қарапайым болуға тырысамын. Кейбір адамдар менің роликтерімді ата-әжелер жиі көретінін айтады. Мен үшін бұл – мақтаныш. Себебі олар арқылы немерелері де тамашалайды деген сөз,   деп кейіпкеріміз сөзін тәмамдады.

Осылайша, Ертіс бойында жетілген сары бала бүгінде Астана қаласында жемісті еңбек етіп жүр. Алексейдің ойға алған бастамалары сәтімен өріле берсін деп тілейміз.

Павлодар облысы 

Соңғы жаңалықтар

«Тегеран енді бұрынғыдай болмайды»: Израиль мен АҚШ Иранға соққы жасады

Оқиға • Бүгін, 12:57

Алматылықтар Михаил Шайдоровты салтанатты түрде қарсы алды

Оқиға • Бүгін, 11:27

Ақша айырбастау орындарында доллар бағамы қандай?

Қаржы • Бүгін, 10:45

Елімізде қай жолдар жабық тұр?

Ауа райы • Бүгін, 10:20

Ілтипат пен ізет үлгісі

Қоғам • Бүгін, 09:55

Дананың сөзі ұраныма айналды

Қоғам • Бүгін, 09:50

Бірлік пен келісім жолындағы миссия

Қоғам • Бүгін, 09:45

Бата-тілектің ең қысқа нұсқасы

Қоғам • Бүгін, 09:40

Халық құрметтеген құтқарушылар

Құтқарушы • Бүгін, 09:35

Антына адал дәрігер

Қоғам • Бүгін, 09:30

Бүгін еліміздің сегіз қаласында ауа сапасы нашарлайды

Ауа райы • Бүгін, 09:30

Игі істің иесі

Қоғам • Бүгін, 09:25

Еселенген жақсылық

Пікір • Бүгін, 09:20

Ауғанстан азаматтарының ықыласы

Қоғам • Бүгін, 09:15

Мейірбан жұртыма ризамын

Қоғам • Бүгін, 09:10

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:182
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Ақпан 2026 14:13
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

11 Қазан 2026 20:28see149

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

11 Қазан 2026 11:21see147

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

11 Қазан 2026 11:30see143

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see137

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

11 Қазан 2026 17:50see132

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see130

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

11 Қазан 2026 16:28see128

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see121

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

11 Қазан 2026 12:08see121

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see120

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see120

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see119

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see119

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see119

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see118

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see117

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see117

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

11 Қазан 2026 18:16see116

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see116

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары