Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Тайвань мәселесі дауға айналды

Тайвань мәселесі дауға айналды

24.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Жапония мен Қытай арасындағы жағдай да күн санап ушығып барады. Токио бес қаруын сайлап жатыр. Күншығыс елінің қорғаныс министрі тіпті Тайвань маңындағы Йонагуни аралына барды. Синдзиро Коидзуми мұнда жаңа зымырандар жүйесі орналасады деп мәлімдеді. Ал Бейжің Токио шектен шықты деп санайды. Бұл жақ та қатал. «Қажет болса, оқ атамыз», – деп отыр. Қытай билігіне әу баста Жапония үкімет басшысының Тайваньға қатысты мәлімдемесі жақпай қалды. «Бейжің Тайваньға шабуыл жасаса, Жапонияға қауіп төнуі мүмкін. Сондықтан «Токио Тайбэйге әскери көмек көрсетуге тиіс», – деген еді Санаэ Такаичи. Енді екі елдің арасындағы ахуал қалай өрбуі мүмкін? Сарапшылар не дейді?

Оңтүстік Африкада өткен «Үлкен жиырмалық» саммитіне Жапония мен Қытай премьер-министрлері де қатысты. Екеуі жолыққан болар? Жолықса, арада осы жағдайға байланысты қандай да бір сөз айтылған болар?

Екі саясаткер де теріс қарап, бір-бірін елемей жүрді. Екеуінің арасында ешқандай кездесу болған жоқ. Десе де тілшілермен тілдескен Санаэ Такаичи: «Бейжіңмен диалог жүргізуге дайынбыз», – дейді.

Тайвань мәселесі дауға айналды

Алайда Жапония қарап жатқан жоқ. Осы елдің қорғаныс министрі Тайвань маңындағы әскери базаға барды. Бұл Синдзиро Коидзумидің Йонагуниге жасаған алғашқы сапары. Арал Тайваньнан небәрі 100 шақырым қашықта орналасқан. Дәл осы жерде Жапонияның жаңа зымыран жүйесі орналасады. Оның шығысында, яғни Окинава аралында АҚШ-тың ірі әскери базасы бар. Блумберг басылымының дерегі бойынша кейінгі аптада Құрама Штаттар Йонагуниге әскери техникасын әкеле бастады. Демек Токио оңтүстік аралдардағы әскери әлеуетін мейлінше күшейтіп жатыр. Бірақ Жапония: «Қытаймен араздасатын ойымыз жоқ», – деп отыр. Тек қорғанысты нығайтуға ниетті.

Синдзиро Коидзуми, Жапония қорғаныс министрі:

- Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғалы Жапонияға алғаш рет үлкен қауіп төніп тұр. Йонагуни аралы халқының, жапондықтардың тыныштығын сақтағымыз келсе, біз қорғанысты күшейтуіміз қажет.

Ал Қытай БҰҰ-на арнайы хат жолдады. Жапонияның Тайвань жөніндегі мәлімдемесін халықаралық құқықты бұзу деп қатаң айыптады. Токио аралға қатысты мәселеге одан әрі араласса, мұны басқыншылық әрекет деп бағалайтынын жеткізді. Қытайдың Сыртқы істер министрі Ван Идің айтуына қарағанда Токионың Тайбэйге әскери көмегінің соңы жақсылыққа апармайды. Сондықтан жапон үкімет басшысын саяси қателік жібергенін мойындауға шақырды.

Ван И, Қытай сыртқы істер министрі:

- Биыл Қытайдың Екінші дүниежүзілік соғыста Жапонияны жеңгеніне 80 жыл толды. Токио сол кездегі қателігін қайталауға қадам жасап жатыр. Орынсыз мәлімдеме жасап, шектен шықты. Қытай бұған қатаң жауап беруге тиіс. Бұл Қытайдың егемендігі мен аумақтық тұтастығын ғана емес, қанмен келген жеңісті қорғау үшін де қажет. Қытай Жапония үкімет басшысының ойланбай айтқан сөзі болса, ақылға келуге шақырады.

Қытай Тайваньды өз аумағы деп санайды. Қажет болса, аралды күшпен басып алуға да дайын. Алайда Жапония үкімет басшысы бұған қарсы. Осындай кезеңде Тайваньға әскери қолдауды Санаэ Такаичи өз қолына алуға ниетті. Өйткені мұның арғы жағында Жапонияның қауіпсіздік мәселесі тұр.

Санаэ Такаичи, Жапония премьер-министрі:

- Жапония мен Қытай арасында қиындықтар бар, әрине. Біз бұл түйткілді мәселелерді шешіп, ынтымақтастықты арттыруымыз керек. Жапония Қытаймен диалог жүргізуге дайын. Біз есікті жапқанымыз жоқ. Бірақ біздің өз ұстанымымыз бар. Соған сүйене отырып, тиісті шешім қабылдаймыз.

Екі алып елдің премьер-министрлері Оңтүстік Африка Республикасында өткен «Үлкен жиырмалық» саммитіне қатысып, бір үстел басында отырды. Бірақ бір-біріне жылы қабақ танытпады. «Бұл Токио мен Бейжіңнің арасы суып кеткенін анық аңғартады», – дейді сарапшылар.

Алайда Санаэ Такаичидің Тайвань жөніндегі мәлімдемесіне қатысты сарапшылардың пікірі екіұдай. Бірі мұны арандатуға баласа, енді бірі Қытай ахуалды өздері ушықтырып жіберді деп санайды.

Стивен Нэги, Халықаралық христиан университетінің саясат және халықаралық қатынастар профессоры:

- Такаичи Жапония Қытайға қарсы әскери күш қолданады деп бір сөз айтқан жоқ. Ол: «егер Қытай Тайваньға шабуыл жасаса, онда Жапония өз қауіпсіздігін қалай қамтамасыз ететінін ойлануы керек», – деді. Яғни Тайваньдағы дағдарысқа тікелей араласу туралы ештеңе деген жоқ. Тек Қытайдың әрекеті Жапонияның қорғаныс стратегиясына әсер ететінін айтты. Бірақ Қытайдың БҰҰ-дағы мәлімдемесі және сыртқы істер министрі Ван Идің қатаң риторикасы Бейжің Токиоға қысымды күшейтуді көздеп отырғанын көрсетеді.

Дәл қазір Такаичи саясатына жапон халқының көңілі тоғайып отыр. Таяуда қызметіне кіріскен премьер-министрдің рейтингі 80% дейін өскен. Мұны кейінгі жүргізілген сауалнама нәтижесі көрсетті.

Сөйтіп, әзірге Жапония мен Қытай дегенінен қайтар емес. Әрқайсысы өз позициясын әділ екенін дәлелдеп әлек. Анығы, бұл енді тек Бейжің мен Тайвань арасындағы мәселе ғана емес. Тынық мұхиты аймағындағы жаңа текетірестің басы болуы мүмкін.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:174
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Қараша 2025 14:08
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see143

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see136

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see134

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see132

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see132

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see131

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see131

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see129

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see129

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see128

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see128

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see127

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see124

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see122

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see117

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see117

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see116

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see114

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see112

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары