Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Құлсарыдағы Мереке павильоны: 40 млн теңгелік жоба әкімдікпен арадағы дауға айналды

Құлсарыдағы Мереке павильоны: 40 млн теңгелік жоба әкімдікпен арадағы дауға айналды

Azh.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Кәсіпкер Бекет Құлбаев өз қаражатына салған аялдама павильонын әкімдік жер келісімшартын ұзартпай, бұзылуы мүмкін екенін айтады. Ол мұны қаладағы жолдардың жағдайы мен тазалық мәселесін ашық сынағанымен байланыстырады.

Қаланың орталығы Махамбет даңғылында бұдан бес жыл бұрын аялдама болмаған. Белгі бар да тұрғындар ашық-шашық жерде автобусты сағаттап сарыла күтетін. 

Жауынды-шашынды күндері ықтасын жер таппай азап шеккен тұрғындарға жаны ашыған жеке кәсіпкер замануи үлгідегі автобус аялдамасын салуды көздейді. Бұл ұсынысын сол кездегі аудан әкімі Ж. Халеловке жеткізіп, өз жобасын ұсынады. Аялдама үш бөліктен тұратын болды: күту бөлмесі, кофехана және әжетхана.        

Қолдау бірден көрсетілмеген. Жоба бір жылдан астам уақыт шешімсіз қалған. Кәсіпкердің айтуынша, сол кезде қала әкімінің орынбасары болған Қадыржан Адинов (қазір Құлсары қаласының әкімі) жерді уақытша өтеусіз пайдалануға беруге қарсы болған.

Кейінірек, Жұмабек Қаражанов аудан әкімі болып тағайындалған соң, кәсіпкер жобасын қайта ұсынып, қолдау тапқан.

Құлбаевқа көлемі 0,0130 гектар жер учаскесі үш жыл мерзімге уақытша өтеусіз пайдалануға берілген. Оның айтуынша, құрылыс шамамен бір жылға созылып, 40 миллион теңгеге түскен. Бұл қаржыны ол мүлікті кепілге қойып, несие ретінде алған. Кәсіпкер бүгінге дейін сол несиені өтеп келе жатқанын айтады.

«Мереке» аялдама павильоны 2023 жылдың 27 қазанында аудан әкімінің орынбасары Гүлнафис Айшуақованың қатысуымен ашылды. Кәсіпкердің айтуынша, құрылыс ашық жүргізілген, ал әкімдік өкілдері нысанның ашылу салтанатында болған.

Аялдамада жолаушыларға арналған күту бөлмесі кондиционермен жабдықталған, тегін ішуге арналған су құрылғысы мен стақандары қойылған. Жанында кофехана жұмыс істейді, бөлек әжетхана да бар.

- Енді осыны бұзады деп жатыр, қалайша? Кезінде жерді неге жалға берген? Күту бөлмесінде барлық жағдай жасалған жұртшылық үшін. Бюджеттің қаржысына бірнеше млн-дап қаржы жұмсап аялдама салды, әйтеуір жоқтан жақсы. Бірақ дәл осындағыдай жағдай жасалмаған. Мынау орталық жер, аялдама жарқырап қалаға сән де беріп тұр, енді алып тастайды дегенге қарсымыз, - дейді бір топ тұрғын. 

Бүгінде Құлбаевқа берген жер учаскесін өтеусіз пайдалануға беру мерзімінің үш жылы бітіп, келісім шартты ұзарту қажет. Алайда кәсіпкер қала әкімдігінен қарсылыққа тап болып отыр. 

2025 жылы ол Жылыой ауданының Қоғамдық кеңесіне мүше болып кірді, ал екі айдан соң төраға болып сайланды. Кәсіпкердің айтуынша, ол қаладағы тазалық, жолдардың жағдайы және мердігерлердің жұмысы туралы мәселелерді көтеріп, әлеуметтік желілерде сын пікірлерін жариялап отырған.

Осыдан кейін, кәсіпкердің айтуынша, жер келісімшартын ұзартуда қиындықтар туындаған.

— Маған Қоғамдық кеңес төрағасы қызметінен бас тартуды ұсынды. Оның орнына кәсіпкерлік жұмысымда кедергі болмайтынын, аялдаманың келісім шартын ұзартатынын айтты. Мен келіспедім. Осыдан соң нысанды ГАСК қызметкерлері тексеріп, кемшіліктер көрсетті. Бірақ үш жылға дейін ГАСК неге тексермеді? — дейді ол.

Құлбаев сондай-ақ нысанды мемлекеттік меншікке айналдыруға әрекет жасалып жатқанын айтады. Оның сөзінше, павильон тек өзінің жеке қаражатына салынған.

- Егер бұзуға жататын нысан болса о баста әкімдік жерді неге береді, аялдаманы салуға рұқсат бергенін неге ұмытады? Кезінде қолдау танытқан әкім неге үнсіз?. Бұл қудалау тікелей қоғамдық Кеңес төрағасы қызметінен бас тартпағаным үшін болып отыр, - дейді Құлбаев.     

Кәсіпкердің осыншама айыптауларынан кейін «АЖ» редакциясы Құлсары қаласының әкімі Қадыржан Адиновқа бірнеше рет телефон соқты, жазбаша сұрақ та жіберді. Алайда сұрақтарымызға нақты жауап ала алмадық. Әкім бір сөзінде «кәсіпкер заңды бұзып отыр» деген болатын, бірақ нақтысы айтылмады. 

Құлбаев аялдаманың бұзылуына жол бермейтінін, кәсіпкерлік құқығын қорғайтынын мәлімдеді.  

«АЖ» редакциясы бұл мақаламен тоқталып қалмайды, назарда ұстайтын болады. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА    

Бүгін, 13:05

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:89
embedДереккөз:https://azh.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 07 Сәуір 2026 13:29
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see140

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see138

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see137

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see137

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see136

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see135

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see134

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see129

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see128

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see126

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see125

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see124

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see124

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see123

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see123

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see122

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see121

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see117

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see116

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары