“Нарықты иеленгісі келеді“ Бектенов қазақстандық тауарларды беделден түсіру әрекеттері туралы мәлімдеді
Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Премьер-министр Олжас Бектенов қазақстандық өндірістің танымал тауарлары беделін түсіруге бағытталған ақпараттық науқандар туралы мәлімдеді. Ол бұл туралы үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қазақстандық өндірістің танымал тауарларының, соның ішінде азық-түлік пен кондитерлік өнімдердің беделін түсіру үшін әдейі ұйымдастырылған ақпараттық науқандар деректері кездеседі. Бұл бәсекелесті ығыстырып, нарықты иелену деген бір ғана мақсатпен жасалады", – деді премьер-министр.
Ол Мәдениет және ақпарат министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, "Қазақстанда жасалған" ұлттық брендін ілгерілету бойынша бірыңғай ақпараттық науқан жүргізуді тапсырды.
Сонымен қатар науқан отандық тауарларды насихаттауға және оларды негізсіз ақпараттық шабуылдардан қорғауға бағытталуы тиіс.
Тағы оқыңыз: “Моральдық тұрғыдан дұрыс емес“: Бектенов қазақстандық тауарларға басымдық беруге шақырды
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:37
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Тамыз 2026 11:47 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















