Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Наурызнама: Қазақстанның материалдық емес мәдени мұрасы ЮНЕСКО бас пәтерінде таныстырылды

Наурызнама: Қазақстанның материалдық емес мәдени мұрасы ЮНЕСКО бас пәтерінде таныстырылды

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Наурызнама онкүндігін атап өту аясында Қазақстанның ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілдігі үкіметаралық ұйымның бас пәтерінде еліміздің материалдық емес мәдени мұрасына арналған тақырыптық таныстырылым өткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Кеш бағдарламасын аша отырып, Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілі, Елші Асқар Абдрахманов жиналғандарға Наурыз мейрамының табиғаттың жаңаруын, үйлесім мен халықтар бірлігін бейнелейтін әлемдегі ең көне мерекелердің бірі екенін еске салды. Оның айтуынша, биыл Қазақстандағы көктемгі жаңару рухы елдегі ауқымды реформалармен және 15 наурызда өткен жалпыұлттық референдумда жаңа Конституцияның қабылдануымен де айшықталды.

Отандық дипломат қатысушыларды Наурызнама онкүндігінің мазмұнымен таныстырып, онда Қазақстан халқының негізгі құндылықтары мен дәстүрлері – төзімділік, бауырмашылдық, өзгелерге қамқоршылық және табиғатқа құрметпен қарау көрініс тапқанын атап өтті. Қонақтардың назарына тақырыптық брошюра мен бейнематериалдар ұсынылды.

А. Абдрахманов материалдық емес мәдени мұраны сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын да ерекше атап өтті. Осы тұрғыда Наурызды мерекелеу дәстүрі ЮНЕСКО-ға мүше 13 мемлекеттің тарапынан бірлесе ұсынылып, Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне енгізілгені айтылды. Бұл кең-байтақ өңірдегі халықтар арасындағы мәдени сабақтастықты көрсетеді.

Өз кезегінде 2003 жылғы материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі үкіметаралық конвенцияның хатшысы Фумико Охината Қазақстанның адамзаттың мәдени әртүрлілігіне қосатын жарқын үлесін және оның ЮНЕСКО құралдарының жұмысына белсенді қатысуы арқылы көрініс табатынын атап өтті. Ол жиналғандарды келе жатқан Наурыз мейрамымен құттықтап, домбыра үні, киіз үйді жасау дағдылары, дәстүрлі ойындар және басқа да рухани мұралар Қазақстанның әлемдегі танымал символдарының арасында екенін айтты. Сонымен қатар ЮНЕСКО бұл мұраны халықаралық деңгейде тану және қорғау бағытында Қазақстанмен ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті екенін білдірді.

Достық нышаны және көпжылдық ынтымақтастыққа деген ризашылықтың белгісі ретінде, Ұлттық киім күніне орай, жиналғандардың қошеметімен Тұрақты өкіл Материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі конвенция хатшысының иығына дәстүрлі қазақ шапанын жапты.

Кеш бағдарламасы қонақтарға Қазақстанның мәдени мұрасының алуантүрлілігін таныстырды. Францияда тұратын суретші Жанель Жұбанова жиналғандардың назарына киіз басудың көне өнерін, одан бұйым жасау үдерісін көрнекі түрде көрсетіп, табиғатпен тығыз байланысты бейнелейтін осы техникадағы өз туындыларын ұсынды.

Осы орайда Әзербайжан, Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Өзбекстан, Тәжікстан және Түркия бірлесе ұсынған «Дәстүрлі киіз басу өнері» атты көпұлтты номинацияның 2026 ж. желтоқсанда ЮНЕСКО-ның Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне енгізу үшін қаралатыны аталып өтті.

Кештің музыкалық бөлігінде Нияз Төребек Құрманғазының «Адай» күйін, ал Гауһар Рүстемқызы «Қарлығаш» әнін орындады. Шыңғыс Қуанбаев қонақтарға осыдан бұрын Қазақстан, Қырғызстан және Түркияның ортақ мұрасы ретінде ЮНЕСКО тізіміне енгізілген зияткерлік ойын –  тоғызқұмалақты таныстырды.

Ұлттық киім күні аясында қонақтардың ерекше қызығушылығын қазақтың дәстүрлі ерлер мен әйелдер киімдерінің көрсетілімі тудырып, ондағы ою-өрнектердің, материалдардың және мәдени символиканың байлығы түсіндірілді.

Кеш Қазақстанның аспаздық мұрасын танытатын ұлттық тағамдар –  қазақша ет, наурыз көже, дәстүрлі тәттілер мен сүт өнімдерінің дәмін татумен қорытындыланды.

ЮНЕСКО бас пәтерінде өткен Наурызнама онкүндігінің таныстырылымы Қазақстанның материалдық емес мәдени мұраны сақтау және ілгерілетуге, сондай-ақ халықаралық деңгейде мәдени диалогты нығайтуға деген берік ұстанымының тағы бір айғағы болды.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:205
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Наурыз 2026 08:13
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары