Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

ЮНЕСКО: Түркі мәдениеті және мұрасы қоры ұсынған жобалар түркі әлемінің мәдени байлығын көрсетті

ЮНЕСКО: Түркі мәдениеті және мұрасы қоры ұсынған жобалар түркі әлемінің мәдени байлығын көрсетті

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

2025 жылғы 4 қарашада Өзбекстан Республикасының Самарқан қаласында өткен ЮНЕСКО Бас конференциясының 43-сессиясы аясында Түркі мәдениеті және мұрасы қоры ұйымдастырған іс-шарада алғаш рет түркі өркениетінің тереңдігі мен ұлылығын бейнелейтін бірегей жобалардың тұсаукесері өтті. 

Іс-шара барысында түркі халықтарының мәдени мұрасына арналған және түркі мемлекеттері Басшылары бекіткен «Түркі әлемінің келешегі – 2040» және «TURKTIME» стратегиялық құжаттарына сәйкес дайындалған «Түркі әлемінің мәдени коды» атты түркі әлемінің мәдени мұрасының Каталогы, сондай-ақ Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзиёевтің тапсырмасымен және түркі елдері Басшыларының қолдауымен жүзеге асқан көптілді, көптомдық «Түркі фольклорлық мұрасы» Антологиясы таныстырылды.

Іс-шараның жалғасы ретінде 2025 жылғы 3 қарашада ЮНЕСКО-ның 43-сессиясында қабылданған шешімге сәйкес «15 желтоқсан – Дүниежүзілік түркі тілі тобының күні» (World Turkic Language Family Day) болып жариялануына арналған жиын өтті.

Түркі мәдениеті және мұрасы қорының Президенті Ақтоты Райымқұлова салтанатты рәсімді ашып, ЮНЕСКО мен Өзбекстан Республикасына іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырылуына көрсеткен қолдауы мен қонақжайлылығы үшін алғысын білдірді.

Ақтоты Райымқұлова Қор шығарған «Түркі әлемінің мәдени коды» түркі әлемінің мәдени мұрасы Каталогы мен көптілді, көптомдық «Түркі фольклорлық мұрасы» Антологиясы жайлы баяндап, осы жобаларды жүзеге асыруға үлес қосқан мамандарды, ғалымдарды және Консультативтік комитет мүшелерін шын жүректен құттықтап, олардың еңбегі мен адалдығы үшін ризашылығын білдірді.

«Түркі әлемінің мәдени коды» жобасының кураторы Рустам Музафаров пен «Түркі фольклорлық мұрасы» Антологиясын әзірлеуге қатысқан Өзбекстанның белгілі ғалымы Жаббор Ешенқұлов та сөз сөйлеп, ұсынылған еңбектердің маңызын атап өтіп, Қордың түркі әлемінің мәдени мұрасын сақтау жолындағы қажырлы еңбегін жоғары бағалады.

Құрметті қонақтардың қатарында Қырғыз Республикасы Президентінің кеңесшісі Арслан Койчиев, Түркия Республикасының Әділет және даму партиясы төрағасының орынбасары, профессор Күршад Зорлы, Өзбекстан Ғылым академиясының вице-президенті, профессор Бахром Абдухалимов болды. Олар бұл тарихи шешімнің түркі тілдерінің байлығын халықаралық деңгейде мойындатуға ықпал ететінін және Қордың бұл бағытта атқарған еңбектерін жоғары бағалады.

Іс-шарада Әзербайжан Республикасының ЮНЕСКО жанындағы тұрақты өкілі, елші Эльман Абдуллаев, Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов, Түрікменстанның Франциядағы елшісі және ЮНЕСКО жанындағы тұрақты өкілі Мақсат Чариев, сондай-ақ Венгрияның ЮНЕСКО жанындағы тұрақты өкілінің орынбасары Кинга Симон сөз сөйледі.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО жанындағы тұрақты өкілі Асқар Абдрахманов, Қырғыз Республикасының Франциядағы елшісі және ЮНЕСКО жанындағы тұрақты өкілі Садық Шер-Нияз, Түркия Республикасының ЮНЕСКО жанындағы тұрақты өкілі Гүлнұр Айбет, Өзбекстан Республикасының ЮНЕСКО жанындағы тұрақты өкілі Камол Мухтаров, сондай-ақ Түркия ЮНЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиясының төрағасы, профессор Ожал Оғуз белсенді қатысты.

Іс-шараға Бельгия, Эквадор, Франция, Латвия, Оман, Катар, Венесуэла және Чехияның ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілдіктері, Өзбекстандағы аккредиттелген дипломатиялық корпус пен халықаралық ұйымдар мүшелері, танымал ғалымдар, мәдениет институттарының өкілдері, түркі мәдениеті мен мұрасына қызығушылық танытқан шетелдік қонақтар және БАҚ өкілдері қатысты.

Салтанатты рәсім этно-фольклорлық «TURAN» ансамблі солистерінің жарқын өнер көрсетуімен жалғасты. Түркі мәдениеті және мұрасы елшілері саналатын топтың өнері қатысушылардың зор ықыласына бөленіп, ұзақ қошеметке ие болды.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:264
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Қараша 2025 16:09
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see131

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see129

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see126

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see126

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see125

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see125

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see124

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see123

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see122

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see122

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see122

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see122

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see122

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see121

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see120

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see120

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see119

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see119

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see119

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see118
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары