Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Неге ми 1 мен 0 ді емес, сөзді таниды?

Неге ми 1 мен 0 ді емес, сөзді таниды?

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

SciTechDaily деректеріне сүйенген Aikyn.kz адамның тілі неге күрделі көрінгенімен, ми үшін жеңіл екенін баяндайды.

Ғалымдар адам неге ақпаратты компьютер секілді «1» мен «0»-ге айналдырып сөйлеспейді деген сұраққа нақты түсініктеме берді. Табиғи тіл күрделі көрінгенімен, ми үшін әлдеқайда жеңіл өңделетін таныс құрылымдарға сүйенеді.

Адам тілдері – таңғаларлықтай күрделі жүйе. Әлемде шамамен 7 000 тіл бар. Кейбірінің сөйлеушісі азайып бара жатса да, қытай, ағылшын, испан және хинди тілінде миллиардтаған адам сөйлейді.

Айырмашылығы көп болғанымен, барлық тілдің негізгі қызметі бір. Олар мағынаны жеке сөздерді тіркестерге біріктіру арқылы жеткізеді, кейін сол тіркестерді сөйлемге ұйымдастырады. Әр деңгейдің өз мағынасы бар, ал бәрі қосылғанда адамдар ойды анық түсінілетін түрде бөлісе алады.

Тіл неге компьютердегі код сияқты ықшамдалмайды?

«Бұл шынымен де өте күрделі құрылым. Табиғат әдетте тиімділікті арттырып, ресурсты үнемдеуге ұмтылады. Сондықтан мидың тілдік ақпаратты компьютер сияқты цифрлық түрде емес, осындай күрделі жолмен неліктен кодталатыны – орынды сұрақ», – деп түсіндіреді Майкл Хан.

Майкл Хан. Саарланд университеті, Тіл, есептеу және когниция бағытының жетекшісі. Фото авторы: Saarland University/Thorsten Mohr

Саарланд университетінің есептеу лингвистикасы профессоры Хан бұл мәселені Калифорния университетінің (Ирвайн) ғалымы Ричард Футреллмен бірге зерттеген. Теория бойынша ақпаратты «1» мен «0»-ден тұратын қарапайым бинарлық тізбек түрінде кодтау әлдеқайда тиімді болуы керек, өйткені ондай формат ақпаратты табиғи тілге қарағанда тығызырақ «ықшамдауға» мүмкіндік береді. Осыдан бір қарапайым сұрақ туады. Мысалы, неге адам баласы Star Wars-тағы R2-D2 секілді «цифрлық кодпен» сөйлеспейді? Хан мен Футрелл енді осыған жауап тапқанын айтады. 

Фото 3blmedia.com сайтынан алынды.

Ғалымдардың айтуынша, тіл біздің күнделікті өмірімізге сүйенеді. Мысалы, біреу бұрын-соңды көрмеген «қойдың жартысы мен түйенің жартысынан құралған» қиялдағы жануарды ойлап тауып, оны «құлтүйе» сияқты жаңа сөзбен атай салса, көп адам бірден түсінбей қалады. Өйткені ондай нәрсе өмірде жоқ, демек, ол сөздің артында бәріне ортақ тәжірибе де жоқ.

Дәл сол сияқты «қой» мен «түйе» сөздерінің әріптерін араластырып, мағынасы жоқ бір тізбек құрасаңыз (мысалы, «түйқое» тәрізді), ол да түсініксіз болады. Ал «қой мен түйе» десек, бәрі бірден ұғады: екеуі де таныс, көзге көрген, өмірде бар ұғымдар.

Таныс құрылымдар ой еңбегін азайтады

Хан зерттеудің негізгі қорытындысын былай түйіндейді: «Қарапайым айтқанда, ми үшін күрделірек көрінетін жолмен жүру оңайырақ».

Ақпарат ең ықшам формада берілмесе де, миға түсетін есептеу жүктемесі төмен болады. Себебі адам миы тілді үнемі таныс табиғи ортамен өзара байланыста өңдейді. Ақпаратты таза цифрлық бинарлық кодқа салу тиімді көрінуі мүмкін, себебі хабар қысқа уақытта беріледі. Бірақ ондай код біздің күнделікті өмірлік тәжірибемізден алшақ болады.

Хан бұл ойды жұмысқа күнде қатынаумен салыстырады: «Күнделікті жүретін жолымыз таныс болғандықтан, көлік айдау «автопилотпен» жүргендей сезіледі. Ми өңделетін ақпаратты таниды, сондықтан жұмсайтын күш мөлшері азаяды. Ал қысқарақ болса да, бейтаныс жолмен жүру адамның ойын тез шаршатады. Өйткені жаңа бағыт жүргізушіден көбірек назарды талап етеді». Математикалық тұрғыдан айтсақ, «біз таныс әрі табиғи түрде сөйлегенде мидың өңдейтін бит саны әлдеқайда азаяды».

Болжам сөйлемді түсінуді қалыптастырады

Ақпаратты цифрлық түрде кодтау мен оны қайта өңдеу сөйлеушіге де, тыңдаушыға да айтарлықтай көп ой еңбегін қажет етер еді. Оның орнына ми сөздер мен тіркестердің бірізді тізбекте келу ықтималдығын үздіксіз есептеп отырады. Ал адам өмір бойы ана тілін күн сайын, күніне мыңдаған рет қолданып келгендіктен, бұндай тізбектік үлгілер орнығып, есептеу жүктемесі одан әрі азая түседі.

Фото reddit.com сайтынан алынды.

Хан тағы бір мысал келтіреді: «Мен немісше “Die fünf grünen Autos” (“бес жасыл көлік”) десем, оны неміс тілінде сөйлейтін адам бірден түсінеді. Ал “Grünen fünf die Autos” (“жасыл бес көлік”) тіркесі түсініксіз болады», – дейді ол.

“Die fünf grünen Autos” тіркесін тыңдаған неміс тілді адам алдымен “Die” артиклін естиді. Сол сәтте-ақ тыңдаушы “Die” сөзі әйел тектегі жекеше зат есімге немесе кез келген тектегі көпше зат есімге қатысты болуы ықтимал екенін біледі. Демек, ер және орта тектегі жекеше зат есімдер бірден «мүмкін емес» екенін түсінеді.

Келесі “fünf” сөзі санауға келетін нәрсені меңзейтіні анық, сондықтан “махаббат” не “шөл” сияқты саналмайтын ұғымдар автоматты түрде алынып тасталады. Одан кейінгі “grünen” сөзі меңзеп тұрған белгісіз зат есімнің көпше түрде екенін және жасыл түсті екенін аңғартады. Бұл көлік те болуы мүмкін, банан да болуы мүмкін, киім да болуы мүмкін. Тек соңғы “Autos” сөзі айтылғанда ғана ми қалған екіұштылықты толық шешеді. Тіркес біртіндеп ашылған сайын, түсіндіру нұсқалары тарылып, бір ғана мағына қалдырады. Ал “Grünen fünf die Autos” тіркесінде бұл логикалық болжам тізбегі бұзылады. Себебі күтілетін «белгілердің» реті өзгерген, ми мағынаны құрастыра алмай қалады.

Жасанды интеллект үшін маңызы

Майкл Хан мен америкалық әріптесі Ричард Футрелл бұл байланыстарды математикалық тұрғыда дәлелдеді. Зерттеудің салмағын беделді Nature Human Behaviour журналында жариялануы да күшейте түсті. Бұл тұжырымдар ChatGPT немесе Microsoft Copilot сияқты генеративті ЖИ жүйелерінің негізі саналатын ірі тілдік модельдерді (LLM) одан әрі жетілдіруге пайдалы болуы мүмкін.

Дереккөз: “Linguistic structure from a bottleneck on sequential information processing” – Richard Futrell, Michael Hahn, 24 November 2025, Nature Human Behaviour. DOI: 10.1038/s41562-025-02336-w

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:122
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 12 Ақпан 2026 15:19
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see137

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары