Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Қазақ хандары неге өз баласын емес, басқа сұлтанды мұрагер етіп қалдырды

Қазақ хандары неге өз баласын емес, басқа сұлтанды мұрагер етіп қалдырды

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Түркілік «жол» және биліктің мұралану қағидаты

Тарих ғылымдарының кандидаты, ассистент-профессор, әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті «Қазақстан тарихы» кафедрасы меңгерушісінің орынбасары Еділ Нояновтың айтуынша, түркі мемлекеттерінде биліктің мұралану жүйесі мүлдем басқа қағидатқа негізделген.

— Түркілерде, соның ішінде Түркі қағанатында билік әкеден балаға емес, жолына қарай — ағасынан інісіне, інісінен ағасының баласына (әулеттегі жасы үлкеніне) өтетін жүйе қалыптасты. Мұндай жүйе Мұқан қағанның билігі кезінде (553-572 жылдар аралығы) болды. Бұл әулет ішіндегі билік үшін талас-тартыстың алдын алды, — дейді ол.

Тарихшының түсіндіруінше, бұл жүйе моңғолдардағы мұрагерлік дәстүрден түбегейлі өзгеше болған. Моңғолдарда билік әкеден балаға, баладан немереге тікелей өтіп отырған. Алайда Дешті Қыпшақ даласына келген Шыңғыс ханның ұрпақтары жергілікті ортаға бейімделуге мәжбүр болды.

— Қазіргі Моңғолия жерінен келген Шыңғыс ұрпақтары мәдениеті мен дәстүрі әлдеқайда дамыған жергілікті қыпшақ тайпаларының ықпалына түсті. Олар қыпшақ тілінде сөйледі, исламды қабылдады, ең бастысы — билікті мұраландыруда түркілік жолды ұстануға мәжбүр болды, — дейді Еділ Ноянов.

Фото Еділ Нояновтың жеке архивінен

Қазақ хандығындағы тақ сабақтастығы

Бұл үрдіс Қазақ хандығының алғашқы кезеңінен-ақ байқалады. Алғашқы хан Керей қайтыс болғаннан кейін билік оның баласына емес, хандықты бірге құрған немере туысы Жәнібекке өтті. Кейін Жәнібектен соң хан тағына Керейдің ұлы Бұрындық отырды. Бұрындықтан кейін ғана Жәнібектің ұлы Қасым хан билікке келді.

Тарихшының айтуына қарағанда, мұндағы басты өлшем — жасы, жолы, әулет ішіндегі орны. Сондықтан билік әрдайым тікелей әкеден балаға өте бермеген.

Алайда Қасым ханнан кейін бұл дәстүр бұзылды. Билік оның баласы Мамашқа тікелей көшті. Бұл қадам Қазақ хандығында саяси дағдарыстың басталуына себеп болды.

— Қасымнан кейін билікті мұралану жолы бұзылды. Мамаш хан болған тұста Қазақ хандығының уақытша әлсіреу кезеңі басталды. Тарихта 1521-1538 жылдар аралығы дәл осындай кезең ретінде сипатталады. Мамаш хан ұзақ билік ете алмады. Одан кейін хан тағына Қасымның емес, оның ағасы Әдіктің ұлы Тақыр отырды. Тақыр ханнан кейін Қасым ханның інісі — Жәнібектің кенже баласы Әдіктің ұлдары Қожа-Ахмет (1526-1535), Тоғым (1526-1538) хандар билік құрды. Бұл ішкі қайшылықтарды күшейтті, — дейді Еділ Ноянов.

Мұралану тәртібінің бұзылуы және оның салдары

Ассистент-профессордың сөзінше, Қазақ хандығында тақтың мұралану тәртібінің бұзылуы бірнеше рет ауыр салдарға әкелген. 1538-1580 жылдар аралығы Қасым ханның ұлы — Хақназардың билік етуімен, Қазақ хандығының «қайта өрлеу» кезеңімен белгілі.

1580-1582 жылдары Жәдіктің ұлы Шығай, 1582-1598 жылдары Шығайдың ұлы Тәуекел билік етіп, қазақ халқының этникалық аумағының бірігу кезеңі мен қазақ халқының қалыптасу үрдісі толық аяқталды.

— Ал Тәуке хан қайтыс болғаннан кейін оның баласы Қайып, артынша тағы бір баласы Болаттың билік етуі хандықта бытыраңқылықтың басталуымен және осы жүйенің шайқалуымен тікелей байланысты. Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама сияқты қасіретті кезеңдер — соның салдары, — дейді ол.

Тарихшы бұл дәстүрдің әлеуметтік мәні қазақтың күнделікті тұрмысынан да байқалатынын мысал ретінде келтірді.

Коллаж: Kazinform/ Canva

— Мысалы, 30 жаста болсаңыз да, әкеңіздің ағасының 18 жастағы баласы қара шаңыраққа келгенде сізден бұрын атасының құрметін немесе сыйын алуы мүмкін. Қазақ мұны «жолы үлкен» деп түсіндіреді. Бұл — дала заңы, — дейді тарихшы.

Еділ Нояновтың пікірінше, Шыңғыс ұрпақтарының XIII ғасырдан XIX ғасырдың алғашқы ширегіне дейін, яғни 1822 жылы Орта жүзде, 1824 жылы Кіші жүзде хандық билік жойылғанға дейін тақта отыруы — осы бейімделудің нәтижесі.

— Олар билікті сақтап қалу үшін түркілік басқару жүйесін қабылдады. Сондықтан қазақ хандарының өз баласын емес, басқа сұлтанды мұрагер етуі — тарихи заңдылық, — деп түйіндеді ол.

Еске салайық, бұған дейін Қазақ хандығында салық қалай жиналғаны туралы жазғанбыз. Тарих ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің доценті Эльмира Телеуованың айтуынша, хандықтағы салық жүйесі көшпелі мал шаруашылығы мен жартылай отырықшы егіншілікке тікелей бейімделген.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:141
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 31 Қаңтар 2026 14:29
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see169

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see164

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see160

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see160

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see144

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see131

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see125

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see125

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see124

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see121

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see119

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see118

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see114

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see110

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see109

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see108

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see107

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see107

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see106

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары