Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

XV ғасыр неге қазақ тарихында ерекше із қалдырды

XV ғасыр неге қазақ тарихында ерекше із қалдырды

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Бетбұрыс па, жаңа дәуір ме

Көп еңбекте «Қазақ хандығының құрылуы — бетбұрыс кезең» деп жазылады. Алайда Берекет Кәрібаев мұнымен келіспейді.

Оның айтуына қарағанда, кейбір тарихи даталар бүкіл бір халықтың тағдырын өзгертеді.

Сондай оқиғаның бірі — Қазақ хандығының құрылуы. Бұл жай «бетбұрыс» емес, тұтас жаңа дәуірдің басталуы еді.

— Бетбұрыс — бір істің, жағдайдың не бағыттың бұрынғысынан өзгеше жаңа арнаға ауысуы. Мысалы, XVIII ғасырда Әбілқайыр ханның Ресейге бодан болуы — нағыз саяси бетбұрыс. Ал XV ғасырдың ортасынан бастап қазақ халқы өз тарих сахнасына дербес этнос пен біртұтас мемлекет ретінде шықты. Бұған дейінгі кезең — қазақ халқының этникалық қалыптасуына алғышарт болған ұзақ үдерістер, — дейді профессор.

Фото: Мейірман Лес / Kazinform

Әбілқайыр хандығындағы саяси дағдарыс және биліктің әлсіреуі

Қазақ хандығының құрылуының алғышарттарын түсіну үшін сол дәуірдегі жағдайға көз жүгірту қажет.

XV ғасырдың басындағы Дешті Қыпшақ аумағында Ақ Орда мемлекеті болды. Бұл мемлекеттің соңғы ханы — Жәнібек сұлтанның әкесі Барақ.

Кәрібаевтың айтуынша, ол қаталдығымен, шешімді жалғыз өзі қабылдайтын мінезімен белгілі болған. Оны «бураға» теңегені туралы деректер де бар.

— 1428 жылы Барақ өлгеннен кейін ру-тайпа көсемдері оның ұлдарын емес, небәрі 16 жастағы Шайбан ұрпағы Әбілқайырды таққа отырғызады. Бұл таңдаудың өзі бұрынғы «Шыңғыс әулетінің дара билігі» қағидасының әлсірегенін көрсетті. Ханның кім болатынын енді тек әулет емес, ру басылары шешетін жағдай қалыптасты, — дейді ол.

Әбілқайыр алғашында осы ру көсемдерінің қолдауымен Батыс Қазақстандағы Шайбани ұлыстарын біріктірді. Чинги-Тураны өзіне қаратты. Үргенішке жорық жасады. 1446 жылы Сырдарияның орта ағысын түгелдей бағындырды.

Алайда билігі күшейген сайын ол Шыңғыс хан дәстүріне сүйеніп, жеке дара билік жүргізуге тырысты. Бұл бұрынғы қыпшақ ортақтығы қағидаларына сай келмеді және ру-тайпа басыларының наразылығын күшейтті.

Тарихшы наразылықтың айқын дәлеліне бір мысал келтірді.

— 1428 жылы Әбілқайырды 71 ру қолдаса, 1457 жылы ойраттармен соғыс алдында тек 17 ру әскер берді. Қалғаны ханға, оның билігіне қарсы болды. Әбілқайыр хан басқарған ру-тайпалар тарихта «көшпелі өзбектер» деп аталды. Оның құрамында 92 ру болған. Алайда ішкі саяси тұрақсыздық соңында бөліністерге себеп болды, — деді ғылым докторы.

Қобыланды — Ақжол оқиғасы: Керей мен Жәнібектің бөлінуі

Кәрібаевтың пайымдауынша, Әбілқайырдың әділетсіздігіне халықтың көзі әбден жеткен тұс — Қобыланды батырдың арғын биі Ақжолды өлтіруі. Оның сөзінше, бұл оқиға шешуші рөл атқарды.

— Арғын тайпасы «қанға қан» деген талап қойды. Алайда Әбілқайыр Қобыландыны ұстап берсе, қыпшақтар көтерілетінін білді. Сондықтан басқа адамдарды жазалаумен шектелді. Бұл ру басыларының ашуын туғызды. Сол кезде Керей мен Жәнібек «Әбілқайыр әділ билік жүргізе алмайды» деп есептеп, өздеріне қарасты руларымен бірге бөлініп кетті. Бұл — хандық ішіндегі соңғы ірі бөлініс болды, — дейді тарихшы.

Фото: Midjourney

Оған дейін шамамен 1450 жылы маңғыттар бөлініп кетті. 1457 жылы Шайбан әулетінің өз ішінде Береке сұлтан өзінің әкесін хан көтеріп, ұлыс екіге жарылды.

— Осының бәрі хандықтың іргесін шайқалтты. Белгісіздік пен дау-дамай күшейді. Қазақ хандығының пайда болуы — тосын шешім емес, ішкі дағдарыстан туған тарихи қадам, — дейді ол.

Берекет Кәрібаев ғалым Тұрсын Сұлтановтың «Қазақ хандығының құрылуы — этникалық (қазақ халқының қалыптасуы) және саяси (хандықтың пайда болуы) үдерістердің бір уақытта жүріп, бірін-бірі аяқтаған тарихи құбылыс» дейтін тұжырымын құптайды.

Академиктің айтуынша, XV ғасыр — қазақтың тарихи сахнасына ұлт, халық, мемлекет ретінде шыққан кезі.

Бұл дәуір тек саяси құрылымның өзгеруі емес, бүкіл этникалық даму жолының аяқталуы.

Еске салайық, бұған дейін тарихшы қазақ-жоңғар соғысы не себепті бірнеше ғасырға созылғанын түсіндіріп берген еді.

Ал оның алдында Қазақ мемлекетінің ішкі және сыртқы саяси қарым-қатынасын реттеген алғашқы жүйелі құқықтық құжат — «Қасым ханның қасқа жолы» туралы жазғанбыз. 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:181
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Қараша 2025 21:18
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see144

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see137

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see135

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see133

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see133

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see132

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see132

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see131

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see130

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see129

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see129

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see128

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see125

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see123

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see118

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see118

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see117

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see115

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see113

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары