Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Nvidia алғаш рет 5 триллион долларлық компания атанды

Nvidia алғаш рет 5 триллион долларлық компания атанды

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Бұл көрсеткішке компания небәрі үш ай бұрын 4 триллиондық межені еңсергеннен кейін қол жеткізді.

Бұл жетістік жасанды интеллект технологияларына деген жаһандық қызығушылықтың қаншалықты ірі бетбұрысқа айналғанын тағы да дәлелдеді. Сарапшылар мұны соңғы 18 жылдағы, яғни Apple компаниясының негізін қалаушы Стив Джобс алғашқы iPhone-ды таныстырған сәттен бергі ең ауқымды технологиялық серпіліс деп санайды.

Алайда сарапшылар мен реттеуші органдар нарықтың шамадан тыс қызып кету қаупіне де назар аударып отыр. Англия банкі мен Халықаралық валюта қорының өкілдері технологиялық акциялардың жасанды интеллектке деген жоғары сұраныс әсерінен шамадан тыс қымбаттауы мүмкін екенін ескертті.

Компания акцияларының құны 2023 жылдың басынан бері бірнеше есеге өсті. Nvidia акциялары сәрсенбі күні $207,04 бағамында жабылды, ал айналымдағы акциялар саны 24,3 миллиардты құрады. Осылайша, компанияның нарықтық құны 5,03 триллион доллар деңгейіне жетті.

- Салыстыратын болсақ, бұл көрсеткіш Үндістан, Жапония және Ұлыбританияның ішкі жалпы өнімінен жоғары, - деп хабарлайды ХВҚ.

Nvidia өз чиптерін бастапқыда бейнеойындарға арналған графикалық процессорлардан ChatGPT сияқты қуатты жасанды интеллект жүйелерін оқытуға бейімдеп, технологиялық нарықтағы көшбасшы позициясын нығайтты. Чат-боттар мен генеративті ЖИ шешімдеріне деген сұраныстың күрт артуы компанияға ерекше серпін берді.

Компания бас директоры Дженсен Хуанг ЖИ нарығындағы күрт қызығушылықтың уақытша құбылыс емес екенін атап өтті. Оның айтуынша, бірнеше жыл бұрын тек қызығушылық тудырған чат-боттар бүгінде нақты пайда әкелетін құралға айналды.

Осы аптада Хуанг Оңтүстік Кореяда өтетін Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастық саммитіне (APEC) қатысуға жолға шықты. Форум аясында АҚШ, Қытай және Жапония лидерлерінің қатысуымен маңызды келіссөздер өтеді деп күтілуде.

Бұған дейін Nvidia бірнеше ірі жобаны жариялаған болатын:

Uber компаниясымен роботакси саласында әріптестік орнатты;

Nokia-ға 1 млрд доллар инвестиция салып, 6G технологиясын дамыту бойынша ынтымақтаса бастады;

АҚШ Энергетика министрлігімен бірлесіп, жеті жаңа жасанды интеллект суперкомпьютерін салу жоспарын қолға алды;

OpenAI-мен 100 млрд долларлық серіктестікке қол қойды, бұл жобаның аясында Nvidia AI дата-орталықтарының қуаты 10 гигаваттқа дейін артады.

Сонымен қатар, компания Қытай нарығына арналған жаңа чип әзірлеу мүмкіндігін Дональд Трамп әкімшілігімен талқылап жатыр.

Осылайша, Nvidia-ның 5 триллион долларлық межені бағындыруы жасанды интеллект дәуірінің экономикалық келбетін түбегейлі өзгертетін тарихи кезең ретінде бағаланып отыр.

Бұған дейін Nvidia 4,5 трлн долларлық нарықтық құны бар тұңғыш компания болғаны жарияланған.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:195
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Қазан 2025 20:12
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары