Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жылап, жатып қалдым : Айнұр Тұрсынбаева күйзеліске түскен кезін еске алды

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Уақытпен үндескен ұрпақ

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Цифрлық дәуірдегі дала

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Ол жай ғана батпырауық қуған бала...

Ол жай ғана батпырауық қуған бала...

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Осындай сұраулы оймен көк­тем­нің жаңбырлы күндерінің бі­рін­де серуендеп келе жатып, ко­фе­ханаға кірдім. Кофем дайын бол­ғанша кітап сөресіндегі кітап­тар­ды қарап шығайын дедім, ара­сынан қоңыр түсті кітап бірден көз­ге түсті.  Маралтай Райым­бе­к­ұлы­ның кейінгі жарық көрген «Ақ батпырауық» атты жыр кітабы екен. Шынымды айтсам, бұл кітап мұнда қайдан жүр екен деп таңғал­дым. Кофехана сөрелерінен кө­біне психологиялық кітаптарды кө­ріп үйреніп қалғаннан болар… 

Қоңыр мұқабалы «Ақ бат­пы­рауықты» парақтап отырып, са­на­дағы кей сұрақтарға жауап тап­қан­дай болдым. Шынында да біз ке­рексіз дүниелерден шаршаған, ай­қай-шудан тыныштық іздеген жанымызды немен қорғап жүрміз осы? 

Басқаны білмеймін, өз ба­сым тыныштықты поэзия­дан табамын. Рас. Сенбесеңіз оқып көріңіз. Өлең бізді шын­дық­тан алыстатпайды, керісінше сол шындыққа жақындатады, өмірдің өзін, ғаламның ғажайыптарын, та­биғаттың нәзік те сұлу бояу­ла­рын көре білуді үйретеді емес пе?! 

Кітапты оқып отырып, Ма­рал­тай ағаны алғаш көрген кезім ес­ке түсті. Ол 2019 жылдың күзін­де Қарағандыда өткен С.Сей­фул­линнің 125 жылдығына арналған рес­публикалық жас ақын-жазу­шы­лардың форумында еді. Оған дейін өлеңінен бұрын атын көп естуші едім. Тіпті ол жөніндегі жа­ғымсыз пікірлерді де… Содан кейін де арнайы барып таныс­қа­ным жоқ. Араға жылдар салып та­ғы көрдім. Алматыда. Бұл жолы өзі келіп танысты. Кейін араласа ке­ле әркімнің өз шындығы бола­ты­нын түсіндім. Ел жиі айтатын жындылығы тырнақшаның ішін­дегі жындылық екен… 

Ақындар әртүрлі болады ғой, бір­ақ барлық ақынның бойында өзгелер түсіне бермейтін не тү­сіну­ге тырыспайтын бір еркелік, ер­кіндік болады емес пе.  Сол ер­келік пен еркіндікті Маралтай аға­мыздың болмысынан бай­қай­мыз… Бірақ ол мағынасыз, ессіз ер­келік емес, тереңдік пен биік­тік­тің өлшеміндегі еркелік. Содан да болар, өлең аспанына «Ақ бат­­пырауығын» ұшырып жүргені. Ешкімнің еркелігін көтермейтін ғасырда балалығың мен дара­лы­ғыңды жоғалтып алмай күн ке­шу де оңай емес болар. Балалығын жо­ғалтпаған ақындар – ең бақыт­ты ақындар. 

Маралтай Райымбекұлының бозбала күнінде-ақ қолтаңбасын қа­лыптастырып, аты аңызға ай­нал­ғаны жөнінде жастық шағына куәгер, замандас інілерінен көп ес­тиміз. Сол уақытта қолына қа­лам ұстаған талай жас ақынның  ар­манын оятып, кеудесіндегі нә­зік үміттің  жарығын жаққан да Ма­ралтай ағамыз екен...

Осылай ой кешіп отыр­ғаным­да, кофем де дайын болды. Тере­зе­дегі жаңбыр тамшылары мен нә­зік те баяу әуеннің әсерімен Ма­ралтай ақынның ішкі әлеміне үңілдірген кітаптың келесі бет­терін парақтай бастадым. Ондағы өзіме ұнаған өлеңдері жөнінде де сөз қозғай кетейін. 

Бұл жинақтағы жырларда күр­деліліктен гөрі қазақы болмысқа тән табиғилық басым. Қара­пайым­­дылығы мен шынайылығы қатар сезілетін жырлардан ылғи да өзін іздеген адамның бейнесін көресің. Бірақ ол өзінің ешқайда жоғалып кетпегеніне өзі сенбейді. Бәлкім, жоғалмағанына көз жет­кізу үшін де іздейтін болар. «Мен» атты өлеңінде: 

Менің менім қайда кетті, 

                        кім көрді?

Жалғыз кезіп жүрер 

                        болдым түндерді.

Естір болдым естілмейтін үндерді,

Теріп жүрем 

                көрінбейтін гүлдерді… – дейді. Ақынның экзистенциялық күйін айқын сездіретін бұл өлең са­налы адамның жан-дүниесін алай-дүлей етпей қоймайтыны анық. Әлбетте, ең ұлы сапар –  адам­ның өзін іздеу жолындағы са­пары. Бірақ өзіңді тапқанда не өзгереді? Таппасаң ше? Бағыт-бағ­дары белгісіз шөл далада жал­ғыз өзі адасқан адамды елестетіп көріңізші. Өзімнің көз алдыма осын­дай көрініс келді. Бағдар жоқ жер­де адам өз ішкі дауысына  сүйе­неді. Ал ол дауыс алдауы да мүм­кін ғой. Әрі қарай айту қорқы­нышты сияқты…

Сұлтан Раевтың «Жанжаза» ро­манында да бас кейіпкерлер өз шындығын іздеп өздері қайда екенін білмейтін Киелі мекенге жол­ға шығады, сол шындық өз іш­терінде екенін аңғармайды. Шын­дық деп отырғанымыз кірле­ме­ген, күнәдан пәк өз Жандары еді. Сол жетеудің жаны оны кеш тү­сінгендіктен де азапқа түседі, жанын кірлетіп алғаны үшін жа­заланып жатады. Ал Маралтай Райымбекұлы бұл өлеңде нені із­деп жүргенін біледі. Өзінің бас­тап­қы болмысынан айырылып қал­мау жолындағы ізденісі деп тү­сіндім. Бірінде – шындықты із­деу жолы, екіншісінде – жоғал­тудың қорқынышы. Бірақ екеуінің де түпкі сұрағы бір емес пе. Адам өзін таба ала ма?

«Мен» былай қорытын­дыла­нады: 

Менің менім менен бұрын өлген бе?

Менің менім менен бұрын кел­ген бе?

Мені біреу менен бұрын көмген бе,

Соны білмей, ғазиз жаным шерменде…

Кейде осындай жауабы жоқ сұрақтар жауабының жоқтығымен маңызды сияқты көрінеді. Тағы да Сұлтан Раевтың «Мен дүниені де, адамды да танып білдім деген күні өз жаназаңды өзің оқисың» деген сөзі еске түседі…

Адамның өзін іздегені – Құ­дай­ды іздегені. Ал Құдайды іздеу сапары ешқашан аяқталмайды. Бір қызығы, бұл ұзақ сапар шексіз бола тұра, нүктесі белгісіз бола тұ­ра жолаушысын шаршатқан емес. Алайда санамыз догмаға бай­ланған күні бұл ізденіс ма­ғы­насыздыққа, мәнсіздікке айна­ла­ды. 

«Қорқынышты уақыт» өлеңін­дегі жолаушының көкірегінде де мәңгіліктің сауалы жатыр.

Ақылым жетпей, 

                        түнгі ойға бойладым,

Құдай да мендей ақын 

                       шығар деп ойладым.

Құдайдың барын, 

Құдайдың жоғын білмей-ақ,

Құлдыраң қағып, 

                      құлыншақ болып ойнадым.

Санасы ешбір стандарттарға сый­майтын ақындардың таны­мын­дағы Құдай да догмаға сый­май­тын шексіздік. Ал дүниеге кел­ген күнімізден өзімізбен бірге жа­сап келе жатқан сенім мен кү­мәннің қатар жүруі – заңдылық. «Құдай да мендей ақын шығар»  деп ойланудың өзі кездейсоқтық емес. Бүкіл дүниенің Бас ақыны Құдайдың өзі емес пе?!

Меніңше, «Құдайдың барын, Құ­дайдың жоғын білмей-ақ» ғұ­мыр кешу ешқандай да қор­қы­ныш­ты емес. Бұл адам болмы­сы­ның о бастағы еркіндігі, та­би­­ғилығы, шы­найылығы. Ал шынайылық бар жерде шындық та бар. Бұл өлең­нің нүктесі жоқ, демек нүкте қойылмаған жерде ақынның ру­хани ізденісі де тоқтамайды. 

Лирикалық кейіпкердің ішкі ар­палысына толы «Айғай» атты өлеңін­де 

«Мен кейде айқайлаймын 

                                    көкке қарап,

Адамға берілген бе текке қанат?» – деп  әлемге сұраулы ой тасталады. Қара­пайым ғана көрінгенімен, салмағын сезінген санаға оңай сұ­рақ емес.  Адам баласы Арының ал­дындағы жауапкершілігін сезіне алмаса, ол да бір қасірет емес пе?! Арманына адал бола алмаса онда ол «қанаттың» не керегі бар? Бұл «айқайдың» жаңғырығы алысқа естіліп, қанаты әлсірей бастаған адамды құтқаруға тиіс…

Ал жинақтың тақырыбына ар­қау болған «Ақ батпырауық» өлеңінде былай дейді: 

Көзімді тарс жұмсам – 

                                  тұрады бір бала,

Тұрады бір бала тұнжырап мұңдана.

Шет қалған жасынан 

                           ойынға, сауыққа,

Арманын байлаған ақ батпырауыққа. 

Балалар ешқашан ақылсыз болған емес. Олардың әле­мі үлкендердікінен екі есе бай, үш есе таза. Өйткені олар дүниеге есеп көзімен қарамайды, атақ пен ман­саптың не екенін де білмейді. Олар шын жақсы көре алады, сене алады, армандай алады. Ақ бат­пы­рауығы бар бала да сондай. 

Бұл өлең Антуан де Сент-Эк­зю­перидің «Кішкентай хан­за­дасын» еске түсірді. Шығар­ма­сын­да Сент-Экзюпери былай дей­ді: 

«Үлкендер де кезінде кіш­кен­тай бала болған, бірақ көбі бұл ту­ралы ұмытып кеткен». 

Ал Маралтай Райымбекұлы: 

Таныдым мен оны, таныды ол-дағы,

Таныс қой біздерге 

                             тағдырдың жолдары…

Төгіліп, ортайып, 

                              кенеттен толамын,

Сол бала болмаса, мен 

                             қайдан боламын?! – дейді. 

Иә, сол бала болмаса, сол бала үл­­біреген арманын ақ батпы­рауық­­қа байламаса, бұл күнгі Маралтай Райымбекұлы болар ма еді? «Батпырауығы» болмаса кім бо­лар еді?..

«Батпырауық балаға ғана қа­дірлі. Кітаптың аты неліктен «Ақ батпырауық?» – деп ойланатын шы­ғарсыз. Бәлкім, ол бейсаналы түрде көктен келген ой шығар. Не болса да бекер емес. Менің жүре­гім­дегі Маралтай аға, сіздер айта­тын Кентавр ақын мен үшін жай ғана батпырауық қуған бала. 

Кітап парақ­та­рын «парасат­тан ма­­хаббатқа» ауыс­тырдым. Ол да жү­регі бар адам үшін оңай та­қы­рып емес, әри­не. Марал­тай аға­ның ғашық көңі­лінен ту­ған өлең­де­рі де жүрек­ке салмақ тү­сір­мей қой­­май­ды. Марина Цве­таеваның «Ма­хаб­бат кедейлік пен тіс ауруы­нан бас­қасының бәрін жеңе­ді» деген сөзі бар. Адамдар­дың бір-біріне де­ген, әлемге де­ген суықтығынан суықтығынан жау­раған Әлем­ді, өмір майданын­да жара­ланған Се­німді Махаббат құт­қарады. 

Сүю жырлары талдау үшін емес, сезіну үшін жазылатын бо­лар. Әрине, қателесем. Айтылмай қалған сөзді әдебиетшілерге қал­ды­райық. Ал менің өлең оқыған­нан кейінгі романтикалы көңіл күйі­ме кофе иісі мен терезедегі жаң­быр тамшылары көрік беріп тұр. Өзімнің де батпырауық қуғым ке­ліп тұрғаны…

Арайлым Мұраталиева,

ақын, Жазушылар Одағының мүшесі

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:83
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Тамыз 2026 08:38
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жылап, жатып қалдым : Айнұр Тұрсынбаева күйзеліске түскен кезін еске алды

18 Қыркүйек 2026 21:42see154

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see151

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see143

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see140

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see138

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see138

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see137

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

19 Қыркүйек 2026 00:23see136

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see133

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see129

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see129

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see127

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see123

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see123

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see117

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see114

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see114

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see114

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see113

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары