Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

Елімізде заңсыз су саудасы мен қара нарыққа қарсы анонимді шағым қабылдау басталды

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

Жаһандық үндестікке бастар жол

Әріп танымайды : Оралда 10 жастағы бала қоқыс алаңында өмір сүрген

Жалақы 300 мың, пәтер 100 миллион: салық қызметі не сұрайды

Астанада автотұрақта бес көлік өртеніп кетті

Қазақстан мен Оман бірлескен мәлімдеме жасады

Варшавада сарапшы Қазақстанның азаптауға қарсы тәжірибесіне тоқталды

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысым жасалып жатқанын мәлімдеді

Олжас Бектенов Аризона университетінің президенті Суреш Гаримелламен кездесті

Олжас Бектенов Аризона университетінің президенті Суреш Гаримелламен кездесті

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Аризона университетінің президенті, доктор Суреш Гаримелламен білім беру саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, Қазақстан үшін басым салалар бойынша бірлескен академиялық бағдарламаларды, ғылыми-зерттеулер мен технологиялар трансферін кеңейту перспективалары қаралды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Аризона университеті еліміздің ғылыми-білім беру әлеуетін нығайтуға бағытталған жүйелі жұмыс аясында білім беру саласындағы ынтымақтастық орнатылған алғашқы шетелдік жоғары оқу орындарының бірі болды. Бүгінде  М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті мен Аризона университеті арасында стратегиялық әріптестік орнаған. Бірлескен бағдарламалар бойынша 1,2 мыңнан астам студент оқиды. Биыл алғашқы түлектер оқуын аяқтайды.

«Қазақстанның жаңа Конституциясы білім, ғылым және инновацияны мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағыттары ретінде айқындайды. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев адами капиталды дамытуды еліміздің басты басымдықтарының бірі ретінде белгіледі. Біз үздік халықаралық тәжірибелерді енгізіп, ғылыми-зерттеу ынтымақтастығын кеңейте отырып, өңірлік академиялық және зерттеу хабын қалыптастыратын боламыз», – деп атап өтті Олжас Бектенов.

Аризона университетінің президенті Суреш Гаримелла Қозыбаев университетімен ынтымақтастықта қолға алынған пилоттық жобаның сәтті жүзеге асырылғанын атап өтті. Бірлескен бағдарламадағы басымдықтардың бірі – ғылыми-зерттеулерді дамыту екенін айтты.

«Біз білім берудегі ынтымақтастық моделін Қозыбаев университетінде қолдандық, сол арқылы студенттердің көп санын қамти отырып, сіздің елдегі басқа да жоғары оқу орындарында кеңінен таратуға болатынын дәлелдедік. Өзіміз үшін үш негізгі басымдықты таңдадық, олар – студенттердің жетістігі, ғылыми-зерттеулер және қоғамға қызмет ету мен жергілікті қауымдастықтардың дамуы. Осы басымдықтардың әрқайсысы Қозыбаев университетінде шетелде оқу, қатысу, білім беру және басқа да бағыттар арқылы жүзеге асырылады», – деп атап өтті Суреш Гаримелла.

Кездесу барысында ғылыми-зерттеу кооперациясына назар аударылды. Қозыбаев университеті мен Аризона университеті су ресурстары, агрогеномика, биоинформатика, күкірт өңдеу, жасанды интеллект, цифрлық денсаулық сақтау және инклюзивті білім беру салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асыруда.

Жобалардың бірі Солтүстік Қазақстан облысының су ресурстарына мониторинг жүргізуге, тазартуға және ұтымды пайдалануға бағытталған. Ауыл шаруашылығы дақылдарының геномдық селекциясы және Қазақстанның бірегей жануарлары мен өсімдіктерінің, оның ішінде Каспий итбалығы мен Грейг қызғалдағының генофондын сақтау бағытында бірлескен ғылыми-зерттеулер жүргізілуде. Күкіртті қайта өңдеу технологияларын әзірлеу және қосылған құны жоғары өнімдерді – жоғары технологиялық материалдар, тыңайтқыштар мен сорбенттерді шығару бойынша жоба жүзеге асырылуда.

Кездесу қорытындысы бойынша ынтымақтастықты одан әрі дамытудың және кадрлар даярлау сапасын арттырудың маңызын атап өтілді.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:167
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Шілде 2026 18:28
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see144

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see138

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see137

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see136

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see134

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see131

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see130

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see127

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

07 Қазан 2026 05:13see126

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

06 Қазан 2026 19:07see123

Елімізде заңсыз су саудасы мен қара нарыққа қарсы анонимді шағым қабылдау басталды

06 Қазан 2026 07:56see123

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

06 Қазан 2026 21:25see121

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

08 Қазан 2026 00:30see118

Жаһандық үндестікке бастар жол

06 Қазан 2026 06:32see118

Әріп танымайды : Оралда 10 жастағы бала қоқыс алаңында өмір сүрген

06 Қазан 2026 14:21see117

Жалақы 300 мың, пәтер 100 миллион: салық қызметі не сұрайды

06 Қазан 2026 11:13see117

Астанада автотұрақта бес көлік өртеніп кетті

06 Қазан 2026 09:24see115

Қазақстан мен Оман бірлескен мәлімдеме жасады

06 Қазан 2026 15:01see114

Варшавада сарапшы Қазақстанның азаптауға қарсы тәжірибесіне тоқталды

06 Қазан 2026 15:43see114

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысым жасалып жатқанын мәлімдеді

06 Қазан 2026 21:25see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары