Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Олжас Бектенов Қытайдың ірі компанияларының басшыларымен кездесті

Олжас Бектенов Қытайдың ірі компанияларының басшыларымен кездесті

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Фото: primeminister.kz

Қазақстан үшін басым салаларда – АӨК, өнеркәсіп, көмір химиясы, автомобиль жасау және дата-орталықтар құру тұрғысында жаңа шетелдік жобаларды іске қосу перспективаларына назар аударылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қойған міндеттер шеңберінде шетел инвестицияларын тарту, өндірістерді локализациялау және технологиялар трансфертінің мүмкіндіктері қаралды.

Yulin Irrigation компаниясының бас директоры Ци Юбомен кездесуде Қазақстанда заманауи ирригациялық технологияларды енгізу мәселелері талқыланды, оның ішінде Қызылорда облысында ирригациялық жабдықтарды құрастыру жобасы да бар. Су ресурстарын ұтымды пайдалану және ирригациялық инфрақұрылымды дамыту – Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі. Еліміз заманауи суару технологияларын енгізу арқылы аграрлық сектордың өнімділігін арттыруға мүдделі. Yulin Irrigation – қазіргі заманғы суару жүйелерін әзірлеуге, өндіруге, енгізуге және сервистік қолдауға маманданған ҚХР-дағы ирригациялық жабдықтарды жетекші өндірушілердің бірі.

Қытай Қазақстанның су мамандарын оқытуды жалғастырады

Xiamen Wanli Stone директорлар кеңесінің төрағасы Ху Цзиньпэймен көмір химиясы, металлургия және минералды шикізатты терең өңдеудегі ынтымақтастық перспективалары қарастырылды. Жобада көмірді жартылай кокс, сутегі және жоғары сапалы мұнай өнімдеріне айналдыратын, сондай-ақ молибден, германий және рений сияқты сирек металдарды терең өңдейтін қосылған құны жоғары «көмір – электр энергиясы – химия – металлургия» интеграцияланған тізбегін құру көзделген.

SuperX AI Technology Limited директорлар кеңесінің төрағасы әрі CEO Хуан Чэньхунмен Қазақстанда заманауи деректер орталықтарын құру жоспары талқыланды.

Компания ЖИ-инфрақұрылымдарға және жоғары тығыздықтағы деректерді өңдеу орталықтарына арналған шешімдерді дамытумен айналысады әрі Қазақстанда 2026-2029 жылдары кезең-кезеңімен іске қосылатын, қуаты 1 ГВт-қа дейін жететін AI Data Center кластерін құруға мүдделі. ЖИ-кампус салу, энергиямен жабдықтауды және цифрлық инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ деректерді өңдеу орталықтары үшін серверлік жабдықтар мен технологиялық шешімдерді жеткізіп беру көзделіп отыр.

Экономиканың барлық секторларына жасанды интеллектіні енгізу және цифрландыру Қазақстан үшін стратегиялық маңызға ие. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша 2026 жыл Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланды. Сондай-ақ Президенттің Жарлығымен еліміздің технологиялық дамуының жаңа басымдықтарын айқындайтын 2029 жылға дейінгі «Цифрлық Қазақстан» жалпыұлттық стратегиясы бекітілді. Кездесу қорытындысы бойынша Премьер-министр ұсынысты егжей-тегжейлі зерделеу және инвестормен өзара іс-қимылды үйлестіру үшін жұмыс тобын құруды тапсырды.

Jinyi Holding Group директорлар кеңесінің төрағасы Цзинь Пэнмен арнайы индустриалды аймақ құру және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері қаралды. Холдинг өнеркәсіптік инвестициялар, логистика және жаңа энергетика саласында жұмыс істейді. Jinyi Holding Group Қазақстанда екі инвестициялық жобаны жүзеге асырып жатыр, олар  – Ақтөбедегі «жасыл» мыс өнеркәсібі зауыты және Батыс Қазақстан облысындағы индустриялық-логистикалық хаб.

Қытай Қазақстанға 27 млрд доллар инвестиция құйды

Ақтөбе облысында шетелдік өндірушілерді жедел локализациялау үшін дайын инженерлік инфрақұрылымы бар ірі индустриялық-логистикалық паркін құру бастамасы бөлек талқыланды. Терең өңдеуді және өнеркәсіптік кооперацияны дамытуға ықпал ететін жоғары қосылған құны бар дайын өнімді шығаруға бағытталған өндіріске баса назар аударылды.

Guangzhou Automobile Group директорлар кеңесінің төрағасы Фэн Синьямен кездесуге Қазақстанда автомобиль өндірісін локализациялау перспективалары арқау болды. GAC компаниясы – Fortune Global 500 рейтингіне кіретін Қытайдың ірі автомобиль өндірушісі. 

Жобаны жүзеге асыру GAC автомобильдерін Қазақстан нарығына дистрибуциялаудан жергілікті өндіріске көшуге мүмкіндік береді. 2026-2028 жылдары іштен жану қозғалтқыштары мен гибридті күштік қондырғылары бар модельдерді қоса алғанда, 17 мың машина шығару жоспарланып отыр.

Қазақстан үшін аккумуляторлық батареялар мен энергия жинақтау жүйелерінің жаңа технологиялық өндірісін құру мүмкіндіктері CATL компаниясының негізін қалаушы және директорлар кеңесінің төрағасы Цэн Юйцюнмен талқыланды. 

Шикізатты қайта өңдеуден бастап дайын аккумуляторларды, энергияны сақтау жүйелерін шығаруға, сондай-ақ пайдаланылған батареяларды кәдеге жаратуға дейін қосылған құны жоғары бірлескен жобаларды жүзеге асыру перспективалары қаралды. CATL – электромобильдер мен энергияны сақтау жүйелеріне арналған әлемдегі ең ірі аккумулятор өндірушісі, ол тартқыш аккумуляторлар нарығында 39,2% жаһандық үлесті алады.

CISDI Engineering вице-президенті Юн Люмен кездесуде отандық металлургияны технологиялық жаңғырту және озық инженерлік шешімдерді енгізу мәселелері талқыланды. Қазақстанның металлургиялық әлеуетін нығайтудағы маңызды қадам болатын шойынды артық күкірттен арылту жөніндегі жобаны сапалы әрі уақтылы жүзеге асыруға ерекше назар аударылды. Тараптар сондай-ақ CISDI Engineering компаниясының елімізде жаңа құю-жаймалау кешенін салуға инжинирингтік әріптес ретінде қатысу мүмкіндігін қарастырды. Компания – металлургиялық инжиниринг, ауқымды металлургиялық нысандарды кешенді жобалау және жүзеге асыру саласындағы мойындалған әлемдік көшбасшылардың бірі.

Бизнеспен кездесулер қорытындысында Олжас Бектенов Қазақстан ұзақ уақыт жұмыс істеуге, өндірісті локализациялауға, технологиялар трансферті мен қосылған құны жоғары өнім шығаруға бағдарланған инвесторлар үшін ашық екенін атап өтті. Премьер-министр Қазақстан Қытай компанияларының еліміздің экономикасына инвестиция салуға деген қызығушылығын ұзақмерзімді стратегиялық әріптестіктің негізі ретінде қарастыратынын айтты. Үкімет жобалардың тұрақты жұмыс істеуі және олардың одан әрі кеңеюі үшін қажетті жағдайлар жасауға дайын. Салалық мемлекеттік органдарға және Kazakh Invest ұлттық компаниясына инвестициялық бастамаларды одан әрі сүйемелдеу және оларды жүзеге асырудың практикалық мәселелерін пысықтау тапсырылды.

Қытай Қазақстанға 2,8 млрд доллар инвестиция салды

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:149
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Маусым 2026 17:13
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see156

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see140

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see138

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see137

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see137

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see136

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see135

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see135

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see133

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see133

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see133

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see133

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see133

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see132

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see131

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see131

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see131

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see130

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see130

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see130
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары