Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Олжас Бектенов: Инфляция деңгейін төмендету саясаты жалғасады

Олжас Бектенов: Инфляция деңгейін төмендету саясаты жалғасады

Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкіметтің халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастығы жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Жиынға Дүниежүзілік банк, Халықаралық валюта қоры, Еуропалық қайта құру және даму банкі, Азия даму банкі, Ислам даму банкі, Еуразиялық даму банкі, Шығыс көршілер мен Орталық Азия елдеріне несие беру жөніндегі инвестициялық банкі және басқа да ұйым өкілдері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еліміздің инфрақұрылымын салу және жаңғырту жөніндегі жобаларды жүзеге асыру барысы қаралды. Сондай-ақ макроэкономикалық тұрақтылықты нығайту, адами капиталды дамыту, өнімді инновациялар мен ЖИ технологияларын енгізу жөніндегі бастамаларға назар аударылды.

Жаңа Конституцияның қабылдануымен елімізде экономиканың серпінді өсуіне және азаматтардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған дамудың жаңа кезеңі басталғаны атап өтілді. Өз кезегінде, құқықтық базаны жетілдіру еліміздің инвестициялық тартымдылығын арттырып, жобаларды жүзеге асыруға қажетті кепілдіктерді қамтамасыз етеді.

Үкімет Қожа Ахмет Ясауи мұрасын насихаттау жоспарын бекітті

Экономикалық саясат мәселесі бойынша Үкіметтің, Ұлттық банк және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің макроэкономикалық тұрақтандыру және халықтың әл-ауқатын жақсарту жөніндегі 2026-2028 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл бағдарламасын жүзеге асырудың маңыздылығы атап өтілді. 2025 жылдың қазан айынан бері жылдық инфляцияның баяулауы байқалды, бұл – жүзеге асырылып жатқан кешенді шаралардың нәтижесі. 

«Біз баға қысымын, инфляция деңгейін төмендету жөніндегі саясатты табанды түрде жалғастыруға ниеттіміз. Үкіметтің, Ұлттық банк және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету және халықтың әл-ауқатын жақсарту жөніндегі бірлескен бағдарламасы жүзеге асырылуда. Биыл біз азаматтардың нақты табысын кем дегенде 2-3%-ға арттыруды алдымызға мақсат етіп қойдық. Бұл – жүзеге асырылып отырған ауқымды жұмыс», деп атап өтті Олжас Бектенов.

Дүниежүзілік банктің фискалдық саясат және экономикалық өсу бағытының өңірлік басшысы Антонио Нучифора мен Халықаралық валюта қорының Қазақстандағы миссиясының басшысы Амина Ларэш макроэкономикалық тұрақтылықты жалғастыру бойынша ұсыныстарын жеткізді. Экономикалық өнімділікті арттыруды жалғастыруға және жеке сектордың тұрақты экономикалық өсудің драйвері ретіндегі рөлін кезең-кезеңімен нығайтуға басымдық берілді.

Бұл бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдері пікір білдірді.

Президент кеңесшісі, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Әсет Ерғалиев мемлекеттің үлесін төмендету және нақты экономиканы несиелеудегі банк секторының рөлін күшейту жөніндегі жұмыстың маңыздылығын атап өтті. Бұл мемлекеттік капитал мен жеке капитал арасындағы бәсекелестікті болдырмауға мүмкіндік береді. Азық-түлік инфляциясының деңгейін төмендету мәселесіне қатысты сауда нарықтарының тиімділігін одан әрі арттыруға, көтерме-тарату орталықтарының инфрақұрылымы мен логистиканы дамытуға, өндіріс көлемін ұлғайтуға және басқа да бағыттарға назар аударылды.

Қазақстанда инфляция деңгейі алты ай қатарынан төмендеп келеді

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова инфляцияны төмендету мақсатында фискалдық саясатты ақша-несие саясатымен үйлестіру жүзеге асып жатқанын хабарлады. Қазіргі уақытта инфляцияны тұрақтандыру үшін ақша-несие бойынша жағдай туғызуға және инфляциялық болжамдарды нығайтуға бағытталған дәйекті ақша-несие саясаты жүргізілуде. Несиелеудің шектен тыс өсуін, әсіресе тұтынушылық несие сегментінде шектеуге мүмкіндік беретін макро және микропруденциалдық құралдар белсенді қолданылуда. Мәселен, Ұлттық банктің деректері бойынша, егер 2024 жылы халыққа берілген несиенің барлық түрінің өсімі 21,9%-ды құраса, 2025 жылы бұл көрсеткіштің өсуі 8,7%-ға дейін баяулады. Осылайша, Үкімет, Ұлттық банк және ҚНРДА қабылдаған шаралар олардың тиімділігін көрсетіп отыр және инфляциялық процестерге тежегіш ретінде әсер етуде.

Үкімет жаңа тұжырымдаманы бекітті: Бокс саласында қандай өзгеріс болады?

Ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаев Инфляцияны бақылау және төмендету жөніндегі шаралар кешенін жүзеге асыру шеңберінде азық-түлік инфляциясы деңгейін төмендету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады. Мәселен, негізгі бағыттардың бірі – нарықты қажетті өніммен толтыру, импортты алмастыруға баса назар аудара отырып, өнім өндіру көлемін ұлғайту, азық-түлік тауарларын бөлшек саудада өткізудің ашықтығын және баға қолжетімділігін қамтамасыз ету, ӘМАТ өндірушілерін қолдау және оның номенклатурасын уақытша кеңейту, ұстамды тарифтік саясатты жүзеге асыру, оның ішінде сыртқы сауда және ақша-несие саясаты бағыты бар. Нәтижесінде бірінші тоқсанда инфляцияның біртіндеп төмендеуі бойынша оң динамика байқалады. Инфляцияны төмендету бойынша оң динамиканы сақтау және жалғастыру үшін қосымша қадамдық алгоритм әзірленді.

Халықаралық қайта құру және даму банкінің қолдауымен жүзеге асырылып жатқан адами капиталды, кәсіпкерлікті және жасанды интеллект саласындағы нарықтарды дамытуға бағытталған институционалдық жоба қаралды.

Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев пен Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі Андрей Михнев экономиканың негізгі секторларында инновацияларды коммерцияландыруды жеделдету және қолдау тетіктерін жетілдіру жөніндегі тәсілдерді атап өтті. Мәселен, экожүйені дамыту құралдары туралы нақтыланды, соның ішінде ЖИ, үлкен деректер мен аддитивті технологияларды дамыту арқылы бағдарламаларды және халықаралық өзара іс-қимылды кеңейту іс-шаралары бар.

Премьер-министр цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамытудың маңыздылығын атап өтті.

«Цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту – негізгі ұлттық басымдықтардың бірі. 2026 жыл елімізде Цифрландыру жылы деп жарияланды, атап айтқанда, жасанды интеллектіні жаппай енгізу, цифрлық сервистерден интеллектуалды мемлекеттік платформаларға көшу және экономиканың барлық секторында деректерге негізделген тәсілдерді кеңінен енгізуге басымдық берілуде. Біз бұл бағытта озық қарқынмен ілгерілеуіміз керек», деп атап өткен Олжас Бектенов ХҚҰ өкілдерін ЖИ саласындағы белсенді ынтымақтастыққа шақырды.

Еуропалық қайта құру және даму банкінің қолдауымен «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында жүзеге асырылатын Ақтөбе қаласында кәріздік тазарту құрылыстарын салу және реконструкциялау жобасына қатысты қарыз сомасының азаюына байланысты борыштық жүктемені оңтайландыру нәтижелері қаралды.

Қазақстан Республикасының өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан жүргізілген рәсімдердің қорытындысы бойынша жұмыс көлемін қысқартпай жоба параметрлерін оңтайландыруға қол жеткізілгенін баяндады. Мәселен, қол қойылған EPC-келісімшарт несиелік келісімнің бастапқы сомасынан шамамен 7,9 млрд теңгеге төмен. Халықаралық серіктестің ұстанымын ЕҚДБ-ның Орталық Азия және Моңғолия бойынша басқарушы директоры Хусейн Озхан жеткізді. 

Үкімет жаңа Конституцияны түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті

Отырыста Үйлестіру кеңесінің құрамын кеңейту мәселесі қаралды. Еуразиялық тұрақтандыру және даму қорының Кеңес құрамына кіруі туралы ұсынысқа қолдау көрсетілді. Сондай-ақ Үкіметтің халықаралық қаржы ұйымдарымен өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру мақсатында биылғы ақпан айынан бастап Кеңестің шешімдерін барлық мемлекеттік органдар мен ұйымдар орындауға міндетті екенін атап өткен жөн. 

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкіметтің халықаралық қаржы ұйымдарымен белсенді өзара іс-қимылының маңыздылығына назар аударып, тиісті мемлекеттік органдарға отырыста айтылған ұсыныстарды зерделеуді тапсырды.

«Біз сіздердің белсенді жұмыстарыңызды және Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге қосқан үлестеріңізді жоғары бағалаймыз. Үкімет өзара тиімді серіктестікті нығайтуға бағытталған диалогке, кеңестерге және ұсыныстарға әрдайым ашық әрі дайын. Мемлекет пен халықаралық қаржы ұйымдарының бірлескен үйлесімді күш-жігері құрылымдық реформаларды іске асыруға, инфрақұрылымды жаңғыртуға және озық тәжірибелерді енгізуге қосымша серпін береді», деп атап өтті Олжас Бектенов.

Соңғы жаңалықтар

Заң күшейді: Мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптар көбейді

Қоғам • Бүгін, 13:45

Енді мемлекеттік қызметке кадрларды іріктеу цифрлық форматта жүзеге асырылады

Қоғам • Бүгін, 13:33

Қазақстанда иесіз жануарларды тегін вакцинациялау тоқтатылады

Заң • Бүгін, 13:20

Үй жануарларын чиптеу: Жануарлар туралы жаңа заң бойынша иелердің жауапкершілігі күшейтіледі

Қоғам • Бүгін, 13:03

Ақтөбе облысы әкімдігі ғимаратындағы өрттің алдын ала себебі белгілі болды

Оқиға • Бүгін, 12:53

Алматыда суретші Мадина Мұхтарованың шығармашылық көрмесі ашылды

Руханият • Бүгін, 12:43

Грек-рим күресінен Азия чемпионаты: Бүгін бозкілемге кімдер шығады?

Спорт • Бүгін, 12:39

Банктер мен байланыс операторларының атынан жалған хабарламалар жіберген алаяқтар ұсталды

Қаржы • Бүгін, 12:20

«Медеу» паркімен шекаралас 288 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Қоғам • Бүгін, 12:19

Еліміздегі псевдопсихологтарға айыппұл енгізілуі мүмкін

Парламент • Бүгін, 12:03

Қазақстанда әр сағат сайын бес адамды ит қабады

Қоғам • Бүгін, 11:59

Жанарбек Әшімжан: Ақылгөй коучтартардың сабағы отбасында шырғалаң тудырып отыр

Қоғам • Бүгін, 11:50

Психологтар мемлекеттік тізілімге тіркелуге міндеттеледі

Қоғам • Бүгін, 11:35

Қазақстанда психологтардың қызметі заңмен реттеледі

Оқиға • Бүгін, 11:32

Александр Бублик Монте-Карлодағы «Мастерс» турнирін жеңіспен бастады

Теннис • Бүгін, 11:16

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:186
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Сәуір 2026 15:15
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see140

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see138

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see137

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see137

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see136

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see135

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see134

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see129

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see128

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see126

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see125

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see124

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see124

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see123

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see123

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see122

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see121

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see117

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see116

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары