Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Олжас Бектенов: Қазақстан геологиялық барлауды күшейтеді

Олжас Бектенов: Қазақстан геологиялық барлауды күшейтеді

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

GECA 2026 форумы халықаралық ұйымдардың, дипломатиялық корпустың, сондай-ақ ұлттық және шетелдік компаниялардың өкілдерін біріктірді. Геологиялық форумның пленарлық отырысында сөз сөйлеген Премьер-министр Олжас Бектенов сала мамандарын келе жатқан кәсіби мерекесімен құттықтап, ел экономикасы мен өнеркәсібінің тұрақты дамуы үшін геологиялық барлаудың стратегиялық маңыздылығын атап өтті.

Фото: Үкімет

— Биыл — шын мәнінде, Қазақстан үшін тарихи жыл. Экономика мен қоғамның барлық саласын одан әрі жаңғырту ісіне тың серпін берген жаңа Конституция қабылданды. Жалпыхалықтық референдумда еліміздің азаматтары нағыз отаншылдықтың үлгісін көрсетіп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ауқымды бастамаларына жаппай қолдауын білдірді. Қазірден бастап мемлекеттік басқарудың ашықтығын арттыруға, қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыруға және адам капиталын дамытуға бағытталған Ата заңның нормаларын іске асыруға біз айрықша көңіл бөліп отырмыз. Аталған өзгерістер экономиканы дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады, соның ішінде геологиялық барлау саласы отандық өнеркәсіптің стратегиялық негізіне айналды, — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстанда саланың инвестициялық тартымдылығын арттыруға, инфрақұрылымды жаңғыртуға және заманауи технологияларды қолдану аясын кеңейтуге бағытталған геология және жер қойнауын пайдалану саласындағы жүйелі реформалар жүзеге асырылуда.

Фото: Үкімет

Мұндағы маңызды қадам қызметтерге ашық қолжетімділікті қамтамасыз ететін жер қойнауын пайдаланудың Бірыңғай порталын іске қосу болып отыр. Мәселен, «Бірінші келді — бірінші алды» деген озық әлемдік тәжірибенің негізінде жер қойнауын пайдалану құқығын беру процестері айтарлықтай жеңілдетілді. Бұл соңғы үш жылда геологиялық барлауға шамамен 280 млрд теңге жеке инвестиция тартуға мүмкіндік берді.

Қорлар бойынша есептіліктің халықаралық стандарттары енгізілді. Алдағы уақытта геологиялық зерттеулерге орнықты көзқарас қалыптастыру үшін 1:50 000 масштабындағы геофизикалық карталарды жасақтау қолға алынды.

Фото: Үкімет

Бүгінде елімізде геологиялық саланы дамытудың заманауи және технологиялық моделі қалыптасуда. Ұзақмерзімді басымдықтардың қатарында — техногендік минералдық түзілімдерді экономикалық айналымға тарту, жер асты суларының кен орындарын түгендеу бойынша жүйелі жұмыс, сондай-ақ саланың цифрлық трансформациясы жағдайында жұмыс істеуге қабілетті жаңа формация мамандарын — геологтерді, инженерлер мен сарапшыларды даярлау бар. Астанада аналитикалық зертхана, керн қоймасы және геологиялық ақпарат қоры бар геологиялық кластер құрылуда. Орталық кадрлық әрі техникалық ресурстарды біріктіреді және салалық зерттеулерді жеделдетуге ықпал етеді.

Фото: Үкімет

Қазақстанның елеулі минералдық-шикізаттық әлеуетке ие және оны инвесторлар пайдалы қазбаларды барлау, өндіру және қайта өңдеу бойынша басым аймақтардың бірі ретінде қарастырады.

Елімізде шамамен 10 мың кен орны бар, шикізаттың негізгі түрлері бойынша қорлардың жалпы көлемі 2,3 мың тоннадан астам алтын, 4,3 млрд тонна мұнай, 3,8 трлн текше метр газ, 33,5 млрд тонна көмір және 26,7 млрд тонна темір. Ресурстық базаның едәуір бөлігін сирек жер металдары, оның ішінде 2025 жылы ашылған 800 мың тоннаға жуық церий, неодим, иттрийдің және басқа да элементтердің қоры бар «Құйрықтыкөл» кен орны құрайды.

Фото: Үкімет

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде ел аумағын геологиялық-геофизикалық зерделеуді 2,2 млн шаршы шақырымға дейін жеткізу бойынша жұмыс жалғасуда. Бүгінгі таңда бұл көрсеткіш шамамен 2,04 млн шаршы шақырымға жетті. жер қойнауын геологиялық зерделеуді қаржыландыру 10 есеге ұлғайтылғаны және алдағы 3 жылда шамамен $500 млн-ды құрайтыны атап өтілді.

Фото: Үкімет

Форум барысында цифрлық технологиялар мен ЖИ енгізе отырып, геологиялық барлау, жер қойнауын пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға және тәжірибе алмасуға назар аударылды. Қазақстан Республикасының өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев, Өзбекстан Республикасы тау-кен өнеркәсібі және геология министрінің орынбасары Рустам Юсупов, Тәжікстан Республикасы Үкіметі жанындағы Геология бас басқармасының басшысы Илхомджон Оймухаммадзода және тағы да басқалар өзара іс-қимылды кеңейту жөнінде ұсыныстар айтып, пікір білдірді.

Фото: Үкімет Фото: Үкімет

Форумға қатысу аясында Премьер-министр «Жас геолог» стендін, минералдардың экспозициясын және геологиялық кластер макетін аралап көрді.

Айта кетелік үш жылда геологиялық барлау саласына 280 млрд теңге жеке инвестиция тартылған еді. 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:110
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Сәуір 2026 15:29
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see137

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары