Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Он баланың әкесі болған Тайлақ: Әлімғазы Райымбековтің шынайы өмірі

Он баланың әкесі болған Тайлақ: Әлімғазы Райымбековтің шынайы өмірі

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Әлімғазы Сұмағұлұлы Райымбеков қазақ киносының тарихында «Тақиялы періште» көркем фильміндегі Тайлақ бейнесімен танылды. Кәсіби актерлік білім алмаған оның киноға келуіне қазақ күресіндегі жетістігі себеп болды. Әлімғазы Райымбековтің өмір жолы ауылдағы еңбек, спорт, кино, ұстаздық және қоғамдық қызмет секілді бірнеше саланы қамтиды. 1936 жылы туған актердің биыл туғанына тура 90 жыл. Осыған орай, қазақ киносында елеулі із қалдырған жан жайлы оқырманға еске салуды жөн көрдік.

Әлімғазы Райымбеков еңбек жолын ауыл шаруашылығы саласында бастады. Өзінің сұхбаттарында жүргізуші болып жұмыс істегенін, К-700 тракторын басқарғанын айтқан. Күнделікті еңбекпен қатар қазақ күресімен де тұрақты айналысқан.

1965 жылы ол қазақ күресінен өткен республикалық жарысқа қатысады. Райымбековтің естелігі бойынша, жарысқа дейін балуандар Алматы мен Талғар қалаларында арнайы дайындықтан өткен. Соңғы бәсеке Оңтүстік Қазақстандағы Темірлан елді мекенінде ұйымдастырылған. Он алты команда қатысқан жарыста Әлімғазы Райымбеков ауыр салмақта Қазақстан чемпионы атанып, қазақ күресінің шебері атағын алған.

"Ән қанатында" (1967) фильмінен 

Қазақ күресіндегі жеңіс Әлімғазы Райымбековтің өміріндегі жаңа кезеңнің басталуына ықпал етті. Чемпионаттан кейін ауылға оралған оған «Қазақфильм» киностудиясынан жеделхат келеді. Жеделхатта «Ән қанатында» фильміне сынаққа қатысу үшін Алматыға келу қажеттігі жазылған. Киностудияда оған мәтін беріліп, рөлге байланысты сынақтар жүргізіледі. Ол костюм және грим сынағынан өтіп, фильмнің түсіріліміне қатысады. Осы жұмыс барысында Әлімғазы Райымбеков режиссер Шәкен Аймановтың назарына ілігеді.

Кейіпкер бір  сұхбатында өзінің кәсіби актер емес екенін айтып, ұсынысқа күмәнмен қарағанын айтады. Алайда режиссер оның табиғи болмысы мен сыртқы келбеті болашақ кейіпкерге сәйкес келетінін аңғарған.

Кейін Әлімғазы Райымбеков киноға келуіндегі Шәкен Аймановтың орнын бірнеше рет атап өткен:

«Ең алғаш рет мені қалың елге танытқан — Шәкен Айманов».

1968 жылы көрерменге ұсынылған «Тақиялы періште» фильмінде Әлімғазы Райымбеков география пәнінің мұғалімі Тайлақтың рөлін орындады. Фильмнің оқиғасы ұлын үйлендіруге тырысқан ананың әрекеттері мен Тайлақтың Айшаға деген сезімі төңірегінде өрбиді. Естеліктерде Ә. Райымбеков актерлік мектептен өтпегендіктен, рөлді режиссердің нұсқаулары мен өзінің өмірлік тәжірибесіне сүйене отырып орындағаны айтылды.

Ол актерлік жұмысы жөнінде: «Ең бастысы, жүрекпен ойнадым» деп айтқан екен.

«Тақиялы періште» фильмінде Айша рөлін сомдаған Шолпан Алтайбаева да әріптесінің өмірдегі мінезі мен экрандағы Тайлақ бейнесінің арасында ұқсастық болғанын еске алған. Оның айтуынша, Әлімғазы Райымбеков адамдармен ашық қарым-қатынас жасаған, өзгеге кек сақтамаған. Бұл естелік Тайлақтың сабырлы және адамға жақын бейнесінің актердің табиғи болмысымен сабақтас болғанын көрсетеді.

«Тақиялы періште» Әлімғазы Райымбековтің ең танымал шығармашылық жұмысы болғанымен, оның кино саласындағы қызметі бір ғана фильммен шектелмеді. Ол жоғарыда жазылған  «Ән қанатында», «Қилы кезең», «Көгілдір такси», «Қан мен тер», «Егер сен он екі жаста болсаң» және басқа да көркем фильмдерге түсті.

Әртүрлі дереккөздерде актер қатысқан фильмдердің саны әрқалай көрсетіледі. Десе де, оның оннан астам кинотуындыда рөл орындағанын нақты айтуға болады. Алайда Әлімғазы Райымбеков өмірін толықтай кино саласымен байланыстырған жоқ. Өзінің айтуынша, шамамен он жыл бойы фильмдерге түсіп, кейін ауылға оралған. 

Ауылға оралғаннан кейін Әлімғазы Райымбеков мұғалім болып қызмет атқарған. Ол ұстаздық жұмыстан зейнетке шыққан. Осылайша, көпшілікке актер ретінде танылғанымен, оның негізгі еңбек өмірінің елеулі бөлігі ауылдағы жұмыс пен білім беру саласында өтті. Зейнетке шыққаннан кейін де қоғамдық қызметтен шет қалмаған. Ардагерлер ұйымының жұмысына қатысып, түрлі кездесулерде жастармен жүздескен. Сұхбаттарында білім алу, ел тарихын білу, ұлттық салт-дәстүрді сақтау мәселелеріне назар аударған.

Әлімғазы Райымбеков жұбайы Гүлжауармен 60 жылдан астам бірге өмір сүрген. Отбасында бес ұл және бес қыз тәрбиелеген. Ол сұхбаттарының бірінде:

«Он баламыз бар. Бес ұл, бес қыз» деп айтқан.

Экрандағы Тайлақ ұзақ уақыт үйленбей жүрген бойдақ жігіт ретінде көрсетілсе, Әлімғазы Райымбековтің өмірдегі отбасы мүлде басқа болды. 

2019 жылы Райымбеков «Тайлақтың тақиясы» фильмінде Тайлақ бейнесіне қайта оралды. Алғашқы фильмде анасы Тайлаққа жар іздесе, кейінгі туындыда қартайған Тайлақ немересін үйлендіруге әрекет етеді. Осы арқылы бұрынғы кейіпкердің бірнеше онжылдықтан кейінгі өмірі көрсетілді.

Райымбековтің айтуынша, фильмді түсіру жөніндегі ұсыныс бірнеше жыл бұрын айтылып, түсірілім жұмыстары кейін жүзеге асқан. Жасына байланысты көлемді мәтіндерді есте сақтау қиындағанын режиссерге алдын ала ескерткеніне қарамастан, ол Тайлақтың егде жастағы бейнесін сомдауға келіскен.

Әлімғазы Райымбековтің кәсіби актер болмаса да, қазақ киносынан өз орнын алды. Көрерменнің есіңде "Тайлақ" болып қалып, қазақы болмыс көрініп тұрған адам ретінде тарихта қалды. Осы болмысының арқасында ел арасында беделді бола алды. 2021 жылғы 19 қаңтарда 85 жасқа қараған шағында дүниеден өтті.

Назар аударыңыз: Бұл мақала авторлық құқықпен қорғалған. Мәтіннің толық нұсқасын көшіру, тарату немесе басқа басылымдарға жариялағанда авторы көрсетіп, Аikyn.kz сайтына  белсенді гиперсілтеме беру міндетті. Мақаланың жекелеген бөліктерін пайдаланғанда да осы талап сақталуы тиіс.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:102
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Шілде 2026 18:19
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see169

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see164

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see161

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see157

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see141

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see138

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see134

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see128

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see122

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see122

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see121

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see118

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see116

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see115

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see111

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see108

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see108

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see106

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары