Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Оңай табыс қымбатқа түсуі мүмкін

Оңай табыс қымбатқа түсуі мүмкін

Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Бұл өзгеріс кездейсоқ емес. Өйткені интернет-алаяқтықтың басым бөлігінде қылмыскерлер ұрланған ақшаны өздерінің емес, қарапайым азаматтардың банк шоттары арқылы өткізіп, ізін жасырады. Сондықтан құқық қорғау органдары дропперлікпен күресті киберқылмысқа қарсы саясаттың негізгі бағыттарының біріне айналдырды.

Дроппер деген кім?

Дроппер – өзіне тиесілі банк картасын, банктік шотын немесе интернет-банкингке қолжетімділікті бөтен адамдарға беріп, қылмыстық жолмен алынған қаражатты қабылдауға, аударуға немесе қолма-қол ақшаға айналдыруға көмектесетін адам.

Көп жағдайда алаяқтар әлеуметтік желілер мен Telegram арналары арқылы «оңай жұмыс», «банк картасын жалға беру», «ақша аударғаныңыз үшін комиссия аласыз» деген мазмұндағы хабарландырулар таратады. Мұндай ұсыныстарға көбіне студенттер, жұмыссыздар, қосымша табыс іздеп жүрген азаматтар мен жастар алданып жатады. Ал шын мәнінде олар қылмыстық схеманың бір бөлігіне айналады.

Заң неге қатаңдатылды?

2025 жылғы 16 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне 232-1-бап енгізіліп, дропперлік үшін жеке қылмыстық жауапкершілік белгіленді. 

Аталған бапқа сәйкес, егер азамат өзінің банк шотын, төлем картасын немесе ин­тернет-банкингіне қолжетімділікті материал­дық сыйақы немесе өзге де пайда табу мақсатында басқа адамға заңсыз пайдалануға берсе, ол қылмыстық жа­уапкершілікке тар­тылады. Мұндай әрекет үшін мүлкі тәркіленіп, 160 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейін айыппұл салу, сол мөлшерде түзеу жұмыстары немесе 50 тәулікке дейін қамаққа алу жазасы қарастырылған.

Ал егер адам басқа біреудің банктік шотын, төлем құралын немесе сәйкестендіру деректерін заңсыз иемденіп, сол арқылы төлемдер жүргізсе немесе ақша аударымдарын жүзеге асырса, жаза қатаңырақ болады. Мұндай жағдайда кінәлі тұлға 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығын шектеуге немесе дәл осы мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталуы мүмкін. Сонымен қатар оның мүлкі тәркіленеді.

Заңгерлердің айтуынша, бұған дейін мұндай адамдар көбіне куәгер ретінде ғана қарастырылып келген. Соның салдарынан интернет-алаяқтықтың ұйымдастырушыларын анықтау қиын болған. Енді банк картасын, есепшотты немесе төлем құралдарын заңсыз беру, сондай-ақ бөтен адамдардың тапсырмасы бойынша заңсыз ақша аударымдарын жасау қылмыс боп есептеледі.

Stop-Piramida.kz жобасының маманы Нұркен Шардарбековтің айтуынша, кез келген карта беру автоматты түрде қылмысқа жатпайды.

– Мысалы, ерлі-зайыптылардың бір-біріне немесе ата-ананың баласына банк картасын тұрмыстық қажеттілік үшін беруі заңбұзушылық болып саналмайды. Қылмыстық жауапкершілік азамат банк құралдарын үшінші тұлғаға ақшалай сыйақы алу үшін немесе материалдық пайда табу мақсатында берген кезде туындайды, – дейді сарапшы.

Оның айтуынша, тек банк картасын беру ғана емес, мобильді банкингке қол­жетімділікті ұсыну, логин мен құпиясөздерді беру, бейтаныс  адамдардың тапсырмасы­мен ақша аудару немесе өз шотына түскен қаражатты басқа адамдарға жіберу де Қылмыстық кодекстің 232-1-бабы бойынша қарастырылатын әрекеттерге жатады.

Ал егер азамат ұрланған қаражатты өзі аударып, қылмыстық схеманың белсенді қатысушысына айналса, оның жауапкершілігі де ауырлай түседі.

«Мен білмедім» деген уәж қылмыстық жауапкершіліктен құтқара ма?

Дропперлердің басым бөлігі тергеу кезінде өздерінің қылмыстық схемаға қатысып отырғанын білмегенін айтады. Алайда Нұркен Шардарбековтің пікірін­ше, мұндай уәж әр іс бойынша жеке қаралады.

Тергеу органдары адамның ұйымдасты­рушылармен қалай танысқанын, оған сыйақы ұсынылған-ұсынылмағанын, әре­кетінің заңсыз екенін түсіну мүмкіндігі болған-болмағанын, оның шоты арқылы қанша қаражат өткенін және қанша операция жасағанын анықтайды.

– Егер азамат банк картасын сататыны туралы хабарландыру жариялап, ол үшін ақша алып, логиндерін, құпиясөздері мен SMS-кодтарын берген болса немесе бірнеше мәрте ақша аударған болса, «мен ештеңе білмедім» деген уәж сенімді дәлел ретінде қабылданбайды, – дейді сарапшы.

Сонымен бірге заңда маңызды жеңілдік те қарастырылған. Егер адам мұндай құқықбұзушылықты алғаш рет жасап, өз еркімен құқық қорғау органдарына хабарлап, қылмыстың ашылуына белсенді көмектессе және оның әрекеттерінде басқа қылмыс құрамы болмаса, ол қылмыстық жауап­тылықтан босатылуы мүмкін.

Статистика не дейді?

Бас прокуратураның мәліметіне сәйкес, дропперлік үшін қылмыстық жауаптылық енгізілген уақыттан бері Қылмыстық кодекстің 232-1-бабы бойынша 700-ден астам қылмыстық іс тіркелген. Осы уақыт ішінде 216 адам жауапқа тартылып, олардың 202-сі сотталған.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, 2026 жылдың басынан бері: қылмыстық кірістерді заңдастырумен айналысқан 33 дропперлік топтың қызметі тоқтатылды; 40-тан астам ұйымдастырушы анықталды; 500-ден астам азамат қылмыстық схемаға тартылған; дропперлердің банк шоттары арқылы 112 млрд теңгеден астам күмәнді қаржы операциялары жүргізілген; соңғы екі айдың өзінде 1000-нан астам дроп-карта бұғатталған.

Ал Ішкі істер министрлігі соңғы бес айдың өзінде дропперлердің көмегімен интернет-алаяқтар азаматтардан жымқы­рылған 400 миллион теңгеге жуық қара­жатты қолма-қол ақшаға айналдырға­нын хабарлады.

Алаяқтардың негізгі нысанасы кімдер?

Құқық қорғау органдарының тәжірибесі көрсеткендей, дропперлердің басым бөлігін студенттер, жұмыссыз азаматтар және интернет арқылы қосымша табыс іздеген жастар құрайды.

Мысалы, Батыс Қазақстан облысында банк шоттарын алаяқтарға пайдалануға берген жеті колледж студенті үш жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. Ал Түркістан облысында Telegram арқылы басқарылған қылмыстық схемаға 20-дан астам жас тартылған. Жетісу облысында тұрғын әлеуметтік желідегі жұмыс туралы хабарландыруға сеніп, интернет-алаяқтықтан түскен қаражатты өз шоты арқылы өткізіп, кейін оны криптовалютаға айырбастап отырған.

Qazaq Expert Club эксперті, психолог Жадыра Сабыровадан қылмыстық топтардың неге көбіне жастарды таңдайтынын сұрағанымызда ол былайша жауап берді: 

– Психологиялық тұрғыдан жастар жылдам табыс табуға көбірек ұмтылуы мүмкін, тәуекелді толық бағаламауы ықтимал және әлеуметтік желілер арқылы жасалатын ұсыныстарға сенім білдіруі оңайырақ. Кейбір  жастар өз банк картасын немесе есепшотын қылмыстық схема үшін пайдалану қандай құқықтық салдарға әкелетінін толық түсінбейді.

Маман, сондай-ақ шетелдік тәжірибе­лер­ге сүйеніп, интернет-алаяқтықпен күресте тек жазалау шаралары жеткіліксіз екенін айтады. «Ең тиімді тәсіл – алдын алу, халықтың цифрлық және қаржылық сауаттылығын арттыру және мемлекеттік органдар, банктер мен білім беру ұйым­дарының бірлескен жұмысы. Мысалы, Қытайда азаматтарға алаяқтық схемалары туралы жедел ескертулер жіберіледі, халық арасында тұрақты ақпараттық науқандар жүргізіледі, ал жастарға цифрлық қауіпсіздік мектеп қабырғасынан түсіндіріледі.

Еуропаның бірқатар елінде банктер, полиция және телекоммуникация опера­торлары бірлесіп күмәнді операциялар туралы клиенттерге дереу хабарлап, қаржы алаяқтығының алдын алу бойынша ақпа­раттық кампанияларды тұрақты өткізеді. Сонымен қатар мектептерде қаржылық және цифрлық сауаттылыққа ерекше көңіл бөлінеді», – дейді Жадыра Сабырова.

Иә, көптеген адам өзінің банк картасын уақытша пайдалануға бергенін немесе біреудің өтінішімен ақша аударғанын қылмыс деп қабылдамайды. Алайда дәл осындай әрекеттер интернет-алаяқтық тізбегінде маңызды рөл ойнайды. Сондықтан ешқандай жағдайда банк картасын, есепшотты, мобильді банкингке қолже­тімділікті, логиндерді, құпиясөздерді және SMS-кодтарды бөгде адамдарға бермеу қажет.

Бүгінде бір қарағанда «оңай табыс» болып көрінетін ұсыныс ертең қылмыстық іс, соттылық және қаржылық шектеулерге ұласуы әбден мүмкін. Ал құқық қорғау органдарының ескертуі қарапайым: өз банк шотыңызды ешкімге бермеңіз, өйткені оның салдары бірнеше жылға созылатын жауапкершілікке әкелуі ықтимал.

Айгүл Сейіл 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:125
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Шілде 2026 06:43
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see135

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

23 Қазан 2026 01:28see132

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see132

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see123

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see115

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see114

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see112

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see112

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see111

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары