Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Уақытпен үндескен ұрпақ

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Цифрлық дәуірдегі дала

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

Өндіріс пен кәсіпкерлік өңір дамуының өзегі

Өндіріс пен кәсіпкерлік өңір дамуының өзегі

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Мобильді фронт-офис дегеніміз  – мамандандырылған шағын автобус. Онда «Даму» қорының консультанттары, әкімдіктердің, екінші деңгейлі банктердің, «Атамекен» ҰКП, «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ және консалтингтік ұйым өкілдері ауыл-қалаларға барады. Кәсіпкерлер қолданыстағы мемлекеттік қолдау шаралары бойынша жергілікті жерде кеңес алып, қаржыландыру бағдарламаларына қатысуға өтінім бере алады.

Мобильді фронт-офистердің жұмысы шеңберінде кәсіпкерлерге субсидиялау, кепілдікпен жеңілдетілген кредит беру, микроқаржыландыру, лизинг, экспорттық жобаларды қолдау құралдары, сондай-ақ оқыту, консультациялық сүйемелдеу мен кәсіпкерлік құзыретті дамыту секілді қаржысыз қолдау шарасы бойынша ақпарат беріледі.

Бүгінде мобильді фронт-офистер Ұлытау, Жетісу, Абай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Түркістан, Қостанай, Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарында жұмыс істейді. Жақын арада жоба еліміздің тағы бес өңіріне таратылады. Осы бастаманың арқасында 300-ден астам адам консультациялық қолдау алған. Шалғайдағы елді мекендерге барудан басқа, мобильді фронт-офистер өңірлік көрмелерде, жәрмеңкелерде және іскерлік шараларда жұмыс істейді. Кәсіпкерлер тікелей сол жерде кеңес ала алады.

Семейде мобильдік фронт-офис Орталық Арбаттағы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің көрмесі шеңберінде орналастырылды. Өңір тұрғындары мен кәсіпкерлері бизнесті мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы бағдарламаларымен және қаржыландыру құралдарымен танысуға мүмкіндік алды.

Talpyn Semey балалар білім беру орталығының басшысы Меруерт Жұмашева жұмыстың мобильді форматының арқасында алғаш рет мемлекеттік қолдау шаралары бойынша кеңес алғанын атап өтті.

«Мен жәрмеңкені тамашалауға келіп, ондағы мобильді фронт-офисті көргенде таң қалдым. Осындай іс-шараларда мамандардың өздерінің отыруы өте ыңғайлы. Уақыт жұмсамай-ақ кеңес алуға болады. Қазір біз білім беру орталығын одан әрі дамытудың мүмкіндігін қарастырып жатырмыз. Сондықтан мен үшін қолданыстағы мемлекеттік қолдау шаралары мен қаржыландыру құралдары туралы білу маңызды», дейді кәсіпкер.

Жақын арада мобильді фронт-офистер базасында шағын бизнеске арналған консультациялық-оңалту орталықтарын іске қосу жоспарлануда. Кәсіпкерлер даму, жобаларды кеңінен тарату және бизнесті жүргізуде туындайтын қиындықты еңсеру мәселесінде қолдау ала алады.

Сондай-ақ Серік Жұманғарин жұмыс сапары барысында «Eurasia Agro Semey» ЖШС ет өңдеу кешені құрылысымен танысты. Абай облысындағы жаңа ет комбинаты аты аңызға айналған Семей бұқтырылған ет шығаратын Қазақстандағы ең ірі кәсіпорын болады.  Кәсіпорынды биыл іске қосу жоспарланған.

Кешен Семей қаласынан 18 шақырым жерде орналасқан және мал қабылдаудан бастап, шұжық өнімін, жартылай фабрикатты, ет консервілері мен деликатес өнімін шығаруға дейінгі толық циклді вертикалдық интеграцияланған кәсіпорын болып саналады. Өндірістік қуаттылығы 100 бас ірі қара мен жылқыны, сондай-ақ бір ауысымда 1 мың басқа дейін ұсақ малды құрайды. Кәсіпорында 250 жаңа жұмыс орны ашылады.

Компания басшылығының айтуынша, жобалық қуатқа шыққаннан кейін кәсіпорын еліміздегі ең ірі ет өңдеу кешеніне айналады. Оның тұрақты жүктемесін қамтамасыз ету үшін зауыттың айналасында толыққанды ет кластері құрылады. Мұнда фермерлік шаруашылық, бордақылау алаңы, жемшөп өсіруге арналған суармалы жер және басқа да іргелес өндірістер бар.

Жаңа кәсіпорынның іске қосылуы Қазақстанның ет өңдейтін тарихи орталығының бірі ретінде Семейдің гастрономиялық даңқын жандандыруға бағытталған.

Сапар шеңберінде Серік Жұманғарин сонымен қатар «Qazaq-Astyq Group» ЖШС мұнай экстракция зауытын, «Агролидер KAZ» ЖШС бұршақ және майлы дақылды қайта өңдеу кәсіпорнын және орау өнімінің көптеген түрін шығаратын «Қазполиграф» ЖШС-ні қоса алғанда, өңірдің бірқатар қайта өңдеу кәсіпорынын аралады.

Бұдан соң Үкімет басшысының орынбасары өңірдің фермерлерімен және кәсіпкерлермен кездесуде бизнестің мал шаруашылығын жүргізу тәсілі түбегейлі өзгеруге тиіс екенін айтты. Сондай-ақ ол облыс экономикасы өсуінің негізгі бағыттарының бірі ретінде агроөнеркәсіптік кешен мен мал шаруашылығын дамытуға баса назар аударды.

Облыс әкімі Берік Уәлидің ай­­­­­­­­­­­­­­­­­ту­­­­­­­­­­ын­­­­­­­­ша, ауыл шаруашылығы өңір­лік экономиканың негізгі драйверінің бірі болып қала береді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі алғаш рет 583,8 млрд теңгеге жетіп, екі жылда 1,4 есеге ұлғайды. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемінің жартысынан астамы – мал шаруашылығына тиесілі.

Кездесуде саланы жаңғыртуға ерекше назар аударылды. Серік Жұманғарин қазіргі заманғы мал шаруашылығы жаңа тәсілдерді, цифр­ландыруды және озық әлемдік технологияларды енгізуді талап ететінін атап өтті. Бүгінде мемлекет мал шаруашылығын дамытуға қомақты қаражат бөліп отыр, ол – жылдық 6%-бен 220 млрд теңге жеңілдікті қаржыландыру. Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін тарату бағдарламасы аясында биыл өңірге тауарлы сүт фермаларын салу жобасына 7 млрд теңге жеңілдікпен қаржыландыру бөлінді. Алайда, вице-премьер атап өткендей, бизнес тәсілдері түбегейлі өзгеруге тиіс.

«Біз мың жыл бойы мал шаруашы­лығымен айналысқанымызды мақтан тұтамыз. Бірақ бүгін цифрландыру дәуірі келді. Жайылымдағы малды босатып, оның өзі салмақ қосуын күтетін кездер өтті, бұл тиімсіз. Мал өсірудің озық технологияларын, аустралиялық, канадалық тәжірибені енгізу қажет», деп атап өтті вице-премьер.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин көктемгі егісті ерте қаржыландыру бағдарламасы аясында Абай облысында 13,2 млрд теңгеге 176 фермер жеңілдетілген несие алғанын хабарлады. Бұл 125 мың гектар егіс алқабын қаржыландырумен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Шаруалар үшін қарыз қаражаты­ның құнын төмендету мақсатында «Даму» қоры арқылы қарыз сомасы­ның 85%-на дейінгі мөлшерде кепіл­дік беру жалғасады. Бұл кредиттеу мөлшерлемесін түпкілікті қарыз алушылар үшін жылдық 5% деңгейінде ұстап қалуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ шаруаларға жылдық ставкасы 6%-дан аспайтын ауыл шаруашылығы асыл тұқымды мал басын сатып алу үшін «Игілік» және «Береке» жаңа кредиттік өнімі ұсынылды. Шалғайдағы мал шаруа­шылығын қолдау үшін жайылым­дық инфрақұрылымды дамытуды қаржыландыруды көздейтін «Жайлау» бірыңғай кредиттік өнімі іске қосылады.

Жеңілдетілген қаржыландыруға қол жеткізуді арттыру үшін кредиттеу жүйесіне өңірлік әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар қосылды. Бұл шараларды жүзеге асыру Мал шаруашылығын дамытудың кешенді жоспарының толыққанды орындалуын қамтамасыз етуге және саланың жедел өсуіне негіз жасауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ кездесуде салық инновациялары талқыланды. Бюджеттік жоспарлауды болжау мақсатында республикалық және жергілікті бюджеттер арасындағы корпоративтік табыс салығын (КТС) төлеушілердің тізбесін үш жылдық кезеңге бекіту және аудандарды қолдау үшін жер­гілікті атқарушы органдар боры­шының лимиттерін қайта қарау ұсынысы жұмысқа қабылданды.

Абай облысы 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:168
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Маусым 2026 10:38
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see158

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see148

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see148

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see147

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see146

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see144

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

19 Қыркүйек 2026 00:23see143

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see139

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see139

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see136

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see133

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see130

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see129

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see124

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see122

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see121

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see120

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see120

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see119

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

19 Қыркүйек 2026 11:06see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары