Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Өнердегі өшпес із

Өнердегі өшпес із

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Әншінің ерекше әуелеткен ән­де­рінің бірі – Бір­жан­ның «Теміртасы» болса, Естай Беркімбайұлының «Қорлан», «Жайқоңыр», «Бір мысқал», «Назқоңыр», «Юран-ай» ән­дерін ерекше нақыш бояуымен орындаған.

Әнші 1896 жылы Павлодар облысының Ақсу өңі­рінде дүниеге келген. Әкесі Жыл­қыбайдан Шайхы, Нұр­таза, Әбілке, кенжесі Байғабыл – төрт бала тараған. Ағайын­дылардың ішінен Байғабыл­ға табиғат әртүрлі өнер сыйла­ған. Әнші, домбырашы, палуан, шауып бара жатқан ат үстін­де ойын-қимыл көрсететін акробаттық өнерлері болған. Әкесі Жылқыбай 1904 жылы Павлодар қаласына қоныс аударып, біраз уақыт өзінің досы Уәлидің үйінде тұрады. Ес білгелі ән десе елеңдеп тұратын Байғабыл жас әнші Майраға еліктеп сырнайда ойнап, домбыраға қосылып ән айтқанды ұнататын. Бұл кезде Байғабыл он жаста еді. Ал әнші Майраның он бес, он алтыға келген шағы екен. Сондағы үйренген алғашқы әні – Майраның «Толқымасы». Кейіннен әнші: «Менің алғашқы ұстазым – Майра», деп үнемі есіне алып, Майра Уәлиқызының «Толқыма», «Бақша», т.б. әндерін ерекше сүйіп орындаған.

1936 жылдары қазіргі Абай облысы Жетіжар ауы­лында Бесқарағай халық театры ашылғанда, Байғабыл Жылқыбайұлы аталған театр­да режиссер болып тағайын­далады. Шағын сахнада Мұх­тар Әуезовтің «Еңлік-Кебегін», «Айман-Шолпаны» мен Ғабит Мүсіреповтің «Қыз Жібе­гін» сахналап қана қоймай, өзі де актерлік шеберлігімен танылды.

Байғабылдың тағы бір қыры – жауырыны жерге тимеген палуандығы. Көне­көз қариялардың айтуынша, ол Қоянды жәрмең­кесінде өнер көрсетіп, атақты күш алыбы Қажымұқанның ойын көрсету тобына қаты­сып, құрамында болған. Қа­зақ­станның отыз жылдық то­йын­дағы палуандар күре­сінде екінші орын иеленгенін әншінің өзі айтқан екен.

Байғабыл Жылқыбай­ұлы ақын Сәбит Дөнентаев пен Сұлтанмахмұт Торай­ғыровтың сол кездердегі ауыл өмірінен алып жазған өлең­­деріне әндер шығарып, өзі орындаған. Сонымен қатар қызы Шолпанға өсиет етіп қалдырған «Домбырам» атты әні бар. Ұлдары Шәкәр, Еренғайып, Шорман да өнерден құралақан емес. Әке ізін жалғап, жолын жал­ғастырған қызы Шолпан рес­публикаға танымал актри­са атанды. Қазақ КСР-нің ең­бек сіңірген әртісі ата­ғын иеленді. Жетпіс жастан ас­қан­­ша ән салып, замандас­та­рына рухани қызмет еткен әнші­нің сиқырлы саусақтары таби­ғат­тың өзгер­мес заңымен 1977 жылы домбыра шегін соңғы рет қағып, тоқтады. Өзі туған Құркөл ауылына жер­ленді. Қазақ өнерінің өрі­сін кеңейтіп, артынан өл­мейтұғын із қалдырған Бай­ға­был Жылқыбайұлы­ның есімі 1992 жылы Ақсу қала­сының орталығындағы мәде­ниет үйіне берілді. Әнші­­нің орындауындағы әндер Қазақ радиосының алтын қо­ры­на енген.

Маржан ШАЙХИМОВА,
Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінің қызметкері

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:191
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Маусым 2026 10:23
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see135

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

23 Қазан 2026 01:28see132

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see132

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see123

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see115

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see114

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see112

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see112

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see111

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары