Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жылап, жатып қалдым : Айнұр Тұрсынбаева күйзеліске түскен кезін еске алды

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Уақытпен үндескен ұрпақ

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Цифрлық дәуірдегі дала

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Кәлек Құмақайұлының сыбызғышылық өнердегі орны неге ерекше?

Кәлек Құмақайұлының сыбызғышылық өнердегі орны неге ерекше?

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Қазақтың дәстүрлі музыкалық мәдениетінде сыбызғының орны ерекше. Алайда домбыра мен қобызға қарағанда, сыбызғышылық дәстүр ХХ ғасырда Қазақстанның бірқатар өңірінде әлсіреп, оның көне орындаушылық үлгілері санаулы орталарда ғана сақталды. Сол орталардың бірі – Шығыс Қазақстанмен тарихи-мәдени байланысы үзілмеген Алтай–Баян-Өлгий кеңістігі. Моңғолия қазақтары арасында сыбызғы тек музыкалық аспап ретінде емес, күймен, аңызбен, орындаушылық тәсілмен және ұстаздан шәкіртке берілетін тәжірибемен бірге өмір сүрді.

Баян-Өлгийдегі осы дәстүрді жеткізген көрнекті тұлғалардың бірі – Кәлек Құмақайұлы (1930-2023). Сыбызғышының өнер жолын қарасақ, тек орындаушы ғана емес екеніне көзіміз жетеді. Кәлектің тағдырынан ауызша дәстүрдің отбасылық ортада қалай сақталғанын, ХХ ғасырда кәсіби сахнаға қалай бейімделгенін, зерттеушілер назарына қалай іліккенін және кейін Қазақстандағы сыбызғы өнерінің дамуына қалай ықпал еткенін көруге болады. Бұл мақаламызды дайындау барысында екі негізгі еңбек пайдаланылғанын атап өтуіміз қажет. Біріншісі – Талғат Мұқышевтің «Сыбызғы сазы: Моңғолиядағы Баян-Өлгей қазақтарының сыбызғы күйлері» атты еңбегі (Алматы: Өнер, 2005). Екіншісі – А. Хумарзах пен А. Байтанның «Моңғолия қазақтарының сыбызғышылық өнері» атты зерттеуі (Алматы, 2024). 

Сыбызғының шекара сыртында сақталған бір ортасы. Баян-Өлгийдегі сыбызғышылық дәстүрдің өміршеңдігін түсіндіретін негізгі факторлардың бірі – оның жеке орындаушының өнерімен шектелмей, бірнеше буын арқылы берілуі. Кәлек Құмақайұлының шыққан ортасы сыбызғы тарту дәстүрі жалғасып отырған дәстүр болған. Кәлектің әкесі Құмақай Шамғынұлы да елге белгілі сыбызғышы болған. Оның алдындағы Шамғын, Сасан және басқа өнер иелері де осы дәстүрді жалғастырған. Демек, бала күйші өз айналасындағы бірнеше адамның, түрлі орындаушылық үлгілерді де меңгерген. 

Сыбызғының бұл аймақта ұзақ сақталуына тұрмыс салты да ықпал етті. Мал шаруашылығы, жайлау мәдениеті, аңшылық, ауыл арасындағы жиындар мен тойлар аспаптың табиғи қызметін жоғалтпауына мүмкіндік берді. Яғни сыбызғыны сақтап қалған тек орындаушылар емес, сол өнерді қажет еткен және тыңдаған орта болды.

Осы тұрғыдан қарағанда, Баян-Өлгий – қазақ сыбызғысының «сыртта қалған» аймағы емес, дәстүрдің бір желісі үзілмей жалғасқан маңызды орталықтарының бірі.

Кәлек Құмақайұлының музыкант ретінде қалыптасуы дәстүрлі музыкалық білімнің қалай жұмыс істегенін анық көрсетеді. Мұнда бүгінгі түсініктегі сабақ кестесі, оқу бағдарламасы немесе бастапқы жаттығулар жинағы болған жоқ. Музыкалық білім күнделікті өмірдің ішінде жүрді. Кәлек кішкентайынан әкесі Құмақайдың сыбызғы тартқанын естіп өсті. Әкесімен бірге ойын-тойларға барып, тыңдап жүрді. Сегіз жасынан бастап сыбызғыға ден қойып, шамамен он жасында халық алдында өнер көрсете бастағаны айтылады.

Бұл жерде дала педагогикасы жайлы бір шегініс жасайық. Домбыра болсын, сыбызғы болсын методика бір. Алдымен бала күйді ұзақ уақыт тыңдайды. Әуеннің құрылымы, дыбысы, қай иірімнің қалай орындалатыны құлаққа сіңеді. Кейін сол естігенін аспаппен қайталауға әрекет етеді. Одан кейін үйренгенін көпшілік алдында тартып, нақты орындаушылық тәжірибе жинақтайды. Мұндай жүйеде өнерпаздың есту жады шешуші қызмет атқарады. Күй нота арқылы жатталмағандықтан, орындаушы әуенді ғана емес, оның дыбыстық реңкін де есте сақтауға тиіс. Сыбызғыда бір нотаның өзін әртүрлі тыныспен, қысыммен немесе үн бояуымен шығаруға болатындықтан, мұндай ұсақ белгілерді қағаздан емес, тікелей тыңдау арқылы игеру маңызды.

Сонымен қатар, дәстүрлі оқытуда күйдің әуенімен бірге оның тарихы да беріледі. Кім шығарған, қандай жағдайда туған, кімнен үйренген деген мәліметтер музыкалық мәтінмен бірге есте сақталған.

Сондықтан күй орындау – дыбыстарды қайталау ғана емес, сол күйдің мәдени жадын жеткізу әрекеті болды.

Осы жүйе Кәлек Құмақайұлының кейін үлкен репертуарды жадында сақтауына және әр күйді өзінің аңызымен бірге білуіне негіз қалыптастырды деп айтуға болады.

1958 жыл Көлек Құмақайұлының өнер жолындағы маңызды бетбұрыс болды. Ол Өлгей қаласына келіп, жаңадан қалыптасып жатқан Баян-Өлгий аймақтық музыкалық-драма театрының халық аспаптар оркестріне сыбызғышы болып қабылданады. Осы кезден бастап оның алдында мүлде басқа музыкалық орта ашылды. Бұған дейін күй негізінен ауыл арасында орындалса, енді сыбызғы театр қойылымының, оркестрдің және үлкен концерт бағдарламасының бір бөлігіне айналды. Орындаушыға сахналық тәртіпке, ансамбльмен бір уақытта ойнауға, белгілі ұзақтық пен құрылымға бағынуға тура келді.

Кәлек театрда жұмыс істей жүріп музыкалық сауатын жетілдірді. Сыбызғы театр спектакльдерінде көркемдік бояу ретінде қолданылып, кейбір көркемфильмдерді дыбыстауға да пайдаланылды. Көп ұзамай радионың пайда болуы тағы да бір үлкен өзгеріс әкелді. Баян-Өлгийде радиохабар тарату жолға қойылғаннан кейін Кәлек орындаған сыбызғы күйлері эфирден беріле бастады. Бұл дегеніміз ауызша дәстүр техника арқылы алыс-жақынға тарайтын жаңа кезеңге өтті. Гастрольдік сапарлар географияны да кеңейді. Ол Моңғолияның көптеген аймақтарында, Тывада, Таулы Алтайда, Қырғызстанда, сондай-ақ Польша, Германия, Чехия және Мәскеу секілді орталықтарда өнер көрсетті. Сөйтіп бір кезде ауылдық ортада өмір сүрген сыбызғы үні үлкен концерт сахналарына жетті.

Домбыра мен сыбызғының бір сахнадағы кездесуі. Кәлек Құмақайұлы өнеріндегі қызықты құбылыстың бірі – домбыра мен сыбызғының бір репертуарлық кеңістікте тоғысуы. Театрда ол домбырашы Ахмет Ыбырайұлымен бірге өнер көрсетіп, екі аспаптан құралған дуэт қалыптастырды. Олардың орындауында «Балжыңгер», «Ой толқыны», «Өрелі кер», «Бөкен жарғақ», «Ертістің толқыны» секілді күйлер орындалған. Бұл мысалдар «домбыра күйі» мен «сыбызғы күйін» бір-бірінен мүлде бөлек екі құбылыс ретінде қабылдаудың шартты екенін көрсетеді.

1967 жылы Көлек Құмақайұлы мен Ахмет Ыбырайұлы гастрольдік сапар кезінде қазақтың көне музыкалық аспаптарын зерттеуші Болат Сарыбаевпен кездеседі. Ғалым олардың орындауындағы халық күйлерін тыңдап, домбыра мен сыбызғының қатар қолданылуына назар аударған. Кейін осы орындаушылардан күйлерді үнтаспаға жазып алу да жүзеге асқан.

Сыбызғының үнін алғаш тыңдаған адам кейде бір мезгілде екі түрлі дыбыс естілгендей әсер алады. Оның бірі – аспаптың өз үні, екіншісі – орындаушының көмейінен шығатын дауыс. Кәлек Құмақайұлының орындаушылық шеберлігі туралы сипаттамаларда осы тәсілге ерекше назар аударылады. Орындаушы сыбызғыға жай ғана ауа үрлемейді. Аспап үнімен қатар көмейден дыбыс шығарып, екі дыбысты бір мезетте ұстайды. Соның нәтижесінде өзіндік қосүнділік қалыптасады.

Мұндай орындауда адамның бүкіл тыныс аппараты белсенді жұмыс істейді. Дыбыстың басталуы кеудеден шыққан ауаға байланысты болса, көмей қосымша үн қалыптастырады. Ауыз қуысы оның резонаторына айналады. Тіл, тіс және ерін ауа ағынын бағыттап, дыбыстың биіктігі мен реңкіне әсер етеді.

Зерттеулерде Баян-Өлгий сыбызғышыларының тәжірибесі башқұрттың құрай орындаушылығымен салыстырылады. Екі жағдайда да аспап үніне көмей дауысының қосылуы музыкалық фактураны байытып, бір орындаушыдан екі үн естілгендей әсер береді. Кітапта келтірілген ноталық мысалда да сыбызғының негізгі әуені мен көмей дауысының жеке желілері қатар көрсетілген. Мұндай жазба орындаушылық тәсілді көзбен көруге мүмкіндік береді. Жоғарғы желіде аспап үні қозғалып отырса, төменде көмей дауысы оны тұрақты дыбыстық тірекпен сүйемелдейді.

Дәстүрлі музыканың тағдыры оны орындаушылар ғана емес, сол мұраны жазып алып, зерттеп, кейінгі буынға жеткізетін мамандардың қызметіне де байланысты. Кәлек Құмақайұлының өнерінде осының бірнеше кезеңін көруге болады. Болат Сарыбаевтың назарынан кейін сыбызғы Қазақстандағы зерттеушілер үшін тек этнографиялық көне аспап емес, орындаушылық дәстүр ретінде қызығушылық туғыза бастады. Бірақ бұл үрдістің келесі маңызды кезеңі 1986 жылы болды. Алматы мемлекеттік консерваториясы Кәлек Құмақайұлын Моңғолиядан арнайы шақырып, сыбызғы бойынша шеберлік сабағын ұйымдастырды.

Сол кезде консерваторияда білім алып жүрген Талғат Мұқышев Кәлектің орындауына ерекше қызығушылық танытады. Кейін оның кәсіби жолы сыбызғымен тығыз байланысып, көне күйлерді жинау, орындау тәсілін жүйелеу және сыбызғыны академиялық оқыту жүйесіне енгізу бағытында жалғасты.

Көлек Құмақайұлының басты тарихи қызметі – бір аймақта ғасырлар бойы сақталған сыбызғышылық дәстүрді ХХ ғасырдың кәсіби мәдениетіне жеткізіп, кейін оны Қазақстандағы жаңа орындаушылық, ғылыми және білім беру ортасымен жалғауында. Оның өмір жолы арқылы бір музыкалық дәстүрдің әулеттен сахнаға, сахнадан зерттеуге, ал ауызша жадтан кәсіби оқыту жүйесіне дейінгі ұзақ жолын көруге болады.

Назар аударыңыз: Бұл мақала авторлық құқықпен қорғалған. Мәтіннің толық нұсқасын көшіру, тарату немесе басқа басылымдарға жариялағанда авторы көрсетіп, Аikyn.kz сайтына  белсенді гиперсілтеме беру міндетті. Мақаланың жекелеген бөліктерін пайдаланғанда да осы талап сақталуы тиіс.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:106
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Қыркүйек 2026 08:25
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жылап, жатып қалдым : Айнұр Тұрсынбаева күйзеліске түскен кезін еске алды

18 Қыркүйек 2026 21:42see154

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see151

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see143

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see140

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see138

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see138

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see137

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

19 Қыркүйек 2026 00:23see136

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see133

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see129

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see129

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see127

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see123

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see123

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see117

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see114

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see114

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see114

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see113

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары