Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Өңірдің экономикалық өрісі

Өңірдің экономикалық өрісі

Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Форумда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жүзеге асып жатқан «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында инвесторлар құқығының сақталуы, салааралық үйлестіру, дауларды сотқа де­йін реттеу мәселелері кеңінен сөз болды.

Кәсіпкерлер палатасының директоры С.Адамбекова прокуратура органдары Президент айқындаған «Заң мен тәртіп» қағидатын басшылыққа ала отырып, инвесторлар құқығын қорғайтынын, заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ететінін атап өтті. Оның айтуынша, қағидатты орындаудың бас­ты мақсаты – инвесторларға қатысты заңбұзушылықтың жолын кесу мен алдын алу. Бұл прокуратура органдары тарапынан көрсетіліп отырған ерекше қамқорлық пен инвестициялық жобаларды сүйемелдеудегі бақылау деңгейінің жоғарылығы деп атап өтті. Осы орайда Палата басшысы инвестициялық жобаларды сүйемелдеудің тетіктерін талқылау, мемлекеттік қолдау шара­лары туралы ақпаратпен бөлісу, инвес­торлардың нақты ұсыныстары мен мәсе­лелерін тыңдау форумның алға қойған мақсаты екенін жеткізді.

Инвесторлар құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Б.Ералы бұған дейін еліміздің бірқатар өңірінде бол­ғанын, жергілікті инвесторлармен кез­дескенін мәлімдеді. Шымкентке жұмыс сапарымен келу барысында прокура­тура мен атқарушы органдар тарапынан инвестициялық жобаларды сүйемелдеу нәтижесімен танысқанын айт­ты. Сондай-ақ Бас прокуратура өкілі Президент тап­сырмасын басшылыққа ала отырып, кәсіп­керлер құқығын қор­ғау­ға, инвес­тициялық жобаларды сүйе­мелдеуге айрықша мән беретінін атап өтті.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкентті әлеуеті зор қала деп атады. Бүгінде мегаполис инвестиция, өндіріс пен кәсіпкерлік саласы дамыған, экономикасы қарыштап өсіп келе жатқан аймаққа айналып отыр. Қаланың географиялық орналасуының өзі логистикаға ыңғайлы. Сол себепті мол инвестиция тартуға мүмкіндік бар. Осы тұрғыдан алғанда инвесторларға қолдау көрсетудің өзі жеткіліксіз, олардың құқықтарының қорғалуы да маңызды. Сол үшін мемлекетке сенімін арттыру бағытындағы жұмыс жалғаса береді. Бүгінде әлемде инвесторлар үшін бәсеке жоғары. Ал инвесторлар өз кезегінде капитал салатын нарықты таңдамас бұрын заңның үстемдігіне, елдегі саяси-экономикалық тұрақтылыққа бірінші кезекте назар аударады. Осыған байланысты Бас прокуратура жанынан Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті құрылып, Бас прокурорға инвестициялық омбудс­мен мәртебесі берілді. Мәселен, Коми­тет құрылғанға дейін 1900 ғана инвест-­жоба болса, ол құрылған соң инвестиция­лық жоба саны 3200-ге жетті. 400-ден астам инвес­тор құқығы қорғалып, 12 трлн теңгенің босқа шашылуына жол берілмеді», деді Б.Ералы.

Форум барысында қатысушыларға Шымкент қаласындағы маңызды инвес­тициялық жобаларды сүйемелдеу мен инвесторлардың құқығын қорғау шаралары туралы бейнеролик көрсетілді.

Осы тұста мамандар кәсіпкерлікті қолдау, дамытуға қатысты ұлттық жобаларды іске асырушы жергілікті атқарушы органдардың өңірлік үйлестіруші ретіндегі рөліне ерекше тоқталды. Бұл бағытта Шымкент қаласының әкімдігі мегаполисті стратегиялық тұрғыдан дамытып, инвестициялық ахуалды жақ­сартып, инфрақұрылымдық жобаларды нәтижелі іске асырып келеді. Осы орайда қала әкімінің бірінші орынбасары А.Кәрімов инвесторлар құқығын қорғау бағытында жүйелі жұмыс атқарылып жатқанын жеткізді.

«Инвестициялық жобаларды сүйе­мелдеу – өзекті мәселе. Мемлекет басшы­сының тапсырмасымен Шымкентте ин­вестиция тарту бағытында ауқымды жұмыс атқарылу үстінде. Мұндай кездесулер мемлекет пен бизнес арасындағы ашық пікір алмасуды қамтамасыз етеді. Инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысында кездесетін барлық мәселені ашық талқылауға көмектеседі. Сонымен бірге олардың шешу жолдарын бірлесіп іздестіруге ықпал етеді. Инвестиция сала­сындағы түйткілдер өңірлік инвест-штабтың апта сайынғы жиындарында талқыланады. Осы бағытта прокурор­лық сүзгі, «жасыл дәліз» секілді құралдар өзінің оң нәтижесін көрсетіп отыр. Мәселен, өткен жылмен салыстырғанда негізгі инвестиция көлемі биыл 7,5 пайызға артты. Шымкент қаласының әкімдігі кәсіпкерлермен, инвесторлармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуге әрдайым дайын», деді ол.

Ресми дерекке сүйенсек, осы жылдың І тоқсанында мегаполис экономикасына 111,2 млрд теңге инвестиция тартылды. Оның ішінде жеке инвестиция көлемі  – 103,2 млрд теңге. Үкімет тарапынан 183 млн доллар көлемінде шетелдік тікелей инвестиция тарту мақсаты қойылған. Өткен жылдың қорытындысы бойынша қала экономикасына 127,7 млн доллар шетелдік тікелей инвестиция құйылды. Тарқатып айтсақ, 74,3 млн доллар өңдеу өнеркәсібіне, қалған 56,3 млн доллар өзге салаларға жұмсалды. Шетелдік тікелей инвестицияның негізгі бөлігі өңдеу өнеркәсібіне тартылды.

Бұл шаһар экономикасында осы салаға басымдық жоғары екенін білдіреді, дейді мамандар. Қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы өкілдерінің айтуынша, 2026–2030 жылдарға 164 инвестициялық пул жасақталған. Оның жалпы құны
4,46 трлн теңгені құрайды. 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашу көзделген. Өңдеу өнеркәсібі саласында 2030 жылға қарай 115 инвестициялық жоба жүзеге асырылады. Бұл жобалар­дың құны 3,7 трлн теңгеге тең. Нәтиже­сінде, 9 мың­нан астам жұмыс орны құры­лады. Енді іске қосылған, іске асыру жоспарда тұр­ған инвестициялық жоба­ларға тоқ­талсақ, ең алдымен «Кока-Кола Алматы Боттлерс» серіктестігін айта кеткен жөн. Зауыт алкогольсіз сусындар шығарады. Инвестициялық құны – 27 млрд теңге. Жүз адам жұмыс орнымен қамтылды. Кәсіпорын 2024 жылы іске қосылған. Сол жылы Қытай елінің инвестициясымен «Wan Sheng Ceramic» зауыты ашылды. Онда керамикалық тақташалар өндіріледі. 350 жаңа жұмыс орны пайда болды. Кәсіпорын салуға 25,5 млрд теңге инвестиция тартылды. Өткен жылы «QazAlPack» компаниясы алюминий ыдыстарын шығаратын кәсіпорынды іске қосты. Оған серіктестік 30 млрд теңге инвестиция жұмсады. 112 адам кәсіпорында еңбек етеді. Шаһарда «Intertrans C.A» ком­паниясының алкилат пен полипропилен өндіретін мұнай-химия зауытының құрылысы жүріп жатыр.

Жобаны іске асыруға 80 млрд теңге инвестиция салынды. 800 жұмыс орны құрылады. Кәсіпорын 2028 жылы іске қосылады. Нысан құрылысын жүр­гізу үшін «Жұлдыз» индустриалды аймағынан 30 гектар жер теліміне мем­ле­кеттік акт берілді. Биыл Түркия инвес­тициясымен салынып жатқан «Alsera KZ» серіктестігінің жылыжай кешені құрылысының І кезеңі аяқталады. 98 млрд теңге инвестиция құйылған жобаның нәтижесінде 1750 жұмыс орны құрылады. Биыл қараша айында жылыжай кешенінен алғашқы өнім алынады. Құрылыстың І кезеңінде 40 гектар жерге жылыжай кешені салынады. Қазір 18 гектар аумақта қызанақ өсіріліп жатыр. Қалада жүзеге асып жатқан тағы бір агросектор саласындағы жоба бар. Ол –Польша инвестициясының күшімен салынып жатқан «Fabe-Agro» серіктестігінің жылыжай кешені құрылысы. Жұмсалған инвестиция көлемі 68 млрд теңгеге жетті. Жылыжайда 1200 адам еңбек ететін болады. Кешен құрылысы 2028 жылы аяқталады деп жоспарланып отыр. Жобаны іске асыруға 144 гектар жер телімі рәсімделді. Жыл аяғына қарай жылыжай кешенінің алғашқы бөлігі пайдалануға беріледі.

Аталған жобаны қолға алу мақсатын­да өткен жылдың қазан айында Астана­да өткен «Kazakhstan Global Investment Roundtable» халықаралық инвестициялық форумында Қазақстанның Ауыл шаруа­шылығы министрлігі, Шымкент қала­сының әкімдігі мен «Fabe-Agro» серік­тестігі үшжақты инвестициялық келі­сімге қол қойған еді. Осы жылыжай кешен­­дерінің құрылысы толық аяқталған соң Шымкент жыл он екі ай өзін өзі көкөніспен қамтамасыз етеді. Сонымен бірге республиканың басқа өңірлеріне сапалы, табиғи таза өнімдерін жөнелтіп, алыс-жақын шетел нарығын игеруді бастайды. Ауыл шаруашылығы, қайта өңдеу саласындағы инвестициялық жобалар мемлекет қолдауымен, жергілікті атқарушы биліктің жетекшілігімен жүзеге асып жатыр. Шетелдік кәсіп­керлердің инвес­тиция құюға қызығушылығының артуы олар­дың бірін­ші кезекте елімізге деген сенім­ділігін біл­діреді. Сондықтан осы сенімге селкеу түспес үшін инвесторлар құқығы әр­дайым қорғалуы керек, дейді мамандар.

Инвестициялық жобаларға оралсақ, келер жылы қалада 2 мың жұмыс орнын қамтитын «Казахский инноваци­оннный университет» серіктестігінің көпсалалы ауруханасы мен клиника­лық-диагностикалық орталығы пайдала­нуға беріледі. Диагностикалық-емдеу мекемелерінің құрылысына компания 180 млрд теңгеге жуық инвестиция құйды. Түркиялық инвестиция есебінен «Technomat Technological Materials Industry» серіктестігінің жоғары технологиялық материалдар өнді­рісінің жобасы іске асып жатыр. 313 млрд теңге инвестициялық қаражатқа тұр­ғызылған кәсіпорында елуден астам адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Елордада өткен былтырғы халықаралық инвестициялық форум барысында компания мен қала әкімдігі арасында өзара ынтымақтастықты дамыту жөнінде арнайы меморандуға қол қойылды.

Бүгінде қытайлық инвесторлар «Shaanxi Construction Kazakhstan Co., Ltd» компаниясы арқылы тұрмыстық қалдықтардан электр энергиясын өндіру жобасын іске асырып отыр. Жоба құны 55 млрд теңге тұрады. Екі жүзден астам адам осы кәсіпорында өздеріне тұрақ­ты жұмыс табады. Жобаның іске асуы­на жергілікті атқарушы билік пен серіктестіктің сондай-ақ Экология және табиғи ресурстар ми­нистр­лігінің өзара келісімдері түрткі болды. Сонымен бірге «AluTech» компаниясы шаһарда алюминий сымдарын өндіретін зауыт құрылысын салып жатыр. Осы мақсатқа орай «Жұлдыз» индустриалды аймағынан 8,5 гектар жер телімі рәсімделді. Қазіргі таңда жұмысшылар жерді құрылыс нысанын салуға да­йындау үстінде. Кәсіпорын 2028 жылы іске қосылады деген жоспар бар. Зауыт құрылысын жүргізуге компания 51 млрд теңге инвестиция қаражатын салды. Кәсіпорында алдағы уақытта 300 адам жұмыспен қамтылады. 

Форумда Инвесторлардың құқық­тарын қорғау комитетімен қоса Шым­кент қаласының прокуратурасы да өңір­дегі маңызды инвестициялық жобаларды сүйемелдейтінін жеткізді. Қада­ғалаушы органның басты міндеті – мем­лекеттік ұйымдардың қызметін бақы­лап, кәсіпкерлік салаға негізсіз араласу оқиға­ларының алдын алу. Бұл өз кезегінде инвесторлар құқығын қорғаудың ең тиімді тетігі дейді прокуратура өкілдері.

Ал «Атамекен» ҰКП басқарма төр­ағасының орынбасары М.Маханов инвес­торға ең алдымен тұрақтылық, әділдік пен өз құқығының қорғалатынына сенім­ділік қажет екенін еске салды.

«Мұндай кездесудің маңызы ерекше. Себебі инвестиция дегеніміз – тек қаржы емес, жаңа өндіріс пен жұмыс орындары, өңірдің дамуы мен халықтың әл-ауқаты тікелей соған байланысты. Кейінгі бір жарым айдың ішінде Ұлттық палата басшылығы еліміздің барлық 20 өңірін аралап шықты. Екі жарым мыңға жуық кәсіпкермен кездесті. 77 өндіріс орнында болып, бизнестің 350-ге жуық мәселесіне құлақ түрді. Өңірлерді аралау барысында кәсіпкерлер көтеретін мәселелердің басым бөлігі барлық аймаққа ортақ екенін байқадық. Олар жер қатынастары, инженерлік инфрақұрылымға қосылу, қаржыландырудың қолжетімділігі, әкім­шілік кедергілер, экспорттық нарық­тарға шығу, мемлекеттік ақпа­раттық жүйелердің тиімді жұмысы секілді түйт­кілдер. Бұлар өңірдегі инвестициялық ахуалға тікелей әсер етеді, деді «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары М.Маханов.

Осы жиында бірқатар кәсіпкер өзін мазалаған сұрақтарын қойып, тиісті сала мамандарынан нақты жауаптар алды. Сондай-ақ форумда Шымкент қаласының әкімдігі, прокуратура мен кәсіпкерлер палатасының арасында үш жақты меморандумға қол қойылды. Бұл құжат инвесторлардың құқығын қорғауда тараптардың қызметін бір-бірімен үйлестіретін болады.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:137
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Шілде 2026 21:58
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see140

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see138

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see137

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see137

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see136

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see135

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see134

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see129

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see128

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see126

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see125

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see124

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see124

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see123

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see123

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see122

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see121

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see117

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see116

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары