Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Оңтүстік Кореяда қазақ мейрамханасы ашылды

Оңтүстік Кореяда қазақ мейрамханасы ашылды

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Қазақтың ұлттық тағамдары шетелдіктер арасында кең танылып келеді. Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында қазақ мейрамханасы ашылды. 

Қуырдақ пен бауырсақ дәмін тату үшін шетте жүрген қазақстандықтар да бұл жерге арнайы барады. 

Инчхон қаласында қазақ мейрамханасын Шығыс Қазақстан облысының тумасы Арайлым Алдажарова ашты. Бұл – іскер әйелдің көптен бергі арманы еді. Ол өзі тұрған шаһарда қазақтың мәдениеті мен тұрмыс-тіршілігі таныстыруды мақсат еткен. Арайлым Оңтүстік Кореяға 25 жыл бұрын жұбайымен бірге келген. Университетті осында тәмамдаған. Кейін жолдасымен бірге автокөлік экспортымен айналысатын компания құрды. Арайлымның екі ұлы бар: үлкені – 14 жаста, кішісі – небәрі екі айлық. Қазіргі таңда ол Корея Республикасының азаматтығын алған және оның үш есімі бар. Оңтүстік кореялықтар «Арайлым» есімін айтуға қиналып, оны Зарина деп атай бастаған. Кейін корейше Чон Ын Джу деп айтатын болған. 

Арайлым Алдажарова, қазақ мейрамханасының директоры:

- Біздің қазақтар бауырсақ, бешбармақ, соны аңсайды содан кейін. Сол қазақтың тағамын, біздің Орта Азия барлық ұлттарына арнап осы ресторанды ашып едім. Қазақстанды қатты сағынамын, аңсаймын, әке-шешемді сағынамын.

Инчхон – Оңтүстік Кореядағы халық саны бойынша үшінші ірі қала. Мұнда үш миллионнан астам адам тұрады. Мегаполисте шетелдік мейрамханалар көп болғанымен, қазақ мейрамханасы алғаш рет ашылып отыр. Келушілерге Қазақстаннан жеткізілетін еттің дәмі ерекше ұнайды.

Ким Ён, Инчхон қаласының тұрғыны:

- Өте дәмді. Дәмі де, интерьері де өте жақсы. Әсіресе стейк қатты ұнады. Еті жұмсақ, сіңірсіз.

Құрманбек Медеубеков, Қазақ мейрамханасының бас аспазшысы:

- Біздің етке жетпейді. Сарыарқаның жерінде жайылып жүрген етке қандай ет жетсін. Біз бәрін көрдік, қай ұн қандай болады, қай майдың дәмі қалай болады. Сол үшін біз көп заттарды Қазақстаннан алдыртып жасауға тырысып жатырмыз. Қазыны, етті, жаңағы майларымызды, жентімізді бәрін Қазақстаннан алдыртып, осындай Корей халқына дәмін көрсетіп, жегізіп, таныстырып жатырмыз.

Арайлым енді мейрамхананы қазақтың ұлттық стилінде безендіріп, қазақстандық тауарлар сататын дүкен ашуды жоспарлап отыр. Ал көктемде бұл жерде Инчхонда тұратын қазақтар Наурыз мерекесін атап өтпек.

Авторлары: Владислав Цой, Ольга Лян

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:218
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Желтоқсан 2025 18:06
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары