Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Уақытпен үндескен ұрпақ

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Цифрлық дәуірдегі дала

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

Оны қызыма жолатпауға уәде бердім Нұрайдың әкесі сотта эмоциясын тежей алмады

Оны қызыма жолатпауға уәде бердім Нұрайдың әкесі сотта эмоциясын тежей алмады

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Нұрайдың өліміне қатысты кезекті сот отырысында қыз ұрлануы мүмкін деген шақырту бойынша барған бұрынғы тергеуші, сондай-ақ сотталушының ата-анасы мен туыстары жауап берді. Олардың сотта не айтқаны туралы Tengrinews.kz репортажында.

"Адам өлтіру", "Алып қашу" және "Сталкинг"

Еске салайық, айыпталушылар орындығында Қылмыстық кодекстің бірден үш бабы бойынша айыпталып жатқан 28 жастағы Ш. А. отыр:

99-баптың 2-бөлігі 5-тармағы "Аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру"; 125-1-бап "Некеге тұруға мәжбүрлеу"; 115-1-бап "Сталкинг".

Анықтама: Ш. А. - сотталушы,
А. М. - оның әкесі.

Сұлтан мен Дінмұхамед Серікбай - Нұрайдың ағалары.

"Мен оның келісімін сұрадым": сотталушының әкесінің нұсқасы

Анықтама: А. М. - сотталушының әкесі.

Сотта сотталушының әкесі А. М. түсініктеме берді. Ол 5 қазанда таңертең ұлы үйіне қызбен келетінін алдын ала ескерткенін айтты.

"Мән-жайды бірден түсінбей, оған WhatsApp-тан жаздым. Кейінірек, сағат 13:50-де ұлым байланысқа шықты. Мен: "Қыз сенімен өз еркімен келе жатыр ма?" – деп сұрадым. Ол: "Иә", – деп жауап берді. Содан кейін мен дайындық жасау керек екенін айтып, сағат екілер шамасында туыстарыма хабарладым", – деді ол.

Оның айтуынша, сағат 16:30 шамасында жастар Шымкенттегі үйге келген. Сотталушының әкесі Нұрайға бірден орамал салынбағанын айтты.

"Мен алдымен оның келісімін алуды жөн көріп, үйге кіргіздік. Қонақ бөлмеде Ш., Нұрай, ұлдарым мен келінім болды. Сол жерде бойжеткеннің келісімін сұрап, қолхат жазып беруін өтіндік. Ол жолдан шаршағанын, жуынып, киім ауыстырып алғысы келетінін айтты. Содан соң мен оларды қарындасым және балалармен бірге ауылдағы үйге жібердім", – деді сотталушының әкесі.

Оның сөзінше, сағат 19:30 шамасында Нұрай той басталып кеткен үйге қайтып оралған. Көп ұзамай оның ағалары келген. Сотталушының әкесінің айтуынша, ағалары қарындасын бірден алып кетпек болған, алайда Нұрайдың ата-анасының шешімін күте тұруды сұрағаннан кейін бойжеткен "қарсылықсыз бөлмеге қайта кірген". Бұл кезде ағалары полиция шақырған.

Сондай-ақ А. М. Нұрайдың ағаларына туыстары күш көрсеткенін жоққа шығарды. Ал бұған дейінгі сотта марқұмның ағалары мүлдем басқаша мәлімдеген болатын. Олардың айтуынша, сотталушының туыстары агрессивті мінез көрсетіп, оларды итеріп, жан-жаққа ажыратуға тырысқан және жағдайды "алып қашу" дәстүрімен ақтаған.

Қолхат не үшін қажет болды?

Жауап алу кезінде жәбірленуші тараптың адвокаты Аянхан Омаров, егер қорғаушылардың нұсқасы бойынша Нұрай өз еркімен келген болса, қолхаттың не үшін қажет болғанын сұрады.

– Қолхат жазуды кім ұсынды?

– Бұл менің идеям болды. Оны қыздың ата-анасына көрсеткім келді, – деп жауап берді сотталушының әкесі.

Олай болса, жазбаша растама не үшін керек болды деген нақтылаушы сұраққа куәгер жауап бере алмады.

"Сен ұлыңды менің қызыма жолатпаймын деп уәде бергенсің"

Отырыс барысында сотталушының әкесі А. М. ұлының Нұрайды аңдығанын білмегенін айтты. Осыдан кейін марқұм қыздың әкесі оған ашулана тіл қатты.

"Мен саған оның қыздың соңынан қалмай жүргенін, көлігі үнемі біздің үйдің алдында тұратынын айтқанмын. Ол бірге оқитын қыздардың мазасын алып, хат жазатынын да жеткізгенмін. Сен менімен екі рет кездестің. Сен ұлыңның менің қызымды ренжітпейтініне және оған жолатпайтыныңа уәде бергенсің", – деді Нұрайдың әкесі.

Сотталушының әкесі мұндай уәде бермегенін айтып жауап қатты.

"Ұлым маған: "Бәрін өзім шешемін" – деді, мен оған сендім", – деп мәлімдеді ол.

Бұдан кейін тараптар арасында дау шықты. Судья араласып, қатысушыларды тәртіпке шақыруға мәжбүр болды.

Сондай-ақ сотталушының анасы, екі ағасы және екі тәтесінен жауап алынды. Олардың бәрі Нұрайдың Шымкентке өз еркімен келгенін және туыстары одан некеге келіп-келіспейтінін бірнеше рет сұрағанын айтты.

Бұл ретте судья оқиға болған күні Нұрай спорттық киімде болғанына және ешқандай затсыз келгеніне назар аударды.

"Әдетте, егер қыз өз еркімен тұрмысқа шығатын болса, ол өзімен бірге заттарын, көйлегін ала келеді. Ал сіздер оның спорттық киіммен келгенін айтып отырсыздар", – деді судья.

Куәгерлер бұл сұраққа жауап бере алмады.

Нұрайды видеоға түсірген тергеуші сотта сөз сөйледі

Бұдан бөлек, сотта Шымкент қаласы Қаратау ауданының бұрынғы тергеушісі сөз сөйледі. 2024 жылдың 5 қазанында Нұрайдың ұрланғаны туралы шақырту бойынша дәл осы маман барған.

Бұрынғы куәгердің айтуынша, 102 нөміріне хабарлама қыздың ағаларынан түскен. Полицейлер келгенде, сотталушының отбасында "той" болып жатқан. Тергеуші Нұраймен алдымен үйде, содан кейін полиция бөлімінде сөйлескен.

"Ол Ш. өзінің жігіті екенін, олардың кездесіп жүргеніне үш ай болғанын, ал Алматыдан Шымкентке өз еркімен келгенін айтты. Ауданық полиция басқармасында ол ешқандай шағымы жоғын қайталап, түсініктеме жазды. Мен оның шағымы жоқ екені туралы видео түсірдім. Осыдан кейін жастарды жібере салды", – деді ол.

Алайда келесі күні іске прокуратура араласқан.

"7 немесе 8 қазанда аудан прокуроры арыз түскенін хабарлап, екі тарапты да шақыртты. Алдымен ол Нұрайды әкесімен бірге қабылдады, кейін әкесінен шыға тұруын өтінді. Прокурор Нұрайдан тергеуші тарапынан қысым болған-болмағанын сұрады, ол болса шағымынан өз еркімен бас тартқанын, ал Ш.-ның үстінен арызды ағасы мен әкесінің талабы бойынша жазғанын айтты", – дейді экс-тергеуші.

Сондай-ақ судья тергеуші шақырту бойынша келген соң, ұрлық туралы хабарлаған Нұрайдың ағаларынан неге жауап алмағанына назар аударды. Экс-тергеуші мұның себебін түсіндіре алмады.

Нұрайдың өлімінен кейін тергеуші жұмыстан шығарылған

Жауап алу кезінде ер адам 2026 жылғы 20 қаңтарда (Нұрай 11 қаңтарда өлтірілген – ред. еск.) "заңсыз шешім қабылдағаны үшін" ішкі істер органдарынан босатылғанын айтты.

Анықтама: Экс-тергеуші сотта нақты қандай шешім туралы сөз болып тұрғанын нақтыламады.

Ол бұл шешіммен келіспейтінін және жұмыстан шығарылуын сотта даулап жатқанын мәлімдеді. Оған дейін ол тергеуші болып бір жарым жыл жұмыс істеген.

Бұдан бөлек, оның айтуынша, Қаратау аудандық полиция қызметкерлеріне қатысты "Салғырттық" бабы (Қылмыстық кодекстің 371-бабы) бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Жауап алу барысында судья Самиддин Темірәлиев бұрынғы тергеушінің Нұрайды неге жеке телефонына түсіргенін және бұл жазбаны неге тіркемегенін сұрады.

"Мен көптеген қылмыстық істі көрдім, бірақ адамды видеоға түсіріп алғанын бірінші рет кездестіріп тұрмын. Мұндай тәртіп қашаннан бері пайда болды? Сіз келісімін алдыңыз ба, хаттама толтырдыңыз ба, куәгерлерді шақырдыңыз ба? Бұл жазба неге тіркелмеген?" – деп сұрады судья.

Экс-тергеуші ол кезде қылмыстық іс қозғалмағанын, сондықтан видеоны тіркеуді қажет деп санамағанын айтты.

Судья тек заң аясында әрекет ету қажет екенін баса айтты.

Жауап алу соңында экс-тергеуші "алып қашу" бабы жеке-жариялы айыптау істеріне жататынын және жәбірленушінің арызын талап ететінін атап өтті.

"Қарындасымды қамап ұстап отырғанда, ол бауырсақпен шай ішіп отырды": ағаларының нұсқасы

Бұрынғы тергеушінің айғақтары Нұрайдың ағалары сотта бұған дейін айтқан нұсқадан айтарлықтай ерекшеленеді. Марқұм қыздың ағасы Сұлтан полиция келгеннен кейін сотталушының әкесі тергеушіні дастарқанға шақырғанын айтқан болатын.

"Сотталушының әкесі тергеушіге жарамсақтанып, дастарқанға шақырды. Тергеуші расымен де дастарқан басына отырды! Көрші бөлмеде қарындасымды күштеп ұстап отырғанда, ол мандарин аршып, бауырсақты шайға батырып жеп отырды. Біз оған мұны қойып, іске көшуді айттық. Дінмұхаммед (Нұрайдың тағы бір ағасы – ред. еск.): "Сіз мұнда шай ішуге келдіңіз бе? Біз қарындасымызды алып кетуге келдік!" – деді. Мұның бәрі уақыт ұту және Нұрайды психологиялық тұрғыдан сындыру үшін әдейі жасалды", – деп бұған дейін айғақ берген болатын Сұлтан.

Экс-тергеушінің өзі сотта бұл жағдайларды растамады.

Сот процесі жалғасып жатыр. Tengrinews.kz оқиғаның барысын бақылап отыр.

"Аффект жағдайында болдым": сотталушы сотта не деді?

Алдыңғы отырыста 28 жастағы сотталушы Ш. А. Нұрайды ұрлау және аңду туралы айыптарды жоққа шығарған еді.

Ол қызбен қарым-қатынаста болғанын, оған тұрмысқа шығу туралы ұсыныс жасағанын, ал қайғылы оқиға болған күні жүзікті қайтарып, айырылысу үшін келгенін мәлімдеді.

Оның нұсқасы бойынша, Нұрай оған бірінші болып пышақ жұмсаған, содан кейін ол аффект жағдайына түсіп, оған қалай өлімші жарақат салғаны есінде жоқ екенін айтады. Сондай-ақ Ш. А. 2019 жылдан бастап басынан алған жарақатынан кейін психикалық ауытқуы барын мәлімдеді.

Сотталушының соттағы сөзі / Соттың онлайн отырысынан скриншот

Бір жарым сағат ішінде 76 қоңырау: бұған дейін не белгілі болды?

Бұған дейін прокурор айыптау актісін оқыды, ол үш эпизодтан тұрады.

Тергеу мәліметінше, 2025 жылдың жазында сотталушы Нұраймен танысып, күзде оны Алматыда ұрлап кеткен және некеге тұруға мәжбүрлеу үшін Түркістан облысындағы туыстарының үйіне апарған. Сол кезде қыздың ағалары полициямен бірге оны үйіне қайтарып алған.

Бұдан кейін, тергеу деректері бойынша, ер адам қыздың соңына түскен: бірнеше күн ішінде оған 154-тен астам рет қоңырау шалып, Алматыдағы үйі маңында аңдып жүрген.

2026 жылғы 11 қаңтарда кешке Шымкентте Нұрайдың ата-анасының үйі маңында ер адам оған пышақ жарақаттарын салған. Қыз оқиға орнында көз жұмды, ал күдікті екі күннен кейін ұсталды.

Анықтама: Бұған дейін тергеу барысында күдікті тергеу изоляторынан Алматы облысының Ақтас ауылындағы мамандандырылған психиатриялық ауруханаға сот-психиатриялық сараптама жүргізу үшін ауыстырылған болатын . Сол кезде Нұрайдың туыстары күдікті психикалық ауытқуды желеу етіп, жауапкершіліктен жалтаруы мүмкін деп қауіптенген. Бірақ сараптама күдіктінің есі дұрыс деп таныды.

Соттың онлайн-отырысынан скриншот

Іс хроникасы

Қайғылы оқиға 11 қаңтарда болды. Желіде тараған бейнебақылау камераларындағы жазбалардан ер адамның қызды аңдып жүргенін, қыз қашуға тырысып, қарсылық көрсеткенін, содан кейін ер адам оған пышақ жарақатын салып, оқиға орнынан қашып кеткенін көруге болады. 13 қаңтарда күдікті – өңірдің 28 жастағы тұрғыны қаладан 10 шақырым жерде ұсталды.

Ұсталған адам туралы Нұрайдың ағасы Сұлтан бөліскен мәліметтер БАҚ пен әлеуметтік желілерде ашу толқынын тудырды.

Күдікті оның қарындасын тойда танысқан 2024 жылдың жазынан бастап аңдығаны белгілі болды. Қыз оның тым белсенді көңіл білдіруінен сыпайы түрде бас тартқан, бірақ қазанда ер адам түбегейлі әрекеттерге көшкен.

"Ол телефонды тартып алып, көлікке отырғызып, Алматыдан Шымкентке алып кеткен. Нұрай үй киімімен болған, оған "соңымнан ермеңіз, мені аңдуды қойыңыз" деп айту үшін ғана шыққан. Ол үлкендерді әрқашан сыйлайтын, ал күдікті 28 жаста болған. Ол осыны пайдаланып, оны алып қашқан", – деп еске алды Нұрайдың ағасы Сұлтан.

Сол кезде Сұлтан мен үлкен ағасы қарындасын полиция шақырту арқылы ғана құтқара алған – ұсталған азаматтың туыстары Нұрайды келін ретінде жібергісі келмеген. Полиция қызды босатуға көмектесті. Бірақ кейін оның отбасы құқық қорғау органдарының немқұрайлылығына тап болды.

Қыздың туыстары адам ұрлау туралы полиция мен прокуратураға үш рет арыз жазған. Бірақ олар қабылданбады. Бірнеше айдан кейін қызды өлтіріп кетті.

Жағдайға Президент Қасым-Жомарт Тоқаев назар аударып, 20 қаңтарда Ұлттық құрылтай отырысында полицияның әрекетіне баға беруді тапсырды. Сол күні Шымкент полициясының бастығы Нұрлан Алмасбеков қызметінен босатылғаны, ал некеге тұруға мәжбүрлеу туралы істі тіркемеген қызметкерлерге қатысты салғырттық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды.

Осыдан кейін әлеуметтік желілерде бейнежазба тарады, оны Шымкент полиция департаментінің бұрынғы қызметкерлері жариялады деген болжам бар. Жазбада Нұрай Серікбай өзін некеге тұру мақсатында ешкім ұрламағанын және сол күні күдіктінің көлігіне өз еркімен отырғанын айтады. Роликте Нұрай ер адамға ешқандай шағымы жоқ екенін айтқаны да бар.

Нұрайдың ер адамға ешқандай шағымы жоқ екені туралы сөздері де естіледі.

Скриншот: видео/typicalkaz/Instagram

Отбасының адвокаты Сержан Нүрпейісов жәбірленуші тарап тергеу құпиясы бұзылғаны үшін ресми шағым түсіргенін хабарлады.

Бұған дейін марқұм Нұрай Серікбайдың отбасы Бас прокуратураға шағым жолдады.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:70
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Тамыз 2026 15:05
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see156

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see147

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see145

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see145

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see145

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see143

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

19 Қыркүйек 2026 00:23see142

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see137

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see136

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see134

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see131

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see128

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see128

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see122

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see120

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see119

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see119

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see119

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see117

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

19 Қыркүйек 2026 11:06see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары