Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Доллар үздік ондыққа әрең ілінді: Әлемдегі ең қымбат валюталар тізімі

Үйшік: Атыраудың терең тарихындағы көне қала аты

ҰлтССО АҚ ға монополияға қарсы заң бұзушылық үшін ескерту жасалды

Блогер Қайсар Қамза Қазақстанға қайтарылды прокуратура мән жайды ашты

Павлодарда кәмелетке толмағандарға алкоголь сатқандар жауапқа тартылды

Түркістандағы Respublica форумы: нақты нәтиже, нақты жауапкершілік

ШҚО да су бетіне сапбордпен шыққан екі шетелдік қиын жағдайға тап болды

Жақында грант иегерлерінің тізімі жарияланады

Алматы полициясы Канье Уэсттің жанкүйерлерінt ескерту жасады

Қазақстан мектептерінде кейбір пәндердің атауы өзгеріп, жаңа сабақтар енгізілді

Ұлттық экономика министрлігі аппаратының басшысы тағайындалды

Бокс кеші өтеді

Қазақстандықтардың зейнетақы жинағы 4,08 трлн теңгеге өсті БЖЗҚ себебін атады

Электрондық құжаттарды пайдалану қағидалары жаңартылды

Полицей мен ТЖД қызметкері балаларды құтқарып қалды

Сандуғаш Дүйсенова Бажкенованың ақпаратты қалай бұрмалағанын айтып берді

Ұлттық ұланның әскери бөлімдерінде 40 қа жуық егіздер қызмет етіп жүр

Заманауи технологиялар шаруашылықтың шырайын келтіреді

Қазақстанда мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы жаңа заң әзірленіп жатыр

Еліміздегі ежелгі қалалардың бірі қайта жаңғыртудан өтіп жатыр

Анашым, мен мұны қаламадым : Нұрайдың хат алысуы сотта оқылды

Анашым, мен мұны қаламадым : Нұрайдың хат алысуы сотта оқылды

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

21 жастағы Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты сотта жаңа деректер белгілі болды. 7 тамызда өткен отырыста қыздың оны алып қашқан күні анасына жазған хаттары мен сотталушының тергеу изоляторында әкесімен сөйлескен сөзінің стенограммасы оқылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Анашым, бәрі менің келісімімсіз болды"

Сотта Нұрай Серікбайдың 2025 жылғы 4 қазанда анасына жазған хаттары оқылды. Тергеу нұсқасы бойынша, осы күні сотталушы қызды некеге мәжбүрлеу мақсатында алып қашып кеткен.

Хаттардан анасының қызына бірнеше рет хабарласпақ болғаны көрінеді.

"Неге жауап бермейсің? Нұрай, маған қайта хабарласшы. Не істеп жатырсың? Сенен мұндайды күтпеп едім", – деп жазған марқұмның анасы Айгүл Сағынбекова.

Бұған жауап ретінде Нұрай былай деп жазған:

"Анашым, бәрі менің келісімімсіз болды. Мен бұлай болғанын қаламадым".

Судья Самиддин Темірәлиев бұл хаттар Нұрайдың анасы бұған дейін сотта берген айғақтарымен сәйкес келетінін атап өтті.

Тағы оқыңыз: “Ұяттан жұрдай“. Нұрайдың ата-анасы сотта сөз сөйледі

"Бәрімізді масқара қылдың"

Сондай-ақ сотта сотталушының әкесімен телефон арқылы сөйлескен сөзінің стенограммасы жарияланды. Жазба 2026 жылғы 12 наурызда тергеу изоляторында жасырын тергеу амалдары аясында жасалған.

Әңгіме барысында әкесі ұлынан болған жайтты бірнеше рет сұраған, алайда ол әрбір сұраққа ештеңе есінде жоқ екенін айтып жауап берген.

Әкесі: Жағдайың қалай? Сотталушы: Жақсы, өзіңіз қалайсыз? Әкесі: "Жақсысы" несі? Бәрін өлтіріп қойдың ғой. Не бүлдіріп қойғаныңды білесің бе өзі? Қандай баппен айыпталып жатқаныңнан хабарың бар ма? Не болып жатқанын түсініп тұрсың ба өзі? Сотталушы: Білмеймін. Ештеңе есімде жоқ. Көп нәрсе есімнен шығып кетіпті. Әкесі: Енді қалай күн көреміз? Осының кесірінен жұмыс тоқтап қалды. Тіпті жұмысқа да бара алмадым. Сен болсаң "бәрі жақсы" дейсің бе? Түрмеде отырғанның несі жақсы? Сотталушы: Ештеңе есімде жоқ. Әкесі: Жасаған ісің үшін жауап беретініңді түсінесің бе? Бәрімізді масқара қылдың! Ол қыздың не болғанын білесің бе? Ол да біреудің үкілеп өсірген қызы еді ғой! Сотталушы: Жоқ, білмеймін, есімде жоқ. Әкесі: Айтарға ешқандай сөзің жоқ па? Сотталушы: Жоқ, қазір ештеңе есіме түспей тұр. Әкесі: Бәрін де түсініп тұрсың, бірақ әдейі "білмеймін" дейсің. Көшеге шыға алмай қалдық қой! Енді бәрі бітті.

Сот талқылауы жалғасып жатыр.

Сотталушыға қандай айып тағылып отыр?

Еске сала кетейік, сотталушы 28 жастағы Ш. А. Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша айыпталып жатыр:

99-баптың 2-бөлігінің 5-тармағы бойынша – "Аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру"; 125-1-бап бойынша – "Некеге тұруға мәжбүрлеу"; 115-1-бап бойынша – "Сталкинг"". "Аффект жағдайында болдым": сотталушы сотта не деді?

Алдыңғы отырыста 28 жастағы сотталушы Ш. А. Нұрайды ұрлау және аңду туралы айыптарды жоққа шығарған еді.

Ол қызбен қарым-қатынаста болғанын, оған тұрмысқа шығу туралы ұсыныс жасағанын, ал қайғылы оқиға болған күні жүзікті қайтарып, айырылысу үшін келгенін мәлімдеді.

Оның нұсқасы бойынша, Нұрай оған бірінші болып пышақ жұмсаған, содан кейін ол аффект жағдайына түсіп, оған қалай өлімші жарақат салғаны есінде жоқ екенін айтады. Сондай-ақ Ш. А. 2019 жылдан бастап басынан алған жарақатынан кейін психикалық ауытқуы барын мәлімдеді.

Сотталушының соттағы сөзі / Соттың онлайн отырысынан скриншот

Бір жарым сағат ішінде 76 қоңырау: бұған дейін не белгілі болды?

Бұған дейін прокурор айыптау актісін оқыды, ол үш эпизодтан тұрады.

Тергеу мәліметінше, 2025 жылдың жазында сотталушы Нұраймен танысып, күзде оны Алматыда ұрлап кеткен және некеге тұруға мәжбүрлеу үшін Түркістан облысындағы туыстарының үйіне апарған. Сол кезде қыздың ағалары полициямен бірге оны үйіне қайтарып алған.

Бұдан кейін, тергеу деректері бойынша, ер адам қыздың соңына түскен: бірнеше күн ішінде оған 154-тен астам рет қоңырау шалып, Алматыдағы үйі маңында аңдып жүрген.

2026 жылғы 11 қаңтарда кешке Шымкентте Нұрайдың ата-анасының үйі маңында ер адам оған пышақ жарақаттарын салған. Қыз оқиға орнында көз жұмды, ал күдікті екі күннен кейін ұсталды.

Анықтама: Бұған дейін тергеу барысында күдікті тергеу изоляторынан Алматы облысының Ақтас ауылындағы мамандандырылған психиатриялық ауруханаға сот-психиатриялық сараптама жүргізу үшін ауыстырылған болатын . Сол кезде Нұрайдың туыстары күдікті психикалық ауытқуды желеу етіп, жауапкершіліктен жалтаруы мүмкін деп қауіптенген. Бірақ сараптама күдіктінің есі дұрыс деп таныды.

Соттың онлайн-отырысынан скриншот

Іс хроникасы

Қайғылы оқиға 11 қаңтарда болды. Желіде тараған бейнебақылау камераларындағы жазбалардан ер адамның қызды аңдып жүргенін, қыз қашуға тырысып, қарсылық көрсеткенін, содан кейін ер адам оған пышақ жарақатын салып, оқиға орнынан қашып кеткенін көруге болады. 13 қаңтарда күдікті – өңірдің 28 жастағы тұрғыны қаладан 10 шақырым жерде ұсталды.

Ұсталған адам туралы Нұрайдың ағасы Сұлтан бөліскен мәліметтер БАҚ пен әлеуметтік желілерде ашу толқынын тудырды.

Күдікті оның қарындасын тойда танысқан 2024 жылдың жазынан бастап аңдығаны белгілі болды. Қыз оның тым белсенді көңіл білдіруінен сыпайы түрде бас тартқан, бірақ қазанда ер адам түбегейлі әрекеттерге көшкен.

"Ол телефонды тартып алып, көлікке отырғызып, Алматыдан Шымкентке алып кеткен. Нұрай үй киімімен болған, оған "соңымнан ермеңіз, мені аңдуды қойыңыз" деп айту үшін ғана шыққан. Ол үлкендерді әрқашан сыйлайтын, ал күдікті 28 жаста болған. Ол осыны пайдаланып, оны алып қашқан", – деп еске алды Нұрайдың ағасы Сұлтан.

Сол кезде Сұлтан мен үлкен ағасы қарындасын полиция шақырту арқылы ғана құтқара алған – ұсталған азаматтың туыстары Нұрайды келін ретінде жібергісі келмеген. Полиция қызды босатуға көмектесті. Бірақ кейін оның отбасы құқық қорғау органдарының немқұрайлылығына тап болды.

Қыздың туыстары адам ұрлау туралы полиция мен прокуратураға үш рет арыз жазған. Бірақ олар қабылданбады. Бірнеше айдан кейін қызды өлтіріп кетті.

Жағдайға Президент Қасым-Жомарт Тоқаев назар аударып, 20 қаңтарда Ұлттық құрылтай отырысында полицияның әрекетіне баға беруді тапсырды. Сол күні Шымкент полициясының бастығы Нұрлан Алмасбеков қызметінен босатылғаны, ал некеге тұруға мәжбүрлеу туралы істі тіркемеген қызметкерлерге қатысты салғырттық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды.

Осыдан кейін әлеуметтік желілерде бейнежазба тарады, оны Шымкент полиция департаментінің бұрынғы қызметкерлері жариялады деген болжам бар. Жазбада Нұрай Серікбай өзін некеге тұру мақсатында ешкім ұрламағанын және сол күні күдіктінің көлігіне өз еркімен отырғанын айтады. Роликте Нұрай ер адамға ешқандай шағымы жоқ екенін айтқаны да бар.

Скриншот: видео/typicalkaz/Instagram

Отбасының адвокаты Сержан Нүрпейісов жәбірленуші тарап тергеу құпиясы бұзылғаны үшін ресми шағым түсіргенін хабарлады.

Бұған дейін марқұм Нұрай Серікбайдың отбасы Бас прокуратураға шағым жолдады.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:64
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 07 Тамыз 2026 13:45
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Доллар үздік ондыққа әрең ілінді: Әлемдегі ең қымбат валюталар тізімі

06 Тамыз 2026 16:56see147

Үйшік: Атыраудың терең тарихындағы көне қала аты

05 Тамыз 2026 23:24see125

ҰлтССО АҚ ға монополияға қарсы заң бұзушылық үшін ескерту жасалды

05 Тамыз 2026 23:23see119

Блогер Қайсар Қамза Қазақстанға қайтарылды прокуратура мән жайды ашты

06 Тамыз 2026 18:47see119

Павлодарда кәмелетке толмағандарға алкоголь сатқандар жауапқа тартылды

06 Тамыз 2026 15:01see117

Түркістандағы Respublica форумы: нақты нәтиже, нақты жауапкершілік

05 Тамыз 2026 22:45see117

ШҚО да су бетіне сапбордпен шыққан екі шетелдік қиын жағдайға тап болды

05 Тамыз 2026 23:05see116

Жақында грант иегерлерінің тізімі жарияланады

06 Тамыз 2026 08:29see116

Алматы полициясы Канье Уэсттің жанкүйерлерінt ескерту жасады

06 Тамыз 2026 19:10see115

Қазақстан мектептерінде кейбір пәндердің атауы өзгеріп, жаңа сабақтар енгізілді

06 Тамыз 2026 11:01see113

Ұлттық экономика министрлігі аппаратының басшысы тағайындалды

05 Тамыз 2026 18:55see112

Бокс кеші өтеді

06 Тамыз 2026 03:21see110

Қазақстандықтардың зейнетақы жинағы 4,08 трлн теңгеге өсті БЖЗҚ себебін атады

06 Тамыз 2026 20:22see110

Электрондық құжаттарды пайдалану қағидалары жаңартылды

05 Тамыз 2026 17:05see109

Полицей мен ТЖД қызметкері балаларды құтқарып қалды

06 Тамыз 2026 23:47see109

Сандуғаш Дүйсенова Бажкенованың ақпаратты қалай бұрмалағанын айтып берді

06 Тамыз 2026 21:05see109

Ұлттық ұланның әскери бөлімдерінде 40 қа жуық егіздер қызмет етіп жүр

06 Тамыз 2026 11:40see108

Заманауи технологиялар шаруашылықтың шырайын келтіреді

06 Тамыз 2026 03:44see108

Қазақстанда мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы жаңа заң әзірленіп жатыр

06 Тамыз 2026 11:01see107

Еліміздегі ежелгі қалалардың бірі қайта жаңғыртудан өтіп жатыр

06 Тамыз 2026 16:39see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары