“Оны жібергіміз келмеді“: ағалары қарындастарының ұзату тойында жылап қалды
Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
"Жылайсыңдар ма?" – деп сұраған Пәкизат қыз ұзату алдында інілерінен. Ақыры екеуі де көз жасына ерік берді. Ұзату тойынан түсірілген әсерлі видео бір ғана Instagram-да 2,5 миллион қаралым жинады, толығырақ – Tengri Life-та.
Көп қаралған ролик
Қыз ұзату тойынан түсірілген әсерлі кадрлар қазақстандықтарды тәнті етті. Пәкизаттың інілері әпкесімен қоштасу сәтінде көз жасына ерік берген видео әлеуметтік желіде тез тарады. Салтанатты рәсім алдында қыз інілерінен "жылайсыңдар ма?" деп сұраған. Олардың бірі "жоқ" деп нық сеніммен жауап бергенімен, эмоцияға бой алдырды.
Пакизат - Ақтөбе облысындағы Шалқар тумасы. Қыз ұзату салтанаты да осында өтті. Кадрларда оның 14 жастағы туған інісі Әбділқадыр мен 2008 жылы туған немере інісі Хангелді түсірілген.
Әпкесінің әңгімесі
Instagram-дағы бұл жазбаны көру
Жазбамен бөліскен: Пәкизат Руслан — стилист | оқыту | Алматы (@pakizatte)
Пәкизат Әбділқадыр эмоцияға берілуі мүмкін деп ойлаған. Оның айтуынша, інісі өте сезімтал әрі әсершіл. Ал Хангелдінің көз жасы қыз үшін күтпеген жағдай болды.
"Екі бауырым да сезімдерін білдіруде ашық әрі еркін болып өсті. Олардың сезімдерін жасырмағанына қуанышты болдым. Тойда олар билеп те, жылап та үлгерді", - деді Пәкизат.
Қыз інілері жылағанын көргенде, өзін де сезім билеп кеткенін айтты.
"Бірақ соңына дейін өзімді бекем ұстап, жыламадым. Ұзату тойымда сыңсу ретінде өлең оқыдым, оны еңіремей соңына дейін жеткізгім келді. Кетіп қалғаннан кейін ғана көз жасыма ерік бердім", - деп бөлісті ол.
Анықтама: сыңсу - бұл қыз ұзату тойында қалыңдық ата-анасының үйінен аттанар алдында орындайтын қазақтың дәстүрлі қоштасу жыры.
Instagram-дағы бұл жазбаны көру
Жазбаны бөліскен: Пәкизат Руслан — стилист | оқыту | Алматы (@pakizatte)
Оның айтуынша, тойда ол жақындарының ықыласын ерекше сезініп, отбасының қолдауына әрдайым сенім артуға болатынын түсінген.
Інілері не деді?Бізбен тілдескен Хангелді Пәкизат кететіні туралы хабарды естігенде екіұдай күйде болғанын айтты. Ол әпкесі үшін қуанғанымен, бұдан былай бұрынғыдай бірге көп уақыт өткізе алмайтындарын түсінген.
"Шынымды айтсам, сол кезде көңілім біртүрлі болып қалды. Әрине, ол үшін қуанышты болдым, бірақ оны қимадым. Көңілім босап кетті. Бұрынғыдай жиі көрісіп, бірге уақыт өткізе алмайтынымызды ойлаудың өзі ауыр болды. Бірге өскен кездерімізді, бастан өткергендеріміздің бәрін еске алдым. Сондықтан жылап жібердім", - деді Хангелді.
Оның айтуынша, ол қоштасу рәсіміне дейін-ақ эмоциясын жасыра алмай қалуы мүмкін екенін түсінген, бірақ соңына дейін өзін сабырлы ұстауға тырысқан.
"Иә, жылап жіберуім мүмкін екенін сездім. Бірақ бәрібір өзімді ұстауға тырыстым. Қоштасатын сәт келгенде, эмоциямды жасыра алмадым", - деді Пәкизаттың немере інісі.
Ханкелдінің айтуынша, Пәкизат тұрмысқа шыққаннан кейін олардың туыстық қарым-қатынасы өзгермеген, дегенмен сирек кездесетін болған.
Оның туған інісі Абдулқадыр үшін де бұл күн ерекше тебіреністі болды. Ол әпкесінің жаңа шаңырақтағы өмірі қалай қалыптасатынына алаңдайтынын жеткізді.
"Бізге керегі - әпкемнің жағдайы жақсы болса екен, күйеуі оған қамқор болып, оны бағаласа және жанарындағы оттың сөнуіне ешқашан жол бермесе екен. Іштей: "Әпкемнің бағы жансын, ешқандай қиындық көрмесін. Қайда жүрсе де, аман-сау, қауіпсіздікте болсын" деп тіледім", - деді Пәкизаттың туған інісі.
Ол әпкесі расында кетіп бара жатқанын түпкілікті түсінген сәтте жылап жіберген. Бұл ретте Абдулқадыр көз жасына ие бола алмайтынын алдын ала сезген.
Үйлену тойынан кейін де туыстары жиі араласады. Қазір Пәкизат Алматыда тұрады, ал Әбділқадыр қалаға келген сайын әпкесіне міндетті түрде барып қайтады.
Айта кетейік, бұған дейін дәстүрлі қыз ұзату тойындағы ерекше сәт Қазнет қолданушыларын елең еткізген болатын. Мереке кезінде қалыңдық күтпеген жерден импровизацияланған спаррингке шықты.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:79
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Қазан 2026 19:53 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















