Оқу орнына төленбей қалған қарыз бойынша сотта медиативті келісім жасалды
Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Атырау облысының Махамбет аудандық сотында білім беру қызметтері үшін жоғары оқу орны алдында қалыптасқан қарыз бойынша дау реттелді. Тараптар медиативтік келісімге келіп, іс бойынша өндіріс тоқтатылды.
Іс материалдарынан белгілі болғандай, оқу орны мен жауапкер арасында білім беру қызметін көрсету туралы шарты жасалған. Алайда келісімшартта қарастырылған төлем жасалмағандықтан, ЖОО сотқа жүгініп, 902 мың теңге өндіріп алуды талап еткен.
Татуластыру процедуралары жүргізілгеннен кейін тараптар берешекті кезең-кезеңімен өтеуге келісті. Жауапкер ай сайын ЖОО-ға 90 250 теңгеден төлеп тұруға міндеттенді.
Сот медиативтік келісімді бекітіп, тараптарға оның құқықтық салдарын түсіндірді. Оқу орны өз талап арызынан бас тартты.
Бүгін, 10:30
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:99
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Тамыз 2026 13:06 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















