Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Орал кәсіпкері жылыжайында лимон өсіреді

Орал кәсіпкері жылыжайында лимон өсіреді

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Қалауын тапса, қар жанады. Оралдық кәсіпкер Гүлнәр Шабарова шағын жылыжайында лимон өсіреді. Жарық пен жылуды реттеп, күтіп-баптаудың арқасында негізінен тропикалық жылы жақта кездесетін дақыл жазы аңызақ, қысы аязды Ақжайық атырабында тамыр жайды.

Ерденбек Жылқайдарұлы, тілші:

- Мына біз тұрған шағын лимонарий Орал қаласына қарасты Зашаған кентінде орналасқан. Жалпы аумағы 400 шаршы метрді алып жатқан жерасты жылыжайында көптеген экзотикалық өсімдіктермен қатар лимон да өсіріледі. Жергілікті кәсіпкер 40 түп лимон ағашынан жылына 400 кг өнім жинайтынын айтады.

Оралдық бағбан Гүлнәр Шабарованың жасы 65-те. Жұбайының жәрдемімен жерасты жылыжайын осыдан 10 жыл бұрын қазыпты. 2017-де лимон көшеттерін еккен. Ағаштар 2019-да бастап түйнек салған. Лимонның 5 түрінің екеуі қазір тұрақты өнім беріп келеді.

Гүлнәр Шабарова, кәсіпкер:

- Пондероза, Мейер, Будда қолы деп аталатын лимон сұрыптарын еккенбіз. Жылу жетіспеді ме, өнім бермеді, қурап қалды. Ал Ташкент және Киев сорттары жақсы жерсінді. Ташкент лимонының қабығы жұқа, жемістерінің салмағы 120-150 грамдай, ал Киев лимоны 1 келіге дейін тартады, ірі болады.

Лимон өсіру асқан ыждаһаттылықты, тынымсыз еңбекті талап етеді. Өйткені жылыжайдағы жарық пен жылуды қысы-жазы, күні-түні қатаң қадағалау керек. «Оңтүстіктің өсімдігі температураға кінәмпаз келеді, суарудың да өз ережесі бар», – дейді маманлар.

Гүлнафис Әкімғалиева, жылыжай қызметкері:

- Күн қатты ыстық болғанда жұмасына жақсылап бір суарамыз. Сосын айына екі рет тыңайтқыш құямыз, өзінің тыңайтқышы бар. Сосын қатты ыстықта температурасын қарап отырамыз. Көп ыстық жаратпайды. Енді мына теректердің өздерінің тамырлары жерге кеткендері көп суды қаламайды. Біздер ана шелектерге отырғызамыз. Олар суды қалайды. Қысқы уақытта тіпті суармаймыз. Қарашадан бастап желтоқсанда осылай өнімді жинаймыз.

Кәсіпкер жылыжайдан өзіне керегінен артылғанын саудаға шығарады. Лимон С және В дәрумендеріне аса бай жеміс, жүрек жұмысын жақсартып, қан тамырларын тазалайтын қасиетке ие. Сол себепті жаңа үзілген, экологиялық таза өнімге сұраныс та жоғары. Оралдық дақылға тіпті Астанадан тапсырыс түсіп жатады екен.

Гүлнәр Шабарова, кәсіпкер:

- Өсімдіктер – жанды ағза. Шелектен шығарып, жерге егіп еркіндік берсең, аспандап кетеді. Мәселен, мына інжір ағашы 5 метрге жетті. Павловния ағашын еккенбіз, жылыжай төбесін тесіп кетпес үшін оны жыл сайын кесуге тура келді. Лавр бұталарын егеміз. Өзге де экзотикалық өсімдік көп. Осы ісімізді жастар үйренсе дейміз. Мектеп оқушылары экскурсияға келсе, білгенімді үйретер едім.

«Лимон өсіру мен үшін тек табыс көзі емес, сүйікті ермегім, лимонарийға  кіргенде жаным сергіп, миым тынығып қалады», – дейді Гүлнәр Шабарова. Оралдық бағбан келешекте кәсібін кеңейтуді қалайды.

Авторлары: Е. Жылқайдарұлы. Қ. Ақрап, Э, Аюпов

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:157
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Желтоқсан 2025 10:08
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see169

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see164

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see160

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see160

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see144

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see131

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see125

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see125

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see124

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see121

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see119

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see118

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see114

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see110

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see109

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see108

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see107

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see107

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see106

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары