Оралда әйелінің суретіне лайк басқаны үшін танысын пышақтаған азамат сотталды
Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Батыс Қазақстан облысында әйелінің әлеуметтік желідегі суретіне лайк басқан танысын пышақтаған ер адамға қатысты сот үкімі шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Оқиға 10 мамыр күні түнгі сағат 02:00 шамасында Жәнібек ауданында болған.
Сот анықтағандай, екі ер адамның арасындағы жанжалға жәбірленушінің сотталушының әйелінің Instagram-дағы суреттеріне жиі лайк басуы себеп болған.
Жанжал кезінде ер адам алдын ала дайындап қойған жиналмалы пышақпен танысына үш рет соққы жасаған. Ол жәбірленушінің іш тұсына екі рет, жауырын тұсына бір рет пышақ сұққан. Салдарынан жәбірленуші ауыр дене жарақатын алған.
Сот отырысында айыпталушы кінәсін толық мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін жеткізген. Сондай-ақ жәбірленушіден кешірім сұрап, соттан бас бостандығынан нақты айырмауды өтінген.
Сот ер адамды кінәлі деп танып, 3 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:78
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Қазан 2026 17:08 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















