Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

Оралда фестиваль аясында құсбегіліктен Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті

Оралда фестиваль аясында құсбегіліктен Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Фестиваль аясында ұлттық, экстремалдық және дәстүрлі қысқы спорт түрлері кеңінен қамтылды.
Атап айтқанда, тазы жарысы, жамбы ату, шаңғымен жамбы ату (Орал өңірінде бұрын-соңды ұйымдастырылмаған тың бағыт), автодрифт, ерлер мен әйелдер арасындағы шаңғы жарысы, балаларға арналған сырғанау, коньки тебу, керлинг, қысқы баскетбол және өзге де спорт түрлері көпшілік назарына ұсынылды.

Сонымен қатар фестиваль аясында құсбегіліктен ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының XIX чемпионаты өткізілді. Еліміздің барлық өңірінен келген 70-ке жуық сайыпқыран чемпиондық атақ үшін сынға түсіп, ұлттық спорттың айбынын асқақтатты. Ителгі мен бүркіті, қыраны мен қаршығасын қомдаған саятшылар Орал төрінде бас қосып, ата дәстүрдің тамырын тереңге тартқан төл өнерді дәріптеді.

Фото: БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы

Чемпионаттың ашылу салтанатында Қазақстан құсбегілік федерациясының вице-президенті, осы салаға 30 жылға жуық ғұмырын арнаған этнограф Бағдат Мүптекеқызы, құсбегіліктен аға жаттықтырушы, федерацияның атқарушы директоры Базарбек Күнтуған, сондай-ақ БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бақдәулет Сәбитов қатысушыларға сәттілік тілеп, ұлттық спорттың өркендеуіне тілектестігін білдірді.

Бүркітшілер арасында түркістандық Бағдат Кеуенов үздік атанса, шығысқазақстандық Архат Хамитжанов екінші, жамбылдық Серікболсын Жалғасұлы үшінші орынға ілікті.

Ителгі баптағандардан жамбылдық Бағдәулет Бабажанов, Ақмола облысынан келген Ерлан Кенжетаев және қарағандылық Темірәлі Төпегенов алдыңғы үштіктен табылды.

Б.Бабажанов қаршыға қосудан да алдына жан салмады. Одан кейінгі екі орынды жамбылдық С.Жалғасұлы мен батысқазақстандық Ернарбек Мәмет еншіледі. 

Фото: БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы

Жалпы, фестиваль аясындағы барлық спорт түрлерінен сайыстар қала тұрғындары үшін тегін ұйымдастырылды. Оған қоса концерттік бағдарламалар ұсынылып, арнайы фотосессия аймақтары жасақталды.

Алғашқы күні фестивальге 1 мыңға жуық қатысушы тіркелсе, екінші күні бұл көрсеткіш 4 мыңнан асты. Бүлдіршіндерден бастап қарияларға дейін спорт алаңында бас қосып, қысқы думанның шаттығын бірге бөлісті.

Фото: БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы

Керлингтен әйелдер арасында Гүлжанат Төлеген жеңімпаз атанса, ерлерден Арман Кеңшелеков ептілік танытты. 

Тазы жарысынан Эльдар Бегалиев «Көкжалымен» (иті – «Көкжал») озды.

Дәстүрлі садақ атудан Әсемгүл Ғалымжанова мен Рустам Аманғалиев мергендік танытты. 

Жамбы атудан Арман Жұлқалиев бірінші орынға ие болды. 

Садақ атудан Иса Уәлиахмет жеңіс төрінен көрінді. 

Шаңғы жарысынан қыздардан (1 км) Яна Гагаина, ұлдардан (2 км) Никита Берковский, әйелдерден (6 км) Ксения Кудрявцева, ерлерден Святослав Грицкевич чемпион болды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда бокстан жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты аяқталғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:247
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Ақпан 2026 03:01
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see145

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see142

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see141

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see140

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see140

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see134

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see132

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see132

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see130

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see129

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see129

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see127

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see127

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see126

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see125

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see122

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see121

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see121

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

07 Қазан 2026 05:13see119

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

06 Қазан 2026 19:07see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары