Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Халықаралық автожолдың Жамбыл облысындағы екі учаскесінде жылдамдық шегі өзгерді

Тоқаев қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне байланысты үндеу жасады

LRT ға екі аптада 1 миллион жолаушы мінген

ПСЖ Чемпиондар лигасын қатарынан екінші жыл жеңіп алды

Абитуриенттерді смарт көзілдірік үшін ҰБТ дан шеттетті

Ақтауда қоғамдық қауіпсіздікті робот иттер күзетеді

Украиналық дрон ЗАЭС тің ғимаратына соғылды

7 күнге арналған ауа райы болжамы: Астанада осы апта жауын шашынды болмақ

Трамп жаңа мәлімдеме жасады: Иран ядролық қарудан бас тартуы мүмкін

40 градус ыстық: жаздың алғашқы күнінде қай өңірлерде ескерту жасалды

Мемлекет тарапынан әрбір балаға қамқорлық жасалып жатыр Тоқаев

Жаңа ипотекалық жоба арқылы аяқталмаған үйлерден пәтер алуға болады

Атырауда зооқорғаушылар акциясы өтті

БЖЗҚ да 45 миллиард теңгені ұмытып кеткен ақшаны кім ала алады?

Түркістанда қарбыз пісіп, алғашқы партия экспортқа шығарылды

Президент үндеуі: Қуғын сүргін құрбандарын ұмытпау ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Израиль Бейрутқа жасалатын соққыларды күшейткісі келеді және АҚШ тың шешімін күтіп отыр БАҚ

Астанада автокөлік жарылды: Зардап шеккендер бар

Қазақстанның ақылы жолдарында мемлекеттік нөмірлерді қолдан жасаудың 2 000 ға жуық жағдайы анықталды

Астанада ЕАЭО аясында аккредиттеу жүйесін дамыту мәселесі талқыланды

Орманшы орманға қарап ойланады

Орманшы орманға қарап ойланады

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Жерлерді сақтауға, табиғи үйлесімді тұрақтандыруға үлесін қосып жүрген басты мамандардың бірі де – орман­шылар. 2022 жылы Қостанай облысында, 2023 жылы Абай облысында болған өрттен кейін орманшылардың мүддесі ескеріле бастады, дегенмен түйткіл әлі де жетерлік.

Экология және табиғи ресурстар ми­нистрлігінің берген ақпаратына сүйенсек, мемлекеттік орман қорының жалпы алаңы – 31 375,5 мың гектар,  бұл респуб­лика аумағының 11,5 %-ын алып жатыр. Орманмен жабылған жерлердің көлемі – 13 898,7 мың гектар болса, орман қоры­ның жалпы алаңы – 44,3 %. Республика бойын­ша орман деңгейі – 5,1 %. Ұлан-ғайыр қазақ даласы үшін бұл көрсеткіш аз екені рас. Сондықтан Мемлекет басшысы 2020 жылғы Жолдау­ында 2 миллиард ағаш отырғызу жөнінде тап­сырма берген еді, алайда 5 жылдық жоспар толық орындалмауына байлан­ысты 2027 жылға дейін қайта ұзарды. Биыл елімізде 2 миллион ағаш егілсе, кейінгі 3 жылда 1 миллиард 150 мың ағаш отырғызылған. Алайда егілген ағаштар­дың жай-күйі жөнінде ақпарат ала алмадық. 

Ағаштар жауын жауса да, ауырады

Ақтөбе облысы Шалқар ауданындағы «Үлкен Борсық» орман шаруашы­лы­ғының орман шебері Әмірхан Шуда­байұлы Ақтөбе өңірінде жердің шөлейт­теніп бара жатқанын, ағаштарға көп күтім керек екенін айтты.

– Өз жауапкершілігімде 2 мың гектар жер аумағы бар, оған қарасексеуіл, жың­ғыл мен қаратал орманы кіреді. Соны қорып, бағып-қағып, күтім жасап отыр­мын. Рас, жер шөлейттеніп бара жатыр, біз де оны көзбен көріп, байқап жатыр­мыз. Бұрын территориямызға қандай тал ексек те, жерді теуіп егіп тастай беретін едік. Қазір мықты күтімді қажет етіп тұр. Он тал ексең, кемінде үшеуі, тіпті бесеуі шықпай қалады. Қазір қатты күтім керек, білесіз бе, ағаштар жауын жауса да, ауырып қалады. Жаңбырмен бірге тұзды заттар қосылып, талды, жаңа еккен көшеттерді күйдіріп тастайды. Біз күзде тұқым жинап, қарасексеуілдерді тәлімбаққа отырғызамыз, дәннің барлық түрін егеміз, жаздай қарап күтеміз. Келесі көктемде белгіленген аумақ­қа егеміз. Адамның қолды қылып, тиісуінен, малдың таптауынан, орманның тағы бір жауы – зиянкестерден қорып, үзбей күтеміз, – дейді орман шебері.

Орманшының сөзінен түйгеніміз, ағаш­ты отырғызу – бір басқа, оны күтіп-бап­тау – бөлек әңгіме. Бізді бүгінге дейін егілген 1 миллиардтан аса ағаштың жай-күйі ойландырады... Мұнымен қатар тал, қарағай, сексеуіл сантиметрлеп өсетіндік­тен, екі есе күтім керек, олар ұзаса жылына 10-15 см ғана өседі екен. Әйтсе де, Әмірхан орманшы өзі қарайтын Шалқар ауданын­дағы орманның жағдайы жақсарғанын, күтімнің арқасында аумақтың ұлғайып, саланың жаңғырып жатқанын айтты. 

– Жұмысымды 1995 жылы бастадым, бүгінге дейін орман саласында еңбек етіп келемін. Қазіргі орман шаруашылығының жұмысы едәуір ілгерілеп қалды. Жақсы техникамен, киім-кешекпен қамтамасыз етілдік. Жер көлемі де ұлғайып жатыр, қарасексеуіл, қаратал, тобылғы, жыңғыл, қарағай көлемі артты. Кейінгі жылдары техникалармен қамтамасыз етіліп, өрт сөн­діру көліктері, жер жыртатын тракторлар келді. Ең бірінші, өрт  қауіпсіздігінен сақ­тана­мыз, басшылық бұл жағдайды қатты қадағалайды. Қауіпсіздікті кезекпен қарай­мыз, – дейді орманшы.

Орманшы – әулет кәсібі

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің дерегінше, орман саласында 17 429 адам қызмет етеді. Табиғатты, елді, жерді сүйген орманшылар бұл саланы отбасылық кәсіпке де айналдырған. Мы­салы, еліміздің шығысында, Ақмола, Алматы облыстарында үш ұрпақты жалға­ған, әулетімен орманшы маман көп. Соның бірі – Іле Алатауы ұлттық паркінде еңбек ететін Мәлік Темірханұлының отбасы. Мәлік Темірханұлы орман саласында 40 жыл еңбек еткен, биыл зейнетке шығып, ұлы Тимур әке орнына қызметке кіріскен. Әкелі-балалы орманшылардан саланың қызығы мен шыжығын, қиындығы мен мәселесін де сұрап-білдік. 

– Ол кезде қазіргі Іле Алатауы ұлттық пар­кі ұлттық табиғи бақ болып есептелген. Осы бақта қызмет істегеніме 30 жыл болды. Салаға алғаш келген кезім өте ауыр кезең еді, 1996 жылы жалақымыз 1 мың теңге болатын, одан кейін ақырындап көтер­ілді. Қазір жалақымыз 250 мың болды, бірақ ойлап қарасаңыз, ол да аз. Дүкенде бәрі қымбат, орманшылардың бала-шағасы мектепке, балабақшаға барады. Солардың киімі бар, балабақшаның ақысын төлеу керек, сондықтан да орманшылар қинала­ды,  – дейді ол. 

Орманшының туған жері – Горный Гигант ауданы. Бұл жер кезінде алманың нағыз отаны болған, Мәлік Темірханұлының әкесі алма бағында бағбан болып қызмет еткен екен. Осылайша, орманшы бала кезі­нен әке тәлімін алып, тауда жүріп, таби­ғат­тың небір тамашасын көреді. Табиғатқа деген махаббаты орман шаруашылығы саласына жетелейді. Қарт орманшы сала­ның оңай емесін, еңбексүйгіш болу керек екенін айтады.

– Ағаш егіп, оны күтіп-баптап, түбіндегі шөптерін жұлып-тазалай­мыз, күздігүні шыршаға орын дайындай­мыз, көктемде егеміз. Әр орманшы ертемен өз аумағына шығып кетеді, аңдарға қысы-жазы тұз саламыз, қысқа азық ретінде шөп дайын­даймыз. Сыпыртқы дайындап, олар­ды ілеміз, тақыр жасап қойып, соған шөбін, тұздалған сыпыртқыны саламыз. Қатты қар жауғанда, аңдар сол жерден азықтана­ды, – дейді М.Темірханұлы.

Расымен, орманшы шаруасын оңай деп ойламаңыз, орман жанашыры тек ағаш күтіп-баптаумен айналыспайды, орманның аң-құсы мен өсімдігіне жауап береді, әр тасына дейін қызғыштай қориды. 

– Орманшылық ғұмырымда небір ғажап аңды көрдім. Аю, сілеусін, қас­қыр, барыс, таутеке, елік дейсіз бе, қысқасы арқардан басқа­сының бәрін көргем. Ұлар, қырғауыл, жа­байы үйректер де бар, үй жағымыздан тыр­­налар да ұшады. Кейбір жабайы үйрек­тер, мысалы италақаз  қыста да осында қалады. Тауда жүргенде сілеусінмен бетпе-бет кездесіп қалғаным бар, арамыз 5-6 метр ғана. Қасқырмен де солай түйісіп қалған­мын, бірақ олар адамнан қорқады, адамды иісінен-ақ сезеді, өз бетімен адамға шап­пайды. Ең қауіптісі – аю. Қонжығы ештеңе түсінбейді, адамға қарай ойнаймын деп жүгіреді. Енесі алдыңызға түсіп қалса, шаруаңыз бітті, адам ба, басқа ма, ештеңеге қарамайды, қонжығын құтқара­мын деп жүгіреді. Басқа жағдайларда кез келген аң адам иісін сезсе, кері бұрылып кетеді, –  дейді табиғаттың тілін білетін маман. 

Табиғат тылсымын көп көрген 

М.Темір­ханұлы 1999 жылы ауылдағы көршісінің қорасына барыс кіріп, бір түнде 30 қойын қырып кеткенін баяндап берді. Оның сөзін­ше, ертесінде мамандар келіп, қораға кірген барыс кәрі барыс екенін анықтаған. Талай адам ол барысты көрген де, барыс адамға ешқашан шаппайды дейді. Тауда таутекені қуып жететін күші жоқ, амал жоқ­тықтан, қорадағы малға түсіп, ауылдарға келеді екен. 

Біз Мәлік Темірханұлының ұлымен де сөйлесіп үлгердік, орманда байланыс нашар болғандықтан, ол қысқа қайырды.

–  Әкем өмір бақи орманшы болды, маған әкемнің мамандығы ұнады, жанында кішкентайымнан бірге жүрдім. Тауда жүр­дік, бірге ағаш ектік, алаң құрдық, өртті де көрдім. Табиғатқа жақын болу, орманды қорғау ұнап қалды, бірақ әлі мол тәжірибем жоқ, жұмысқа кіргеніме 7 ай­дан асты. Биыл өрт болмады, шүкір дейміз. Не үшін бұл салаға жастар келмейді? Біріншіден, айлық аз. Екіншіден, қала жастары біз секілді күнде тауда жүрген жоқ, көзбен көріп-білмеген соң оларға қиын деп ойлаймын. Өзім Семейдің Агробизнес институтының түлегімін, – дейді Тимур Мәлікұлы.

Қазақстан орманды дала,  шөлейт, шөл, жалпы төрт түрлі климаттық белдеуде орна­ласқандықтан, орманы да әрқилы. Эко­логия және табиғи ресурстар министрлігі дерегінше, Қазақстандағы ормандар біркелкі таралмаған, орман өсімдіктерінің түрлері табиғи аймақтардың әртүрлілігіне байланысты қалыптасқан. Шөл аймақтар­ында сексеуіл, таулы аймақтарда, айталық, Алтай, Жоңғар және Іле Алатауында қара­ғайлы-шыршалы орм­андар өседі. Далалық және орманды-дала аймақтардың жазық бөлі­гінде қайыңды-қарағашты тоғайлар, жеке орналасқан қарағайлы ормандар және Ер­тіс маңындағы таспалы ормандар бар. Таби­ғаттың әркелкілігіне қарай әр орман­ның өз қатері мен қиындығы жетеді. Мысалы, ба­тыс және оңтүстік өңірлерде құрғақшы­лық айқын байқалса, ал оңтүстік-шығыс ор­ман­шылары Іле Алатауындағы мұздықтардың еріп жат­қанын айтады. Мұздықтар еріген сайын тау жыныстары көшіп, бір сағатта неше мәрте тас құлайды, топырақ массасы құлдилап төмен сырғиды, таудағы сел қаупін де ұмытпаған жөн. Бұл кезде де басын қауіпке тігетіндер – таулы ормандағы мамандар. 

Жауапкершілік жүгі артты

Жоғарыда орманшылардан жұмыстың қиындығы мен  орманшы міндеттері жай­ында біраз ақпарат білдік. Маңызы жоғары, ауыр еңбек иелерінің жалақысы да соған лайық болу керек екені анық. 2023 жылы «Семей орманында» 60 мың гектар жерді шарпыған ірі өртте 14 орманшы қайтыс болған еді. Осы ахуалдан кейін Мемлекет басшысы саладағы олқылықтарды реттеуді тапсырды. Экология және табиғи ресурстар министрлігінің дерегінше, әлеуметтік қолдау шарасы ретінде 2023 жылдан бастап мем­лекеттік орман күзеті қызметкерлеріне ден­саулық пен өмірге қауіп төндіретін жағ­дайларға байланысты жұмыс үшін лау­аз­ымдық жалақысының 100%-ы мөлшерінде үстемеақы белгіленді. 2024 жылдан бастап орман иеленушілердің орман өрт сөндіру  қызметкерлеріне және «Қазавиақор­ман­қорғау» РМК десантшы-өрт сөндірушілері­не дәл осындай қосымша ақы төлеу ен­гізілді. Орман өртінен бұрын қыз­меткерлер 40-100 мың арасында жалақы ал­ған болса, қазір 200-250 мың көлемінде жалақы алады. Дегенмен бұл қаржы да аздық ететіні белгілі. 

Орман қорын қорғау және орман шаруа­шылығын жүргізу мақсатында респуб­ликада 160 табиғатты қорғау және орман шаруашылығы мекемесі мен кәсіпорын жұмыс істейді. Онда 17 429 қызметкер еңбек етеді (оның ішінде: 8 165 қызметкер – Экология және табиғи ресурстар министрлігінің ведомствосында, 9 264 қызметкер – жергілікті атқарушы органдарда), сонымен қатар 4 553 штаттан тыс қызметкер бар. Жалақы тек штаттағы мамандар үшін өскенін айта кету керек, ал штаттан тыс мамандардың жалақысы өспеген. 2023 жылы 18 қыркүйекте жауапты министрлік «Қосымша үстемеақы штаттық қызметкерлерге қарастырылған. Мүдделі мемлекеттік органдармен келісу барысында қаулы ережелеріне сәйкес штаттан тыс қызметкерлерге үстемеақы тағайындау мә­се­лесі қолдау таппады, өйткені олар сала мамандары емес» деп ақпарат берген еді. Шын мәнінде, сол штаттан тыс деген қызметкерлердің ішінде өртті сөндіруге бірінші баратын мамандар бар. Осы кезде орман саласында еңбек ететін 150-ден аса қызметкер министрге де хат жазғаны­мен, еш өзгеріс болмаған. Бұл жағдайдан кейін мамандардың көбі жұмыстан кетіп, маман­дығын ауыстыруға мәжбүр болған. Біз 2 жыл бұрынғы Семей өртінен кейінгі ахуал  жөнінде «Семей орманы» маман­дарына хабарласып, мән-жайды білмек едік, өкін­ішке қарай жауап ала алмадық. Орманшы Мұхаметқали Кульдиковтың ұлы «әкеміздің жолын қуып, екі баласы осы саланы оқыдық, бірақ жалақының аздығынан соң екеуміз де әскери салаға ауысып, сол жақтан өстік» деп қана жауап берді. 

Елде орман шаруашылығы қызмет­керлерінің еңбегі ресми түрде ең жауапты әрі қауіпті мамандықтардың қатарына жатқызылған. 2025 жылғы 26 мау­сымда №198-VIII «Орман шаруа­шы­лығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері және жеке кәсіпкерлік субъекті­лерінің мін­деттемелерін кепілдендіру тура­лы кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен тол­ықтырулар енгізу туралы» заң қабылданған. Алайда сала мамандарына әлі де әлеуметтік қолдау жетіспей тұр.

Оңтүстіктегі Сайрам-Өгем ұлттық пар­кінің өрт сөндірушілері кейінгі екі жыл­да 100 мың теңге жалақымен өлместің күнін көріп жүр. Бұл туралы табиғат жанашыры, орман саласының маманы Роза Сәрсен­бекқызы айтып берді. 

– 2023 жылы шығыстағы орман өртінен кейін барлық орманшының жалақысы 100% көтерілген еді, яғни 100 мың алып жүрген орманшылардың жалақысы 200 мың болды. Орман өрт сөндірушілерінің жалақысы 2023 жылы 1 шілдеден бастап 85% қосылды деп жарияланғанымен, Сайрам-Өгем ұлттық паркі бойынша еш қызметкерімізге бұл жалақының берілмей жатқанын нақты айта аламын. 2024 жылдың аяғынан бастап ешқайсысына 85% үстеме қосылған емес. Бюджеттен бөлінбеген, сол себепті орман өрт сөндірушілері 100 мың теңгемен күн көруге мәжбүр. Бізге арнайы түсімнен, кассадан жалақы берілуі керек еді, жауапты мамандар бір-біріне сілтеп әлі отыр. Президентіміз биыл «Жұмысшы ма­ман­дықтар жылы» деп жариялады, орман­шылар болса, еңбекақысын ала алмай жүр, – дейді Р.Сәрсенбекқызы.

Табиғат жанашыры орманшылардың жалақысын көтеріп, бюджеттен қаржы бөлу керегін сұрайды. Сайрам-Өгем ұлттық паркінде әр орманшы 8-9 мың гектар жерді қарап, қоқысын тазалап, күтіп-баптайды, ал олардың жалақысын көтеру, жағдай жасау тек сөз күйінде қалып отыр.

– Министрлік ұлттық парктерден сексеуілдің ұрығын жинатады, оны апарып Арал бойына егеді, бірақ егілген ағаштың жай-күйі жайында дерек жоқ. Тек қағаз жүзінде ақпарат береді, ешуақытта ағаштың егілгенін, оның өсіп-өнгенін, күтімін қа­дағалау болған жоқ. Ағашты егу мезгіліне қарап отырғызуды әлі күнге дейін қарас­тырмаған. Егілсе болды деп, қалай болса, солай егеді де, өсуін қадағаламайды, – дейді Р.Сәрсенбекқызы.

Өрттен соң техника келеді

Байқағанымыз, елдің әр өңірінде техникалық құрал-жабдықтармен қам­тамасыз етілу деңгейі де әртүрлі. Мысалы, ормандағы жан-жануарға санақ жүргізу­дің де әдістері ескірген, мамандар аңның ізіне қарап санайды, түнгі тұзақ қою, фотоға түсіру арқылы санайды. Ал бұлай санау елдегі жануар қорының нақты есебін бере алмайды, тіпті жануар саны біз ойла­ған­нан да аз болуы  ғажап емес. Р.Сәрсен­бекқызының сөзінше, қазір дронмен санау, дронмен бақылау техникасы жетіл­меген. Орманшыларда, орман өрт сөн­діру­шілерінің қолында дрон болатын болса, қай уақытта, қай жерде өрт шығып жатқанын білер еді. Орман жағдайын бақылап отыратын ешқандай құрал-сайман жоқ дейді. Шаруашылыққа келіп жатқан көліктер, құрал-жабықтар тек басшылық қыз­меттегі мамандарға бері­леді. Орман­шыларға көлік те берілмейді. Бұл – Сайрам-Өгем ұлттық паркіндегі жағдай. 

Ал Бурабай орманының орман шебері Бауыржан Серікжанұлы тың жаңалық­тар­дың, өзгерістердің барын айтады. «Ау­мақты әуеден бақылауға арналған дрондар, смарт-бақылау жүйесі, бақылау мұнаралары орнатылды, қызметкерлер радиобайланыс құралдарымен қамтама­сыз етілді, техникалық парк те кезең-кезеңімен жаңарып келеді» дегенді айтты. Бір ескеретіні, Бурабай ұлттық паркі – Орман шаруашылығы комитеті емес, тікелей Президент Әкімшілігіне қарасты жалғыз парк. Өзге өңірлердегі жағдай сол себепті мүшкіл ме, әлде басқа себебі бар ма деген ой келді...

Шығыстағы өрттен кейін «Семей ормандарына» көңіл бөлініп, өртті ерте анықтау жүйесін орнатуға республикалық бюджеттен 3,1 миллиард теңге бөлінген. Жергілікті атқарушы органдардан 19 өрт сөндіру машинасын, 3 ШОПК, 17 трак­тор, 38 патрульдік автокөлік, 40 бейнеба­қылау камерасын (жалға алуға), 509 бай­лан­ыс құралын, 66 ұшқышсыз ұшу ап­параты, 83 өрт сөндірушінің жауын­гер­лік киімі және 1 319 тіркемелі құрал-жаб­дық алынып, 5 өрт бақылау мұна­ралары­ның құрылысына 5,9 миллиард теңге бөлінген. Бұл – жақсы жаңалық, дегенмен ұлттық парктердің барлығында орман­шы­ларды техникалық құрал-жабдық­тармен қамтамасыз ету. Кейінгі 10 жылда орман өртінен еліміздің 100 мың гектардан аса орманы жойылды. Орман өрттерінен кейін табиғатты қайта қалпына келтіру үшін кемінде 30 жыл уақыт керек екен. Сол себепті де, орман қау­іп­сіздігін күзететін тыныштық күз­етшісінің, яғни орманшы­ның халін бүгін ойлаған абзал-ау...

Айсұлу СЪЕЗХАН

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:154
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Қазан 2025 08:02
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Халықаралық автожолдың Жамбыл облысындағы екі учаскесінде жылдамдық шегі өзгерді

31 Мамыр 2026 20:13see116

Тоқаев қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне байланысты үндеу жасады

31 Мамыр 2026 10:39see115

LRT ға екі аптада 1 миллион жолаушы мінген

31 Мамыр 2026 13:16see115

ПСЖ Чемпиондар лигасын қатарынан екінші жыл жеңіп алды

31 Мамыр 2026 13:03see114

Абитуриенттерді смарт көзілдірік үшін ҰБТ дан шеттетті

01 Маусым 2026 15:28see112

Ақтауда қоғамдық қауіпсіздікті робот иттер күзетеді

31 Мамыр 2026 16:50see112

Украиналық дрон ЗАЭС тің ғимаратына соғылды

31 Мамыр 2026 12:20see111

7 күнге арналған ауа райы болжамы: Астанада осы апта жауын шашынды болмақ

01 Маусым 2026 20:49see111

Трамп жаңа мәлімдеме жасады: Иран ядролық қарудан бас тартуы мүмкін

31 Мамыр 2026 11:28see110

40 градус ыстық: жаздың алғашқы күнінде қай өңірлерде ескерту жасалды

31 Мамыр 2026 16:00see110

Мемлекет тарапынан әрбір балаға қамқорлық жасалып жатыр Тоқаев

01 Маусым 2026 09:24see110

Жаңа ипотекалық жоба арқылы аяқталмаған үйлерден пәтер алуға болады

01 Маусым 2026 18:00see109

Атырауда зооқорғаушылар акциясы өтті

01 Маусым 2026 20:58see109

БЖЗҚ да 45 миллиард теңгені ұмытып кеткен ақшаны кім ала алады?

01 Маусым 2026 11:51see107

Түркістанда қарбыз пісіп, алғашқы партия экспортқа шығарылды

01 Маусым 2026 09:34see106

Президент үндеуі: Қуғын сүргін құрбандарын ұмытпау ұрпақ алдындағы жауапкершілік

31 Мамыр 2026 10:45see106

Израиль Бейрутқа жасалатын соққыларды күшейткісі келеді және АҚШ тың шешімін күтіп отыр БАҚ

01 Маусым 2026 08:44see106

Астанада автокөлік жарылды: Зардап шеккендер бар

31 Мамыр 2026 21:04see105

Қазақстанның ақылы жолдарында мемлекеттік нөмірлерді қолдан жасаудың 2 000 ға жуық жағдайы анықталды

01 Маусым 2026 13:11see104

Астанада ЕАЭО аясында аккредиттеу жүйесін дамыту мәселесі талқыланды

01 Маусым 2026 11:53see103
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары