Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

Браконьерлер қолынан қаза тапқан әке жолын жалғадым орманшы Сәуле Сүлейменова

Браконьерлер қолынан қаза тапқан әке жолын жалғадым орманшы Сәуле Сүлейменова

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Қазақстан орман шаруашылығының еңбек сіңірген қызметкері ер-азаматтармен иық тірестіре жүріп атқарған ауыр да абыройлы жұмысы туралы Kazinform тілшісіне айтып берді.

- Сәуле Есмаханқызы, орман шаруашылығына қалай келдіңіз? Бұл сала ер адамдарға көбірек лайық деген пікір бар…

- Әр адам үшін отбасы - ең қымбат құндылық. Мен - орманшы әулетінен шыққан адаммын. Әкем орман шаруашылығында еңбек етті, өкінішке қарай, 1969 жылы қызметтік міндетін атқару кезінде мерт болды. Жаңа жыл мерекесі қарсаңында жас қылқан жапырақты ағаштарды күзету барысында оны өлтіріп кетті. Ол кезде машина аз, орман шаруашылығында кезекші машина ғана бар. Тоқтамай қала маңындағы ағаш екпелерін аралайды, заңсыз кесуге жол бермеу үшін. Менің әкем Бескөл маңында жаяу күзетіп, жалғыз қалған. Кезекші көлік айналып келгенге дейін оны браконьерлер машинамен соғып, қалдырып кеткен. Әріптестері әкемді ес-түссіз жатқан жерінен тауып алды. Алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды. Ол небары 43 жаста ғана еді. Біз, шиеттей бес баласы анамызбен жалғыз қалдық.

Әкем көзі тірісінде бізді табиғатқа жақын етіп тәрбиеледі. Жанынан бір елі қалмай, бос уақытымыз орманда өтетін. Көшеттерді баптап, арамшөбін жұлып өстік. Күзде ағаш тұқымын жинайтынбыз. Қайың сыпыртқыларын бірге істейтінбіз. Сондықтан мектепті бітірген кезде мен бірден осы мамандықты таңдадым.

Фото: Ақерке Дәуренбекқызы/Kazinform

Мен ғана емес, әке жолын туған сіңлім Роза да жалғады. Ол еліміздің шығысында, оңтүстік-шығысында еңбек етті. Оның жолдасы Жанат та орманшы. Ағам да орманшы болды. Біздің әулеттің осы саладағы ортақ еңбек өтілі 150 жылдан асады.

- Қайда білім алдыңыз, алғашқы еңбек жолыңыз қалай басталды?

- Алматыдағы Еңбек Қызыл Ту орденді қазақ ауыл шаруашылығы институтының орман шаруашылығы факультетін тәмамдадым. Менің еңбек кітапшамда бір ғана жазба бар. 1978 жылы институтты бітіргеннен кейін мені біздің облысқа, бұрын әкем жұмыс істеген Қызылжар орман шаруашылығына жолдамамен жіберді. Содан бері осы салада еңбек етіп келемін. 15 жыл орманшы болып еңбек еттім, құрылымдық бөлімшені басқардым.

Келген кезде жақсы теория болды. Өйткені біздің институт Қазақстанның орталығы үшін орман шаруашылығы мамандарын даярлады. Бірақ тәжірибем аз еді. Ұжымда негізінен орта жастағы ер адамдар еңбек етті. Алғашқы жылдар өте қиын болды. Жасым небәрі 22-де. Техника ескі, компьютер жоқ, барлық есеп-қисап қолмен жүргізілетін. Жалақы да төмен, кадр тұрақтамайтын.

Тоқсаныншы жылдары Қазақстанның алғашқы Орман кодексі қабылданып, орман ресурстарын басқарудың жаңа жүйесі қалыптасты. Тендерлер, аукциондар, «Жасыл ел» жасақтарының құрылуы, нормативтік-құқықтық базаны жаңарту - мұның бәрі көз алдымда өтті.

Фото: Ақерке Дәуренбекқызы/Kazinform

- Сол қиындықтарды еңсеруге не көмектесті?

- Істеген ісіңді сүйсең қандай болмасын, қиындықты жеңуге болады. Менің түсінгенім - орманды қорғау, оның әр ағашын сақтау әрі көбейту - менің өмірлік жолым. Мен өз жұмысымды жақсы көремін. Әсіресе орман өртін сөндіріп, жанып кетуі мүмкін болған бірнеше гектар орманды аман сақтап қалған сәттерде ерекше қанағат сезімі пайда болады. Сол сияқты, орман алқабына отырғызылған жас көшеттердің көктеп, біркелкі өсіп кеткенін көру еңбегіңнің ақталғанын сездіретін ерекше қуаныш.

Сондай-ақ тәжірибелі тәлімгерлерім көп болды, олар кәсіби қалыптасуыма ықпал етті. 1993 жылы облыстық орман шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы қызметіне тағайындалдым. Бұл лауазымда 23 жыл еңбек еттім.

- Орманшының бір күні қалай өтеді?

- Орманшылардың қарауына үлкен аумақ – орман алқабы беріледі. Оны көлікпен де, жаяу да аралаймыз. Ең алдымен түтінге, өрт белгілеріне қараймыз. Сондай-ақ орманға заңсыз кірген техника іздеріне зер саламыз. Заңсыз кесу немесе қоқыс тастау үшін кірген болуы мүмкін.

Өрт көбіне демалыс маусымында, саңырауқұлақ пен жидек теру кезінде шығады. Көктем мен күзде ауыл шаруашылығы жұмыстары да қауіп тудырады.

Қазіргі уақытта жұмыс біршама жеңілдеді. Спутниктік «Ғарыш сапары» жүйесі, бейнебақылау камералары, дрондар, навигаторлар, компьютерлік бағдарламалар қолданылады. Техника жылдан жылға жаңарып жатыр. Бірақ ең бастысы - тәжірибе мен жауапкершілік.

- Орманшы деген кім? Қатаң бақылаушы-күзетші ме әлде табиғат қамқоршысы ма?

- Орманшының басты міндеті - орманды қорғау, сақтау және көбейту. Біз халықпен, балалармен түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға күш саламыз.

Әкем «орман тірі организм» деп үнемі айтып отыратын. Мен де кейін оның сөзінің жаны бар екеніне кейін көзімді жеткіздім. Ол да ауырады, қартаяды.

Фото: Ақерке Дәуренбекқызы/Kazinform

Сондай-ақ басқа мекемелерді алайықшы, олар күзетші алса бір орынға отырғызады. Қажет болса қоршайды, құлыптайды. Ал орман бәріне қолжетімді. Адамдар табиғатқа жанашырлық танытып, күтіп ұстаса екен деймін. Өйткені қоршаған ортада әр нәрсе маңызды, тепе-теңдікті бұзбау керек. Өйтпеген жағдайда экологиялық апатқа әкелуі мүмкін. Сондықтан әр адам орманға келгенде қоқыс тастамаса, артынан жиып кетсе де мұның өзі үлкен көмек.

Мысалы, диқандар көктемде егіп, күзде өнімін алып жатады ғой. Бұл жұмыстың тағы бір ерекшелігі, оның нәтижесін тек 60-70 жылдан кейін ғана көресің. Және бұл бір ұжымның ортақ нәтижесі. Осы уақыт аралығында қайың ағашы өсіп жетіледі.

Бұған дейін СҚО-да орман заңнамасын бұзғандарға былтыр 4,5 млн теңге айыппұл салынғанын жазған едік.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:178
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 31 Қаңтар 2026 17:02
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see165

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see162

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see158

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see142

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see139

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see129

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see123

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see123

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see122

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see119

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see117

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see116

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see107

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see106

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

03 Қараша 2026 16:22see103

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

03 Қараша 2026 17:44see101

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

03 Қараша 2026 16:45see100

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

03 Қараша 2026 18:15see100

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

03 Қараша 2026 16:12see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары