Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жылап, жатып қалдым : Айнұр Тұрсынбаева күйзеліске түскен кезін еске алды

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Уақытпен үндескен ұрпақ

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Цифрлық дәуірдегі дала

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Орталық Азия АҚШ саммиті Еуразияның жаңа геосаясатын қалай айқындайды

Орталық Азия АҚШ саммиті Еуразияның жаңа геосаясатын қалай айқындайды

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Неліктен ірі державалар Орталық Азияға қызығады

Орталық Азия — АҚШ форматындағы саммит ең алдымен өңірдің географиялық орналасуы тұрғысынан қызығушылық тудырады. Әсіресе бүгінде Еуразияда жүріп жатқан қарқынды әрі біржақты бағаланатын үдерістерді ескерсек, кездесу ерекше мәнге ие.

Олардың қатарында Ресей мен АҚШ арасындағы күрделі қатынас бар. Соңғы уақытта байланыс жақындасу мен жаңа санкциялардың алмасуымен сипатталып келеді. Соңғы оқиғалардың бірі ретінде АҚШ Дональд Трамп пен Ресей Федерациясының президенті Владимир Путиннің Будапештте өтуі тиіс кездесудің тоқтатылуын атауға болады. Бұған қоса, АҚШ пен Қытай арасындағы өзара саудаға қатысты дау әлі де жалғасып жатыр. Дегенмен, 30 қазанда Оңтүстік Кореяда АҚШ президенті мен ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің кездесуі барысында ымыралы шешім табу мүмкіндігі жөнінде белгілі бір ілгерілеушілік байқалды.

Сондай-ақ Таяу Шығыстағы күрделі жағдайды да атап өткен жөн, онда АҚШ белсенді рөл атқарып отыр.

Демек, қазір Еуразияда түрлі оқиғалар болып жатыр, олардың барлығы жаһандық геосаяси және экономикалық үдерістерге ықпал етуі мүмкін. Бұл аймақта әлемнің ең қуатты мемлекеттері іс жүзінде тартылғанын ескерсек, жағдайдың маңыздылығы айқындала түседі.

Осы тұрғыда ірі державалардың Орталық Азияға деген қызығушылығы түсінікті. Бұл тек құрлықтың орталығындағы стратегиялық орналасуына ғана емес, сондай-ақ өңірдің жаңа көлік дәліздерін құрудағы артып келе жатқан рөліне де байланысты. Негізінен, Орталық Азия бүгінде экономикалық тұрғыдан ең әлеуетті аймақтардың бірі саналады. Мұнда өсімге деген айтарлықтай мүмкіндік бар, бұл қазіргі әлемдік экономика үшін сирек құбылыс болып отыр.

Фото: Midjourney

Көлік дәліздері — құрлықтық сауданың негізгі буыны

Жаңа көлік дәліздерінің құрылуы аймақ экономикасындағы жағдайды түбегейлі өзгертетіні анық. Еске сала кетсек, КСРО тарағаннан кейін Орталық Азия іс жүзінде сыртқы әлемнен оқшауланып қалды. Алайда бүгінде Орталық Азия арқылы құрлықішілік сауданы дамыту идеялары бәсекелес елдерден де қолдау тауып отыр. Мысалы, Пәкістан мен Үндістанды атап өтуге болады. Қолданыстағы жобалар — трансауған газ құбыры мен Ауғанстан арқылы өтетін теміржолдар аталған елдердің аумақтарынан өтуі көзделген.

Одан бөлек, көлік дәліздерін дамытуға Қытай да мүдде танытып отыр. Аталған ел Орталық Азиядағы көптеген даму бағдарламаларын, соның ішінде орта дәліз шеңберіндегі жобаларды да қолдап отыр. Ресей Солтүстік — Оңтүстік бағыты бойынша дәлізді дамытуды жақтайды. Ал Еуроодақ аймақпен және аймақ арқылы Қытайға дейінгі құрлықішілік сауда байланыстарын нығайтуға мүдделі.

Соңғы уақытта байқалып отырған сауда соғысына байланысты жаһандану дағдарысы туындаған жағдайда, Еуразия ішіндегі сауда қатынастары жаһандық сауда байланыстарын сақтаудың маңызды факторларының бірі бола алады. Еуразияның халқы көп және соңғы онжылдықтардағы, әсіресе Қытайдағы, жаңғырту нәтижелерін ескере отырып, бұрын оқшау саналған құрлықтың орталық бөлігі жаңа жағдайда Қытай — Еуропа және Ресей — Оңтүстік Азия бағыттары бойынша сауда-экономикалық қатынастардың байланыстырушы орталығына айналып келе жатқанын айтуға болады.

C5+1 форматының маңызы неде

Орталық Азияның рөлі соңғы жылдары аймақтағы бес елдің өзара жақындасуымен де тығыз байланысты. Бұл елдер ортақ мүдде негізінде әрекет етіп, соңғы 10 жыл ішінде өңір үшін маңызды мәселелер бойынша бірыңғай ұстаным танытып отыр. Дәл осы өзара түсіністік C5+1 форматындағы ынтымақтастықтың қалыптасуына жол ашты.

Фото: newscentralasia.net

2015 жылы бұл формат алғашында сыртқы істер министрлерінің консультациялары түрінде пайда болды, кейіннен мемлекет басшылары деңгейіндегі кездесулерге ұласты. Осылайша, аймақ елдері арасындағы ішкі коммуникацияның дамуы сыртқы әлеммен өзара іс-қимыл жасауға ортақ өңірлік форматта мүмкіндік берді. Сондықтан C5+1 аясындағы кездесулер жаңа шындықты бейнелейді, яғни өңірмен өзара әрекеттесу тек екіжақты негізде ғана емес, сондай-ақ барлық елмен бірлескен түрде жүзеге асып жатыр.

Әрине, Орталық Азия мемлекеттері арасындағы осындай ішкі келісімнің болуы мұндай форматтың пайда болуының маңызды шарты. Айта кетерлігі, бұл жағдайда әрбір елдің жеке деңгейдегі саясатына нұқсан келтірілмейді. C5+1 форматы — міндетті сипаттағы одақ емес, мұнда саяси, қауіпсіздік немесе экономикалық бағыттағы ірі өңірлік бірлестіктерге тән институционалдық негіз жоқ. Бұл форматтың басты өзегі — әрбір мемлекеттің саяси билік құрылымдары тарапынан аймақ үшін ортақ мүддені түсіну мен мойындау.

Сонымен қатар, бұл формат әрбір елдің өз артықшылығын тиімді пайдалануына да негізделген. Бұл ретте Қазақстан айрықша көзге түседі. Себебі тек ішкі жалпы өнім (ІЖӨ) көлемі мен жаңа көлік дәліздерін салуға бағытталған ірі инвестициялар тұрғысынан ғана емес, сонымен қатар жаһандық деңгейде келіссөздер жүргізу тәжірибесімен де ерекшеленеді. Әсіресе, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықаралық ұйымдардағы жоғары деңгейдегі мол дипломатиялық тәжірибесі ерекше мәнге ие.

Қалай болғанда да, бұл форматтың ыңғайлылығы оның ауқымдылығында жатыр, өңір елдерінің жиынтық экономикасы мен халқының көптігі ірі державалармен келіссөздер жүргізу мәртебесін арттырады. Сол сияқты, ірі державалар үшін де аймақ елдерінің барлығымен бір уақытта келіссөз жүргізу әлдеқайда тиімді. Мұнда «масштаб әсері» өз рөлін атқарады: бірге алғанда аймақтың халқы да, ІЖӨ көлемі де артады, сондай-ақ ол өңірлік қатынас пен геосаясат жүйесінде неғұрлым маңызды рөлге ие.

Фото: Pixabay

Көпвекторлық — өңірдің стратегиялық формуласы

Еске салсақ, КСРО ыдыраған сәттен бастап Орталық Азия геосаяси бәсекелестіктің орталығында тұр. Бұл жерде тек үш ірі держава Қытай, Ресей және АҚШ қана емес, сонымен қатар Еуропалық одақ, Үндістан, Иран, Пәкістан, Түркия және Парсы шығанағы елдері сияқты ірі өңірлік ойыншылардың да мүддесі түйісіп отыр.

Сонымен бірге, Орталық Азия мемлекеттерінің барлығы дерлік көпвекторлы саясат ұстанып келеді, кейбірі оны өз ерекшеліктеріне қарай жүзеге асырып отыр. Әсіресе 1990–2000 жылдардағы күрделі кезеңді соның ішінде Ауғанстандағы ахуалды еске алуға болады.

Жалпы алғанда, өңір елдері әрдайым көпвекторлы саясат қағидатын ұстануға ұмтылып келді. Қазіргі жағдайда C5+ форматы осы саясаттың жаңа сапалық деңгейдегі көрінісі. Демек, ірі державалардың мұндай форматқа белсенді қатысуы олардың өңірлік көпвекторлық тұжырымдамасын қабылдағанын білдіреді. Әрине, бұл қазіргі жаһандық қарым-қатынастардағы тұрақсыздық жағдайында ерекше маңызға ие.

Айта кетерлігі, 2025 жылғы 9 қазанда Душанбе қаласында C5+Ресей екінші саммиті өтті. Бірінші кездесу 2022 жылғы 14 қазанда Астанада өткен болатын. 2025 жылғы 17 маусымда C5+Қытай екінші саммиті өтті, ал алғашқысы 2023 жылғы 18-19 мамырда Сиань қаласында ұйымдастырылды. Сондай-ақ 2025 жылғы 3-4 сәуірде Самарқан қаласында C5+Еуропа саммиті өткізілді.

Вашингтонның Орталық Азиядағы позициясын нығайтуы

6 қарашада Вашингтон қаласында АҚШ Президенті Дональд Трамптың қатысуымен «Орталық Азия — АҚШ» екінші саммиті өтеді. Америкалық президент әлемдегі көптеген үдеріске белсенді қатысып жүр. Сонымен бірге, ол көбіне дәстүрлі емес тәсілдермен әрекет етеді, әсіресе сыртқы саясат пен жаһандық экономика саласында. Сондықтан «Орталық Азия + АҚШ» саммитінің өткізілуі халықаралық қарым-қатынас үшін, ең кемінде Еуразия ауқымында, маңызды оқиға.

Трамптың өңірге деген қызығушылығы Еуразияның ортасында орналасқан аймақтың стратегиялық маңызымен тікелей байланысты. Бұл, өз кезегінде, АҚШ-тың өңірлік геосаясаттағы маңызды қатысушылардың бірі ретіндегі рөлін сақтап отырғанын көрсетеді. 2021 жылғы тамызда АҚШ әскерінің Ауғанстаннан шығарылуынан кейін америкалықтар аймақтан кеткен деген пікірлер жиі айтылған болатын.

Алайда, іс жүзінде АҚШ-тың біздің өңір төңірегіндегі геосаясатқа деген мүддесі ешқайда жоғалған жоқ. Вашингтонда өтетін алдағы саммит осының айқын дәлелі болмақ. Сонымен қатар, саммиттің Трамптың Оңтүстік Кореяға сапарынан және Қытай Төрағасы Си Цзиньпинмен кездесуінен кейін өтетіні де назар аударарлық. Екі тарап та өзара іс-қимыл мен сауда қатынасы бойынша ымыраға келуге мүдделілік танытты. Егер жаһандық деңгейде қақтығыс болмаса, өңірлік деңгейде де даму мүмкіндігі артады.

Жалпы алғанда, алдағы саммит Орталық Азия мемлекеттері үшін олардың жаңа рөлін, ортақ міндеттерді бірігіп тұжырымдай алатын біртұтас өңір ретіндегі мәртебесін нығайту тұрғысынан маңызды. Бұл міндеттердің ішінде көлік дәліздерін дамыту ерекше орын алады. Вашингтондағы саммит Астана, Сиань, Душанбе және Самарқандағы алдыңғы кездесулердің жалғасы ретінде біздің өңірдің жаңа геосаяси және геоэкономикалық маңызын айқындай түседі.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:134
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Қараша 2025 20:29
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жылап, жатып қалдым : Айнұр Тұрсынбаева күйзеліске түскен кезін еске алды

18 Қыркүйек 2026 21:42see154

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see151

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see143

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see140

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see138

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see138

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see137

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

19 Қыркүйек 2026 00:23see136

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see133

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see129

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see129

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see127

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see123

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see123

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see117

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see114

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see114

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see114

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see113

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары