Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

Бюджетке түскен батпан

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

Алматы облысында кесілген ағаштардың орнына көшет отырғызбағандар жазаланды

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

Қазақстан Қашаған операторы NCOC компаниясынан 4,9 млрд доллар айыппұл өндіруді тоқтатты

Өртке тосқауыл: жаңартылған жүйе, кешенді тәсіл

Өртке тосқауыл: жаңартылған жүйе, кешенді тәсіл

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Соңғы жылдардағы «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватында болған ең ірі өрттер дәл осылай өршелене түсіп, алапат өртті ауыздықтау оңайға соқққан жоқ. Алайда 2023 жылғы трагедия бүкіл орман қорғау жүйесі үшін ауыр сабақ болды. 2026 жылғы шілдеде орманда тұтанған от дер кезінде ырыққа көнді. 

Өткен күннен сабақ

2023 жылғы 8 маусымда Батпаев орманшылығында шыққан өрт қысқа уақыт ішінде бақылаудан шықты. Желдің күшеюі салдарынан тұтанған от төменнен жо­ғарыға қарай таралып, алапат өртке айна­л­ып жалпы аумағы 60 мың гектарға жетті.

Ең өкініштісі, қызметтік міндетін атқару кезінде резерваттың 14 қызметкері қаза тапты.

Ол кезде жүйе мұндай ауқымды апатқа дайын емес еді. Техниканың едәуір бөлігі физикалық тұрғыдан тозған болатын, ал әртүрлі ведомстволар арасындағы өзара іс-қимыл оқиға барысында ғана ұйымдас­тырылды. Бірыңғай іс-қимыл тәртібі болмағандықтан, шешімдерді келісуге аса ұзақ уақыт жұмсалды.

2023 жылы мемлекеттік орман иеленушілердің техникалық жарақтандырылуы жеткіліксіз деңгейде болды. Норматив бойынша 652 өрт сөндіру автокөлігі қажет болса, қолда бар техника саны 424 бірлікті құрады, оның ішінде 222-сі есептен шығаруға жататын. Жалпы қамтамасыз етілу деңгейі 65%-ды, ал пайдалану мерзімі аяқталған техниканы есепке алмағанда 31%-ды құрады.

Орман өрттерін патрульдеуге және сөндіруге арналған шағын орман-патрульдік өрт сөндіру кешендерінің саны норматив бойынша қажетті 665 бірліктің орнына небәрі 224 болды, оның ішінде 38-і есептен шығаруға жататын. Қамтамасыз етілу деңгейі 33%-ды, ал аталған техниканы есепке алмағанда 28%-ды құрады.

Әсіресе, «Семей орманы» резерватында жағдай күрделі болды. Мұндағы 65 өрт сөндіру автокөлігінің 62-сі, сондай-ақ 13 шағын орман-патрульдік өрт сөндіру кешенінің 11-і есептен шығару мерзіміне жеткен еді. Соған қарамастан, бұл техника тұрақты техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жұмыстарының арқасында жұмысқа жарамды күйде ұсталып, ормандарды патрульдеу және өрттерді сөндіру кезінде пайдаланылып келді.

Үш жылда не өзгерді?

2023 жылғы трагедиядан кейін орман өрттерінен қорғау жүйесін ауқымды жаңғырту басталды. Бұл тек жаңа техника сатып алумен ғана шектелген жоқ.

Үш жыл ішінде өртке қарсы техникалар паркі жаңартылды, авиациялық күзет күшейтілді, байланыс пен мониторинг жүйелері дамытылды, мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл тәртібі қайта қаралды және мамандарды даярлау деңгейі едәуір артты.

2023-2026 жылдары мемлекеттік орман иеленушілер үшін 2,2 мыңнан астам техника сатып алынып, жеткізілді. Оның қатарында өрт сөндіру автокөліктері, шағын орман-патрульдік өрт сөндіру кешендері, тракторлар, патрульдік автокөліктер, ұшқышсыз ұшу аппараттары, заманауи байланыс құралдары, мотопомпалар және өзге де жабдықтар бар.

Ерекше назар «Семей орманы» резерватына аударылды. Оның филиалдарына 123 жаңа техника, оның ішінде 53 өрт сөндіру автокөлігі берілді. Жаңа автокөліктер жолақты қарағайлы ормандар жағдайында жұмыс істеуге арнайы бейімделіп жасалған. Олар дәстүрлі өрт сөндіру автокөліктеріне қарағанда жеңіл болғандықтан, құмды жолдар мен орман ішіндегі сүрлеулерде еркін қозғалады. Су қоры қозғалыс барысында да өртті сөндіруге жеткілікті, ал өзін-өзі қорғау жүйесі автокөлікті салқындатып, оттан зақымдану қаупін азайтады. Қозғалтқыштың, жанармай багының қосымша қорғанысы, лебедка, мотопомпа және заманауи жабдықтар өрт сөндірушілерге өрт шебінің дәл маңында жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Жаңа техника және жедел әрекет

KamAZ және HOWO үлгісіндегі жаңа өрт сөндіру автокөліктері жолақты қарағайлы ормандардың ерекшеліктерін ескере отырып әзірленген. Су сыйымдылығы – 3 тонна. Мұндай көлем құмды жолдарда, орман ішіндегі сүрлеулерде және қатынауы қиын учаскелерде көліктің өтімділігі мен маневрлігін сақтауға мүмкіндік береді.

Автокөлік қозғалыс кезінде де өртті сөндіре алады. Өзін-өзі сөндіру жүйесі доңғалақ доғаларына, кузовтың периметрі бойына және қозғалтқыш бөлігінің алдына су береді. Қозғалтқыш, беріліс қорабы және жанармай багы қосымша металл қорғаныспен жабдықталған. Сонымен қатар лебедка, жылжымалы радиостанса, мотопомпа және қажетті өртке қарсы техникалық жарақ орнатылған. Автокөлік су ағынын 100 метрге дейін жеткізе алатын заманауи лафеттік оқпандармен жабдықталған, бұл орман өрттерімен күрес мүмкіндігін айтарлықтай кеңейтеді.

Бұл жаңа техникалар өрт сөндірушілерге өрт шебінің дәл маңында жұмыс істеуге, өрт сөндіру жеңдерін төсеуге, автокөліктің алдынан су беруге және қарқынды жану аймағынан қауіпсіз шығуға мүмкіндік береді. Құмды топырақты қарағайлы ормандар үшін бұл шешімнің практикалық маңызы зор. ТМД елдері ішінде баламасы жоқ мұндай автокөліктер өрт кезіндегі қауіпсіздік шараларын сақтауға, жедел әрекет етуге бейімделген. 

Бүгінгі күні төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында автопарктерді жаңартумен қатар мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылының бірыңғай алгоритмі әзірленді. Соған сәйкес, ірі өрттерді сөндіруге қандай органның, қашан және қандай кезектілікпен жұмылдырылатыны да алдын ала айқындалды. Құжатта ормандарды күнделікті мониторингтеуден бастап авиацияны, Төтенше жағдайлар министрлігінің, Ішкі істер министрлігінің, Қорғаныс министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, жергілікті атқарушы органдардың және басқа да қызметтердің күштерін тартуға дейінгі барлық кезеңдер нақты көрсетілген.

Бұл төтенше жағдай кезінде негізгі ұйымдастырушылық шешімдерді шұғыл қабылдау қажеттілігін жойды. Сақтық шаралары үшін әзірленген бұл тетік тек құжат жүзінде қалмас үшін жыл сайын ірі командалық-штабтық оқу-жаттығулар өткізіледі. Әр жылдары олар «Семей орманы», «Ертіс орманы» резерваттарында және Қостанай облысында ұйымдастырылады. Жаттығулар барысында мамандар штабтың жұмысын, авиация мен жерүсті бөлімшелерінің өзара іс-қимылын, ақпарат алмасуды және күштерді жедел шоғыр­ландыруды пысықтайды.

Сонымен қатар кадрларды даярлау жұмысы күшейтілді. Соңғы үш жылда орман өрттерін сөндіру жұмыстарын басқаратын шамамен үш мың басшы арнайы оқытудан өтті.

Айтуға оңай...

2023 жылғы алапат өрттен сабақ ала оты­рып, жаңартылған жүйені іске қосудың нәтижесінде биыл 16 шілдеде бастал­­ған өрттің зардабын еңсеру біршама же­ңі­лірек болды. Яғни жаңартылған жүйе өзі­нің ең маңызды сынағынан өтті деуге болады.

16 шілде, таңғы сағат 09:45-те «Семей орманы» резерватының Бородулиха филиалына қарасты Қамышен орманшылығында өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Арада небәрі 15 минут өткенде өртті сөндіру жұмыстары басталды.

Жағдай өте күрделі болды. Ауа температурасы +34 градусқа дейін жетті, жауын-шашын болған жоқ. Өрт қауіптілігінің бесінші төтенше деңгейі сақталды. Желдің жылдамдығы секундына 14 метрге дейін жетті. Өрт қарағайлы орманда бас­талып, көп ұзамай жоғарғы өртке ұлас­ты. Оқиға орнына алғашқы болып мемлекеттік орман күзетінің қызметкерлері мен «Қазавиаорманқорғау» мамандары жетті. Кейін бекітілген Алгоритмге сәйкес, күштер кезең-кезеңімен толықтырылды.

Өртті сөндіруге «Ертіс орманы» резерватының күштері, Төтенше жағдайлар министрлігінің, Ішкі істер министрлігінің, Қорғаныс министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бөлімшелері, жергілікті атқарушы органдар мен медициналық қызметтер жұмылдырылды.

Жалпы өртті сөндіруге 800 адам, 193 жерүсті техникасы және су төгу құрылғыларымен жабдықталған 8 тікұшақ («Қазавиаорманқорғау» РМК, Қорғаныс министрлігі, ҰҚК, ТЖМ және ШҚО әкімдігі авиация­лық бөлімшесінің әуе кемелері) қатысты.

Тек авиацияның өзі 17 шілде таңына дейін 270 рет су төгіп, өрт ошақтарына жалпы көлемі 810 тонна су жеткізді. Әуе кемелері жерүсті техникасы жедел жете алмайтын учаскелерде жұмыс істеді.

Осы уақытта жерде орман күзеті қызметкерлері минералдандырылған жолақтар жүргізіп, өрт шебін ұстап тұрды, ал ТЖМ мен жергілікті атқарушы органдардың бөлімшелері бірлесіп елді мекенді қорғап, өрттің қапталдар арқылы таралуына жол бермеді.

Түнгі уақытта да жұмыстар тоқтатылған жоқ. Жасырын бықсып жанатын ошақтарды анықтау үшін жылу камерасымен жабдықталған ұшқышсыз ұшу аппараты пайдаланылды.

Өрттің одан әрі таралуын тоқтату мүмкін болды. 18 шілде күні таңертең өрт оқшауланды. Өрт толық сөндірілгеннен кейін белгіленген тәртіпке сәйкес, 15 күн ішінде өрт шарпыған аумақтың нақты көлемі анықталады. Алдын ала бағалау бойынша жоғарғы өрттің аумағы шамамен 370 гектарды құрайды.

Өрттің жоғарғы түрге ауысқанына және ауа райының аса күрделі жағдайына қарамастан, оның одан әрі таралуына жол берілген жоқ. Ең бастысы, 2023 жылғыдай адам шығыны мен қайғылы салдардың алдын алуға мүмкіндік болды. Өрт оқшау­ланғаннан кейін орман күзеті қызметкерлері аумақты күзету жұмыстарын жалғас­тырып, бықсу ошақтарын толық жою жұмыстарын жүргізді.

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің, Төтенше жағдайлар министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Қорғаныс минис- трлігінің, Абай облысы әкімдігінің және азаматтық қорғау жүйесінің басқа да қызметтерінің жанқиярлықпен, ұйымшыл әрі үйлесімді атқарған жұмысының арқасында 2023 жылғы трагедияның қайталануына жол берілген жоқ. Дегенмен орман өрттеріне тиімді қарсы іс-қимыл жасау үшін күштер мен құралдардың дайындығын, ведомствоаралық өзара іс-қимылды және профилактикалық шараларды одан әрі күшейту қажет.

Сандар және нәтиже

2026 жылғы өрт қауіпті кезеңінің статистикасы да қабылданған шаралардың тиімділігін көрсетіп отыр.

2026 жылғы шілде айының ортасындағы жағдай бойынша мемлекеттік орман қоры аумағында 498 орман өрті тіркелді. Бұл былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шамамен 42%-ға көп. Соған қарамастан, өрт шарпыған жалпы аумақ шамамен төрт есеге қысқарып, 10,3 мың гектарды құрады. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы өрттердің жалпы ауданы үш еседен астам азайды.

Бұл тұрғыда «Семей орманы» резерватының көрсеткіштері де назар аудартады. Шілде айындағы ірі өртке дейін мұнда 117 өрт тіркеліп, олардың жалпы ауданы небәрі 13,9 гектарды құрады. Орта есеппен әрбір өрттің аумағы шамамен 0,12 гектар болған. Бұл өрт ошақтарының басым бөлігі бастапқы кезеңінде дер кезінде анықталып, жойылғанын көрсетеді.

Тек биылғы жылдың 20 шілдесінде ғана «Семей орманы» резерваты аумағында 42 өрт ошағы тіркеліп, олардың барлығы жедел түрде сөндірілді.

Соңғы жылдардағы тәжірибе көрсеткендей, заманауи техниканың өзі ғана орман өрттері мәселесін толық шеше алмайды. Нәтижеге тек кешенді тәсіл арқылы қол жеткізуге болады. Ол – жаңа өрт сөндіру автокөліктері, авиация, ұшқышсыз мониторинг, сенімді байланыс, білікті мамандар, нақты басқару және барлық қызметтердің алдын ала пысықталған өзара іс-қимылы.

Дәл осы факторлардың үйлесімі 2026 жылдың шілде айында «Семей орманы» резерватындағы жоғарғы өрттің таралуын тоқтатуға және үш жыл бұрынғы қайғылы оқиғаның қайталануына жол бермеуге мүмкіндік берді.

Ерлан НЫСАНБАЕВ, Экология және табиғи ресурстар министрі 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:91
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Шілде 2026 06:24
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

07 Қыркүйек 2026 22:03see144

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

08 Қыркүйек 2026 13:48see143

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

07 Қыркүйек 2026 21:43see141

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

08 Қыркүйек 2026 16:49see140

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

08 Қыркүйек 2026 07:22see139

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

08 Қыркүйек 2026 17:04see139

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

08 Қыркүйек 2026 20:43see138

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

08 Қыркүйек 2026 09:33see138

Бюджетке түскен батпан

08 Қыркүйек 2026 04:59see138

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

08 Қыркүйек 2026 16:49see136

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

08 Қыркүйек 2026 13:07see136

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

08 Қыркүйек 2026 10:15see134

Алматы облысында кесілген ағаштардың орнына көшет отырғызбағандар жазаланды

07 Қыркүйек 2026 20:34see133

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

09 Қыркүйек 2026 01:12see131

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

08 Қыркүйек 2026 21:40see126

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

08 Қыркүйек 2026 19:15see122

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

08 Қыркүйек 2026 20:05see119

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

08 Қыркүйек 2026 23:41see118

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

09 Қыркүйек 2026 09:33see118

Қазақстан Қашаған операторы NCOC компаниясынан 4,9 млрд доллар айыппұл өндіруді тоқтатты

09 Қыркүйек 2026 08:07see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары