Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Инклюзивті тәсіл жүзеге асты

Инклюзивті тәсіл жүзеге асты

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Қостанайда мүгедектігі бар азаматтар инновациялық технология көмегімен дауыс берді. Еліміздің санаулы өңірлерінде ғана қолға алынған қанатқақты жоба аясында №21 референдум учаскесінде есту, көру қабілеті нашар жандарға арналған цифрлық бұрыштар жұмыс істеп тұрды.

Учаске ғимараты меңіреу ты­ныштыққа тіл бітіріп, қараң­ғыны жарық ететін «ақылды» құ­рылғылармен жабдықталған. Жүріп-тұруы қиын жандардың кіріп-шығуына қажет жағдайдың бәрі қарастырылған. Учаске пандуспен, кіреберістегі тактильді көрсеткіштер, тактильді навига­ция құралдары, электрондық дыбыс бергіш аппаратпен қам­тамасыз етілген. Сондай-ақ  көру қабілеті нашар жандарға бағыт-бағдар сілтейтін Брайль қарпімен жасалған трафереттер, аудио-нұсқаулықтар қойылған. Бір бұрышта үлкейткіш әйнек, қосымша жарық көздері, дыбыс ұлғайтқыш қондырғылар қосылған. Компьютерден Консти­туция жобасы туралы қа­жетті ақпарат алуға болады. Дауыс беру кабинасына дейін ды­быс­тық қондырғы орнатылған. Шымылдығы ашылса, екі тілде сөйлеп қоя береді.

Жалпы, аталған учаскеде дауыс беру құқына ие 2 356 адам тіркелген. Оның ішінде есту қабі­леті нашар – 5, көру қабілеті төмен – 12, арбаға таңылған 4 азамат бар.

«Бұған қоса, көру қабілеті нашар адамдарға арнайы маяк­тар орнатылған. Тактильді көр­сеткіштердің ерекшелігі, учас­кеге келген мүмкіндігі шектеулі адам құрылғыны саусағымен оқып, референдум комиссиясының қай­да отырғанын, бюлеттеньді қайдан алу керегін бірден түсінеді. Сондай-ақ дауыс беру кабинасы мен дауыс беру жәшігін де ешкімнің көмегінсіз өзі таба алады. Бұған қоса, арбаға таңылған жандар үшін бастырма нүктесі бар арнайы көтергіш құрылғы орнатылды. Азамат нүктені басып, көтергішке мініп ғимаратқа енеді. Одан әрі кіреберісте тұрған комиссия мүшесі оны дауыс беру залына дейін жеткізеді. Сонымен қатар есту қабілеті нашар азаматтарға арналған индукциялық ілмек бар. Бұл құралдың көмегімен комиссия мүшелері дауыс берушімен еш кедергісіз түсінісе алады. Әдетте, мұндай азаматтар үнемі арнайы есту аппаратын тағып жүреді. Ал микрофон таққан комиссия мүшесі айтқан әрбір сөз сол арнайы құрылғыға блютуз арқылы жетіп отырады. Осылайша, екеуі еш кедергісіз оп-оңай түсініседі», дейді учаскелік референдум комиссиясының төрағасы Бауыр­жан Қажиақбаров.

Инклюзивті дауыс беру учас­кесі үш түсті аймаққа бөлінген. Бірінші аймақ сары түсті бояумен қоршалған. Сары түс көзі нашар көретіндердің дауыс беру залын жазбай тауып баруына көмектеседі. Зағип жан көк түспен қоршалған аймақтан бюллетень алатынын, ал жасыл аймақ дауыс беруге арналған алаң екенін бірден түсінеді.

Көру қабілетінен айырылған Александр Пряхиннің айтуынша, аталған сайлау учаскесі мүгедектігі бар жандардың маңызды оқиғадан шет қалып қоймауына септігін тигізеді.

«Мен бұған дейінгі сайлау, референдумдарда үйде отырып дауыс беретінмін. Комиссия мүшелері жәшіктерін көтеріп өздері келетін. Бүгін елден қалмай көпшілікпен бірге дауыс беруге келіп тұрмын. Учаскелік комиссия жіберген инватаксимен жеттім. Ел болашағы үшін аса маңызды тарихи оқиғадан тыс қалдырмай, бізді де елеп-ескеріп бар жағдайды жасап қойған. Бүгін еліміздің жарқын болашағы үшін, өзім сияқты мүмкіндігі шектеулі жандардың жақсы өмір сүруі үшін дауыс бердім», дейді А.Пряхин.

Қостанай облысында 717 референдум учаскесі жұмыс істеді. Өңірде 536 824 азамат дауыс беру құқығына ие. Маңызды науқан­ға тұрғындардың аса белсенді ат­салысқанын да айта кету керек. Учаскелер ашылған сәттен бастап кешке дейін қоғамдық көліктер де тоқтаусыз тегін жүріп тұрды.

Қостанай облысы 

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев: Дауыс берушілер саны бойынша ең жоғары рекордтық көрсеткіш тіркелді

Президент • Бүгін, 03:15

Бұл мәселе бойынша ешқандай күмәнім жоқ: Президент экзит-полл қорытындысымен танысты

Президент • Бүгін, 03:10

Елена Рыбакина Индиан-Уэллс турнирінің финалында жеңіліп қалды

Теннис • Бүгін, 02:51

Мемлекет басшысы: 15 наурыз – Конституция күні болып белгіленеді

Президент • Бүгін, 02:23

Референдум-2026: Үшінші Exit poll нәтижелері жарияланды

Референдум • Бүгін, 02:05

«Социс-А» Еxit poll нәтижесін жариялады: Азаматтардың 87,4%-ы жаңа Конституцияны қолдаған

Референдум • Бүгін, 01:58

Референдум: Желіде жалған ақпараттық шабуылдар тіркеліп жатыр

Референдум • Бүгін, 01:03

Қостанай облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдар жабылды

Ауа райы • Бүгін, 00:40

Exit poll нәтижесі: Ел тұрғындарының 86,7%-ы жаңа Конституцияны қолдады

Референдум • Бүгін, 00:25

Қазақстан бокс құрамасы Futures Cup турнирінде үш алтын медаль жеңіп алды

Бокс • Кеше

Алматылықтар соңғы 5 жылдағы ең жоғары дауыс беру белсенділігін көрсетті

Аймақтар • Кеше

ІІМ: Референдум учаскелерінде қоғамдық тәртіп бұзылған жоқ

Референдум • Кеше

16 наурызда елімізде ауа райы құбылмалы болады

Ауа райы • Кеше

Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз Иран халқына құрметпен қараймыз

Президент • Кеше

Референдум күні Алматыда 44 сәби дүниеге келді

Референдум • Кеше

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:172
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Наурыз 2026 08:29
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары