Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Үкімет инклюзивті саясатты жүзеге асыру шараларын талқылайды

Үкімет инклюзивті саясатты жүзеге асыру шараларын талқылайды

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Үкімет отырысы аяқталғаннан кейін БАҚ өкілдеріне баспасөз мәслихаты ұйымдастырылады. Онда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев пен «Самұрық-Қазына» АҚ корпоративтік басқару, әлеуметтік-еңбек қатынастары және еңбекті қорғау жөніндегі басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов тілшілер тарапынан туындайтын сауалдарға жауап береді.

Естеріңізге сала кетсек, өткен жылдың басында елімізде 2025-2030 жылдарға арналған инклюзивті саясат тұжырымдамасы бекітілді. Инклюзивті саясатты іске асырудағы жаңа тәсілдер құқықтарды іске асыруға, мүгедектігі бар адамдар үшін мүмкіндіктерді кеңейтуге және қоғамға толыққанды әлеуметтік ықпалдасу үшін қажетті жағдайлар жасауға бағытталған пәрменді шаралар кешенін қабылдауды көздеді.

Тұжырымдама аясында теңдік және кемсітпеу; құқықтық қорғалу; әлеуметтік қорғау деңгейін арттыру; инклюзивті еңбек нарығы; денсаулық, абилитация және оңалту; инклюзивті білім беру; қоғамдық-саяси өмірге тарту; кедергісіз орта және қызметтердің қолжетімділігі; төтенше жағдайлар мен климаттық қауіп-қатерлер жағдайындағы қауіпсіздік; жеке отбасылық өмір; мәдени өмір, бос уақыт және спорт; ағарту-тәрбие жұмысы; мониторинг және есепке алу сынды 13 негізгі бағытты іске асыру қолға алынды.

Фото: Ақорда

Құжатты іске асыру іс-қимыл жоспарында барлығы 52 іс-шара көзделген. Олардың орындаушылары – салалық министрліктер мен жергілікті атқарушы органдар.

Айта кетейік, өткен аптадағы Үкімет отырысында осы жылдың 3 айындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы шығарылып, республикалық бюджеттің атқарылу барысы қаралды.

Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің дерегінше, биылғы бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша жалпы ішкі өнімнің нақты өсуі 3%-ды құрады.

Фото: canva

Осы жылдың ерекшелігі – қалыптасқан жағдайға байланысты экономика, мұнай саласын есепке алмағанда, өсіп келеді. Нақты сектордағы өсу 2,1, көрсетілетін қызметтерде 3,7 пайыз болды. Салалар арасында құрылыс, көлік қызметтері және өңдеу өнеркәсібі ең жоғары өсімді көрсетті. Сауда 4,8%-ға, байланыс қызметтері 3,9%-ға, ауыл шаруашылығы 3,4%-ға өсті. Инвестициялар өсімнің драйвері ретінде қалып отыр.

Ал Ұлттық банк төрағасының бірінші орынбасары Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, жалпы халықаралық резервтер наурыздың соңында 129,5 млрд долларды құрады. Ұлттық банктің алтын-валюта резервтері 67,2 млрд долларға дейін 2,7 пайызға ұлғайды. Ұлттық қордың активтері 2,5 пайыз азайып, 62,3 млрд доллар болды. Бірінші тоқсанда Қорға келіп түсетін түсімдер 184 млрд теңгеге, ал Ұлттық қордан республикалық бюджетке берілетін трансферт көлемі 800 млрд теңгеге жетті.

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов қаңтар-наурыз айларында мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі 19,7 млн тоннаны немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 80,2 пайызды құрағанын айтты.

- 3 айдың қорытындысы бойынша мұнай экспорттау 15,3 млн тоннаны құрады немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 78,5 пайызға орындалды. 2026 жылға болжам – 76 млн тонна, - деді ол.

Фото: Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаевтың мәліметінше, құрылыс саласында үш айдың қорытындысы бойынша жұмыс көлемі шамамен 1,2 трлн теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 14,8 пайызға артты. Жалпы, өңірлердің басым бөлігінде оң өсу динамикасы байқалды. Есепті кезеңде 3,9 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл көрсеткіш былтырмен салыстырғанда 3,8 пайызға жоғары.

- Салада оң динамиканы сақтау мақсатында биыл тұрғын үйді пайдалануға беру көлемін 20,2 млн шаршы метрге жеткізу жоспарланған. Ол үшін 20 мың жалға берілетін пәтер сатып алуға 332 млрд теңге бөлу, сондай-ақ жетіспейтін инженерлік инфрақұрылымды жүргізуге 184 млрд теңге қажет. Алайда қаражаттың қайтарылуына қатысты мәселелердің толық шешім таппауына байланысты, қазіргі қаржыландыру жағдайында тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі 18,5 млн шаршы метр деңгейінде болжанып отыр, - деді министр.

Осы орайда Үкімет басшысы Олжас Бектенов құрылыс саласындағы шешімін таппаған мәселелерді атады.

- Егер әкімдіктер тез арада тиісті шешім қабылдамаса, тұрғын үй құрылысының қарқыны бойынша артта қалу қаупі бар. Осыған байланысты Ұлттық экономика және Қаржы министрліктеріне бір апта ішінде жергілікті бюджеттерге пайыздық мөлшерлемені өтеп, облигациялар бойынша негізгі борышты жабуға мүмкіндік беретін нақты тетіктерді әзірлеуді, сондай-ақ аталған құралдарға өңірлердің қатысуы үшін ашық жағдай жасауды тапсырамын. Нақты параметрлері мен қаржыландыру көздері айқындалған дайын шешімдер қажет, - деді ол.

Фото: Gov.kz

Ал республикалық бюджеттің атқарылуы туралы баяндаған Қаржы министрі Мәди Такиев шикізат пен валюта нарығының сыртқы құбылуына қарамастан, жалпы негізгі бюджет параметрлері атқарылғанын атап өтті. Трансферттерді есептемегенде, мемлекеттік бюджеттің кірістері 6,4 трлн теңгені немесе жоспарға 104,3 пайызды құрады. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, түсімдер 931 млрд теңгеге немесе шамамен 17 пайызға өсті.

- Жергілікті бюджет жоспардан 193 млрд теңгеге асыра орындалып, 2,3 трлн теңге көлемінде түсім алып келді. 2025 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда, салық түсімдерінің өсуі 20%-ды құрады немесе 1 трлн теңгеден аса түсім қамтамасыз етілді. Импортталатын тауарларға салынатын қосылған құн салығы бойынша түсімдер 165 млрд теңгеге ұлғайды. Оның ішінде алдын ала берілетін деректерге сәйкес, қосылған құн салығы мөлшерлемесінің ұлғаюы есебінен, өсім шамамен 80 млрд теңгені құрады, - деді министр.

Күн тәртібіне шығарылған мәселені қорытындылаған Премьер-министр Олжас Бектенов қазіргі жаһандық экономикалық және геосаяси ахуал барлық елге әсер етіп отырғанына, бәсекелестік күннен күнге күшейіп келе жатқанына назар аудартты.

— Бос әңгімені доғаратын уақыт келді. Нақты іспен айналысу керек. Ірі өнеркәсіп және инфрақұрылым жобаларын жүзеге асырып, барлық салаға жасанды интеллектіні енгізу керек. Қаржылық тәртіпті қатаң сақтап, әлеуметтік қамсыздандырудың әділетті жүйесін қалыптастыру қажет. Қазіргідей бәріне бірдей емес, мемлекет шын мәнінде мұқтаж адамдарға ғана қолдау көрсетуге тиіс, — деді Премьер-министр.

Үкімет басшысы Энергетика министрлігіне Атырау облысындағы полипропилен компаниясының жобалық қуатына шығуын қамтамасыз етуді жүктеді.

— Сондай-ақ Өнеркәсіп министрлігіне өсудің қосымша резервтерін қамтамасыз ету аясында 2026 жылға жоспарланған химия өнеркәсібінің кемінде 4 басым жобасын уақтылы іске қосуды тапсырамын, — деді Олжас Бектенов.

Коллаж: Kazinform / Freepik / Gov.kz

Оның айтуынша, мемлекеттік кепілдік есебінен қаржыландыру жоспарланған автожол жобалары бойынша құжаттаманы сүйемелдеу процесі баяу жүріп жатыр. Экономиканың басым салаларында қосылған құнды арттыратын инвестициялық жобаларды анықтау жұмысының да тиімділігі төмен.

- Әрбір басшыға салалар бойынша өсудің жоспарлы көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін тікелей жауапкершілік жүктелген. Осыны тағы да естеріңізге саламын. Конституцияның қабылдануымен еліміз дамудың жаңа кезеңіне қадам басады. Бұл орайда, мемлекеттік аппаратқа, бірінші кезекте басшыларға жаңа талаптар қойылады. Әрбір басшы өзінің жұмыс тәсіліне де, өзіне де түбегейлі жаңаша көзқараспен қарауға тиіс. Ол Мемлекет басшысы айқындаған жаңа талаптарға, жаңғырудың жаңа жалпыұлттық күн тәртібіне сәйкес келе ме? Әрбір басшыдан нақты нәтиже болуға тиіс. Бұны естен шығармаңыздар, - деді Премьер-министр.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:181
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Сәуір 2026 08:08
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see136

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see135

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see134

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see133

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see132

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see131

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see131

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see130

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see130

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see127

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see124

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see124

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see124

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see117

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see115

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see114

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see114

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see113

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see113

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары