Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

“Орысша сөйлеңдер” деп талап ететіндердің артында кім тұр?

“Орысша сөйлеңдер” деп талап ететіндердің артында кім тұр?

Arasha.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Жақында Алматыдағы қоғамдық көлікте екі бірдей провокациялық жағдай болды. Бірінде жасы 50-60-тағы адам тыныш отырған қазақ баласына тиісіп: «По-русски говори! Вот смотрите даже в городе Алматы по-русски не хотят разговаривать. Это между прочем национализм. Этого человека видите, с ним надо поговорить» - депті. Жас бала: «Тыныш отыр. Орысша сөйлемеймін!» - деп жауап береді. Екіншісінде шамасы мас күйіндегі бір әйел мен ер азамат қазақ қызына шүйлігіп, боқтап: «Қазақстанда орыс тілі мемлекеттік тіл, орысша сөйлеңдер!  (Конституцияға сәйкес, ҚР-да мемлекеттік тіл – қазақ тілі, орыс тілінің ресми статусы да жоқ авт.), Егер мына видеоны бір жерге жарияласаң, мен сені тауып аламын» деп қоқан-лоққы көрсетіп жатыр. Дәл осы оқиға бойынша жас қыз құзырлы органдарға арыз жазған соң, заңгерлер тартылып, қоғамдық тәртіпті бұзып, ұлтаралық араздық туғызған тарапты заң шеңберінде жазалауға кіріскенде, әлгі провокатор әйел кешірім сұрап, «бұдан былай адам түгілі жас балаға тиіспеймін» деп ант суын ішіп отыр. Жалпы, елімізде мұндай провокаторлар неге көбейіп барады? Неге қылмыстық істер қозғалмайды? 

Бұл оқиғалар елімізде кеңінен қолданылатын Facebook, Threads, Instagram, Tik-tok сияқты әлеуметтік желілерде кеңінен талқыланып, қоғамдық резонанс туғызды. Желі белсенділері ел тыныштығының шырқы мен қоғамдық тәртіпті бұзып, орысша сөйлеуді талап етіп отырғандарды тауып алып, қатаң жазалау керек дейді. Әлеуметтік желіде белсенді заңгерлер де бұл істердің «ұлтаралық араздық бабы» бойынша қозғалу керегін алға тартып отыр. Алматы облыстық заңгерлер коллегиясының мүшесі Жанар Балғабаева: 

– Қылмыстық процестік кодекстің 180-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастауға масс-медиадағы және онлайн-платформалардағы хабарлар негіз бола алады делінген. Мұндағы ер азаматтың іс-әрекеттері 174-бап, яғни ұлтаралық араздық туғызу бабына жатады, - деп жазған. 


Желі белсендісі Жұлдыз Форт:

- Жаңа видеода автобуста рашистерден жәбір көрген қазақ келіншек ұлтжанды Мейірман Шөкеев деген адвокатпен кездесіп, полицияға арыз жазған соң,  әлгі әйел: «Мен бәрін түсіндім, менікі дұрыс емес, кешірім сұраймын» - деп тұрғанын көрдім. Адвокат сол азаматтарға қарсы әкімшілік іс қозғалды деді, бірақ меніңше, оларға ҚР-сы Қылмыстық кодексінің 174-бабы бойынша  ұлтаралық араздық туғызды деп қылмыстық іс қозғалуы керек, - дейді. 

Белсенділер мен сарапшылар автобуста әйел мен баланы балағаттап жатқан кезде оларды қорғайтын бірде-бір ер азаматтың не жасы үлкен адамдардың табылмағанын сын тезіне алып жатыр.

Жұлдыз Форт:

«Автобуста бір рашист қазақтың бозбаласына өтуге жол бермей: «Говори по-русски», - деп әдейі тиісіп тұр, қасында шовинистер шиқылдап күліп, мәз болып отыр. Онда да қазақтар үндемей, көрмегенсіп отыр.  Бұны көріп, мені ыза кернеп: «Неге қазақтар бір-бірін қолдамайды, неге сондай ынжық, қорқақ болып кеткен?» – деп күйіндім. Мен видеоларды аккаунтарыма салып, құзырлы органдарды белгіледім, - дейді.

Жас балаға тиіскен блогер «Каройский Дяхан» деген лақап атын жамылған Тик-токта аккаунты бар адам екен. Оның он мыңға таяу жазылушысы бар. Парақшада әлеуметтік, ұлтаралық араздық туғызатын контент жеткілікті. Мәселен, Тәуелсіздік күні жарияланған видеода қараойлық Дяхон: «Бүгін 16 желтоқсан, Қазақстанның Тәуелсіздік күні. Бүгін мен барлық кедей, бейшара, бірақ тәуелсіз қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтағым келеді. Бұл Тәуелсіздік бізге не берді? Кедейлік берді, құлдырау әкелді, халықтың 70 пайызы тізерлеп тұр. Макарон мен галина бланка ішеді, есесіне тәуелсізбіз ғой» - деп, мемлекеттік мерекеге тіл тигізеді және билікті кекетеді. Айтпақшы, бүгін аккаунт иесі автобуста болған оқиғаны өшіріп тастапты. 

Неге әлеуметтік желіде мемлекеттік мерекелерге қаяу түсіріп, мемлекеттік тіл – қазақ тіліне тіл тигізетіндердің видеосы көбейіп барады? Желі белсендісі Асқар Асанқұлов: «Желіде мұндай роликтер тым көбейіп кетті, бұл сыртқы тапсырыс болуы мүмкін елімізге қысым жасау үшін, мемлекетімізді шайқау үшін, тағысын тағы... Ал бұл оңбағандар жай орындаушылар ғана» деп жазыпты.

Естеріңізге сала кетсек, президент Қасым-Жомарт Тоқаев көктемде Қазақстан халық ассамблеясында «Ешкім ешкімді мына тілде сөйле деп міндеттей алмайды, тілді ту еткен арандатушылар бар» деген еді. Бұл мәлімдеме қоғамда қызу талқыланды. Өкінішке қарай, содан бері «қазақша сөйлеңізші» деп мәдениетті түрде МИБ басшысынан талап еткен журналист, желтоқсаншы азамат Мирболат Мырзатайыұлы 4 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Енді қоғам белсенділері: «Ал автобуста «орысша сөйлеңдер» деп талап еткен адамдар қылмыстық жауапқа тартыла ма?» - деп әділ жазаны сұрап отыр. Белсенділер неге «қазақша сөйлеңізші» деп талап еткендер қылмыстық жазаға, ал «орысша сөйлеңдер» деп талап еткендер әкімшілік жазаға тартылады деп наразылық білдіруде. Неге заң бәріне бірдей емес деп сауалды төтесінен қойып отыр.  

Бұл даулар әлі де қоғам назарында. Желі қолданушысы Ерғазы Сейітқали: «Заңмен тыйым салмасақ, елге іріткі салатындар көбейіп барады. Бір күні халық өз орнына қойса, жаман болады» дейді. Мая Күшкімбаева: «Кешірім жоқ залымдарға. Мирболатты осындай сепаратистердің кесірінен қазақша сөйлегені үшін соттады. Мына әйелдің сотталып жатқан журналистен несі артық? Орыс болғаны үшін бе? Сотталсын» - дейді. 

Өкінішке қарай, бұл жерде Ресейдің ақпараттық-идеологиялық экспансиясы мен саясатының салдары анық көрініп тұр. Ресейлік арналар мен медианы қарайтын ел азаматтары қазақстандық патриотизмге ұйып, мемлекеттік тіл мен мерекелерге құрметпен қараудың орнына өз ана тілі – қазақ тілінде, мемлекеттік тілде сөйлеп жүрген азаматтарға нақақтан-нақақ тиісіп, төбелес шығаруға әуестеніп барады. Бұлар арандатумен айналысып жүр. Ең қызығы, атышулы видеолардың жарияланғанына бірнеше күн болса да, қоғамдық резонанс туса да, заң аясында шұғыл шаралар қолға алынбаған сыңайлы. Себебі атышулы бүлікшінің бірі кешірім сұрап құтылса, екіншісі кешірім сұрамақ түгілі тағы бірнеше провокациялық видео жариялап үлгерген. 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:178
embedДереккөз:https://arasha.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Желтоқсан 2025 10:12
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары