Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Странджа турниріне қай елдерден боксшылар қатысады

Қазір сатып алуға болатын ең қауіпсіз 5 электромобиль

Астанада Рамазан айына байланысты автобустың жолы да өзгерді

Ақмола облысында алаяқтар зардап шеккен әйелге 2 миллион теңгеден астам соманы қайтарды

Қырғызстан билігі Тергеу комитетін құруды жоспарлап отыр

Ата аналар Бейнеу гарнизонына барып, жеке құрамның жағдайымен танысты

Мысырда 1 наурыздан бастап шетелдіктер үшін виза ақысы көтеріледі

АҚШ ғалымдары вирусқа, бактерияға және аллергияға қарсы әмбебап вакцина әзірледі

Тоқаев Сауд Арабиясының Королі мен Тақ мұрагеріне құттықтау жеделхаттарын жолдады

Путин мен Зеленский жақын арада кездесуі мүмкін

Қанша уақыт жатқанын білмеймін… : Атырау облысында 70 жастағы зейнеткердің мәйіті табылды (ФОТО)

Иран Ресеймен құпия келісім жасап, зымыран кешендерін сатып алуға келісті Financial Times

Трамп АҚШ импортына жаһандық тарифтер туралы шешімін өзгертті

​Бас прокуратура Олеся Кексель ісіне қатысты пікір білдірді

Түркістанда полиэтилен қаптама өнімдерін және скотч өндіретін зауыт ашылды

Футзалдан Чемпиондар лигасы: Қайрат пен Семей 1/4 финалдағы алғашқы ойынын өткізеді

Геннадий Головкин Джеки Чанға шапан жапты

Қазақстанда үндістандық препаратты қолдануға тыйым салынды

80 мыңнан астам пайдаланушы әлеуметтік желілерде Жалпыұлттық коалицияның бастамасын қолдады

Қазақстан құрамасы фристайл акробатикадан Олимпиаданың финалында сынға түсті

Алимент дауының артында не жатыр

Алимент дауының артында не жатыр

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Статистика не дейді?

Әділет министрлігінің деректеріне сәйкес, 2025 жылы жеке сот орындаушыларының өндірісінде алименттік міндеттемелерге қатысты 317,9 мың іс болған.

Инфографика: Kazinform

Бұл – соңғы жылдардағы тұрақты өсімнің айқын көрінісі. Мәселен, 2020 жылы – 264, 2021 жылы – 284, 2022 жылы – 304, 2023 жылы – 326, ал 2024 жылы 343 мың іске жеткен.

Министрліктің мәліметінше, 2025 жылғы шілдедегі жағдай бойынша алимент берешегінің жалпы көлемі 18,5 миллиард теңгені құрады.

– Істердің басым бөлігінде алименттер жұмыс берушілердің бухгалтериясы арқылы ай сайын өндіріліп отыр. Сонымен қатар борышкерлердің банк шоттарына және мүлкіне тыйым салу, шетелге шығуына уақытша шектеу қою секілді шаралар қолданылады. Бұдан бөлек, әділет органдары мен әкімдіктердің күшімен оларды жұмысқа орналастыру жұмыстары қатар жүргізілуде, – делінген министрлік ақпаратында.

Бас прокуратура алимент төлемегені үшін іздеуде жүрген 818 адамның барын хабарлады, олардың 743-і – ер азаматтар. Жәбірленушілердің басым бөлігі – 21-49 жас аралығындағы әйелдер. 2024 жылы 717 әйел балаларын асырау міндетін орындамаған әкелерге қатысты арыз түсірген.

Алименттің орнына азартты таңдайтындар бар

Алимент – отбасылық құқықтың өзегі. Ол кәмелетке толмаған балаларды, ал кей жағдайда еңбекке жарамсыз жұбайлар мен ата-аналарды материалдық тұрғыда қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл міндет тек ажырасқан кезде емес, ерлі-зайыптылар бірге тұрған жағдайда да орындалуы мүмкін.

Заңға сәйкес алимент 18 жасқа дейін міндетті түрде төленеді. Егер бала күндізгі бөлімде білім алса, төлем 23 жасқа дейін ұзартылуы ықтимал.

Инфографика: Kazinform

Сарапшылардың айтуынша, бір балаға – табыстың төрттен бірі, екі балаға – үштен бірі, үш және одан көп балаға – жартысы қарастырылады. Төлем мөлшері салық ұсталғаннан кейінгі табыстан есептеледі.

– 2025 жылы орташа жалақы 423 133 теңге болса, бір балаға шамамен 105 783 теңге тиесілі. Бірақ табыс тұрақсыз болған жағдайда сот нақты ақшалай соманы бекітеді. Оның ең төменгі шегі – күнкөріс деңгейінің 20 пайызы (9 246 теңге). Бұл норма әсіресе жеке кәсіпкерлер мен фрилансерлерге қатысты. Өткен жылдан бастап алимент арнайы банк шотына аударылады. Бұл қаражатты басқа қарыздар бойынша өндіріп алудан қорғайды, – дейді заңгер, «One Stop Service – Бір қадам» жобасының координаторы Ләззат Рақышева.

Маманның айтуынша, саладағы ең өзекті мәселе – алименттен жалтарудың түрлі айласы.

Фото: Кейіпкердің мұрағатынан

– Көп жағдайда ата-ананың бірі алиментті аз төлеу үшін ресми түрде ең төменгі жалақыны ғана көрсетеді. Нақты табысы көлеңкеде қалып, балаға мардымсыз қаражат тиеді. Мұндай жағдайда сот алименттің тұрақты мөлшерін бекіте алады, – дейді ол.

Енді мұндай борышкерлердің әлеуметтік мәртебесіне қатысты деректерді жедел алу үшін ақпараттық жүйе Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің базасымен ықпалдастырылмақ. Сонымен қатар агрегатор-сайттар арқылы жұмыс істейтін азаматтардың жасырын табысын анықтау тетігі қарастырылып отыр.

Бұдан былай борышкерлердің өзге де кіріс көздері – электронды әмияндар, букмекерлік кеңселер, бағалы қағаздар нарығы, сауда биржалары, желілік маркетинг пен такси қызметтері арқылы тапқан табыстары да бақылауға алынбақ. Өйткені былтыр берешегі бар 1800-ге жуық адам 5 млрд теңгеден астам қаржысын құмар ойындарға жұмсаған. Депутаттар мұны жеке сот орындаушыларының салғырттығымен байланыстырады.

– Жеке сот орындаушылары борышкерді іздеп, табыс көзін анықтап, қарызды өндіруге құлық танытпайды. Оның үстіне халықтың тырнақтап жинаған қаржысын жымқыратындар да бар. Оған үш жеке сот орындаушысының жылжымайтын мүлікті сату және жалға алу актілерін пайдаланып, Отбасы банк салымшыларының 3,4 млрд теңгесін қолды қылды деген дерек дәлел, – дейді Мәжіліс депутаты Абзал Құспан.

Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

Сондай-ақ жеке сот орындаушыларының ашық тізімін жариялау ұсынылды. Бұл азаматтарға олардың жұмысына баға беріп, рейтингі төмен мамандарды қызметтен шеттетуге мүмкіндік бермек. Бұдан бөлек, лицензиясынан айырылған жеке сот орындаушыларының мемлекеттік қызметке қайта оралуына тыйым салу жөнінде норма қабылдау жоспарланып отыр.

Айта кету керек, өткен жылдан бастап үш айдан асқан алимент берешегі үшін екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылды.

Сарапшылардың болжамынша, 2026 жылдан бастап табысты жасанды интеллект арқылы мониторингтеу, аз қамтылған азаматтарға заң көмегін субсидиялау және «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасымен ықпалдастыру жоспарланып отыр.

Қазақстанның тәжірибесі Ресеймен ұқсас

Әлем елдерінде алимент өндіру тетіктері әртүрлі, бірақ барлығының мақсаты бір – баланың мүддесін қорғау және ата-ананың жауапкершілігін нақтылау.

Ұлыбритания тәжірибесінде алимент мөлшері ата-ананың табысына және балалардың санына тікелей байланысты. Негізгі төлем мерзімі – бала 16 жасқа толғанға дейін. Егер бала оқуын жалғастырса, төлем тағы төрт жылға созылады. Мөлшерлеме табысқа қарай өзгереді: апталық жалақысы 800 фунттан асса, бір балаға – 9%, екі балаға – 12%, үш және одан көп балаға – 15%. Табыс аптасына 7 фунттан аз болса, алимент төлеу талап етілмейді. Бұл тәсіл табысы төмен отбасыларға экономикалық ауыртпалықты азайтып, әділеттілікті қамтамасыз етеді.

Германияда алимент төлеу Дюссельдорф кестесіне негізделеді, ол баланың жасын және ата-ананың табысын ескереді. Мысалы, 5 жасқа дейінгі балаға – 437 еуро, 11 жасқа дейін – 502 еуро, 17 жасқа дейін – 588 еуро төленеді. Германияда ата-ана баласы жоғары білім алғанға дейін оны қаржылай қолдауға міндетті.

Фото: ЖИ

Францияда алименттен жалтарған ата-аналарға екі жылға дейін бас бостандығынан айыру және 15 мың еуро айыппұл қарастырылған. Сонымен қатар ата-ана мекенжайын немесе қаржылық жағдайын өзгерткенін тиісті органдарға хабарлауға міндетті. Талап орындалмаса, 6 айға дейін қамау және 8 мың еуро айыппұл салынуы мүмкін. Францияда алиментті бала бірге тұрмайтын ата-ана төлейді, ал төлем көлемі сот шешіміне байланысты 300 еуродан бірнеше мың еуроға дейін өзгереді.

Австралияда алимент өндіру автоматтандырылған және балаларды қолдау жөніндегі мемлекеттік агенттік арқылы жүзеге асады. Төлем ата-ананың жылдық табысының шамамен 25%-ын құрайды және бала 18 жасқа толғанға дейін төленеді. Егер ата-ана міндеттемесін ерікті орындамаса, қаражат оның шотынан мәжбүрлі түрде ұсталады. Сонымен қатар ажырасу кезінде балаларды тәрбиелеп отырған бұрынғы жұбайы ортақ мүлік пен активтердің 65%-ына дейін ала алады. Бұл жүйе міндеттемеден жалтарудың мүмкіндігін барынша азайтады.

Заңгер Ләззат Рақышеваның пікірінше, Қазақстанның тәжірибесі Ресеймен ұқсас.

– Қазақстанның алимент өндіру жүйесі Ресейге келеді, яғни табыстан үлестік өндіріп алу қағидатына негізделген. Бірақ біздің жүйемізде бір балаға төленетін ең төменгі алимент мөлшері күнкөріс деңгейінің 70 пайызы көлемінде нақты бекітілген. Көптеген елдерден айырмашылығы, алимент төлемегені үшін қатаң әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Сонымен қатар берешектің әрбір кешіктірілген күні үшін 0,1% мөлшерінде айыппұл есептеледі, – дейді спикер.

Тағы бір ерекшелік – Қазақстан халықаралық алимент өндіріп алу туралы конвенцияны ратификациялаған. Ол борышкер басқа қатысушы мемлекет аумағында болса да, алимент өндіруге құқық береді.

Алимент есептілігі: құқық па, әлеуметтік мәселе ме?

Жақында шамамен 200 азамат алимент алушыларға міндетті есеп беруді енгізуді ұсынды. Олардың пікірі бойынша, алимент  балаға арналған қаражат болса да, оның қалай жұмсалып жатқаны бақылаусыз қалып отыр.

– Көп жағдайда әйелдер алиментті өз пайдасына жаратады. Түркияда теңіз жағасында демалып, үш балаға әрқайсысына 500-600 мың теңгеден алады, өздеріне ауқатты ер азаматтарды тауып, ажырасады. Қаражаттың қалай жұмсалғаны туралы есеп бермейді, – дейді қоғам белсендісі Андрей Кузьмин.

Фото: Андрей Кузьминнің жеке мұрағатынан

Алайда пікір қарсылық туғызды. Сарапшылардың айтуынша, әлемдік тәжірибе ата-аналар арасындағы сенімге негізделеді.

– Баланың жанында жүрген ата-ананың күтімге, тәрбиеге, қолдауға қосқан үлесін есептесек, шығыннан шатасуға болады. Мұны бағалау керек, – деп санайды Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова.

Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

Ал әйелдер қауымы бұл әрекетті тұрмыстық терроризмге теңеп отыр.

– 20 мың теңге алимент төлейтіндер бар. Сол жайлы әйелдер есеп беруі керек екен. Бұл – тұрмыстық терроризм. Себебі егер әке шығын бойынша есеп талап етсе, онда баланың нақты қажеттіліктеріне құны 100 мың теңгеден асатын қысқы киімнен бастап, үйірмелер мен секцияларға дейін қатысуға дайын болуы керек, – дейді көпбалалы ана Гүлмира Хамзина.

Құқық қорғаушылар ашықтықты талап ету идеясы қисынсыз еместігін, бірақ ол төлем мөлшері жеткілікті шекте болған жағдайда ғана орынды болатынын алға тартады.

– 500-600 мың теңге, тіпті миллион теңге көлемінде алимент өндірілетін істер бар. Соларға есептілік енгізуді орынды санаймын. Себебі тәжірибемде осыған ұқсас жағдай болды. Көп көлемдегі қаражатқа бақылау болғаны орынды, – дейді адвокат Бақытжан Шалабаева.

Бұған дейін сарапшылар мәселені шешудің бір жолы ретінде мемлекеттік алименттік қор құруды ұсынған еді. Алайда Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев бастаманың қолдау таппауының себебін оның республикалық бюджетке салмақ салатынымен байланыстырды.

– Мемлекет осы шығындарды өз мойнына алатынын білсе, алимент төлеушілердің саны күрт артуы ықтимал, – деді министр.

Жауапты ведомствоның басшысы атап өткендей, көтеріліп отырған тақырып шын мәнінде өзекті. Мәселе тек алименттік міндеттемелерде емес, отбасыға қатысты терең проблемаларда жатыр.

– Өкінішке қарай бұрын халқымызға тән құндылықтар қазіргі таңда азайып кетті. Статистика көрсеткендей, әр екінші неке бұзылуда. Салдарынан балалар зардап шегеді. Қазіргі кезде 12 мың алимент төлеуші «қызыл» аймақта тұр. Олармен жеке сот орындаушылары және заңнамалық тетіктер арқылы нысаналы жұмыс жүргізіліп жатыр. Бірақ бұл проблеманы толық шешпейді, – деп толықтырды министр.

Алимент мәселесі құқықтық сипатқа ғана емес, терең әлеуметтік мәнге ие. Міндеттемелерді орындамау отбасы құрылымын әлсіретіп, балалардың психологиялық және эмоционалдық дамуына теріс әсерін тигізеді. Сондықтан проблеманы шешу тек заңнамалық шаралармен шектелмей, тәрбиелік және әлеуметтік қолдауды біріктіретін кешенді тәсілді талап ететінін байқаймыз.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:68
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Ақпан 2026 11:48
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Странджа турниріне қай елдерден боксшылар қатысады

22 Ақпан 2026 02:04see114

Қазір сатып алуға болатын ең қауіпсіз 5 электромобиль

21 Ақпан 2026 20:48see111

Астанада Рамазан айына байланысты автобустың жолы да өзгерді

21 Ақпан 2026 17:32see110

Ақмола облысында алаяқтар зардап шеккен әйелге 2 миллион теңгеден астам соманы қайтарды

21 Ақпан 2026 18:14see108

Қырғызстан билігі Тергеу комитетін құруды жоспарлап отыр

21 Ақпан 2026 17:40see107

Ата аналар Бейнеу гарнизонына барып, жеке құрамның жағдайымен танысты

22 Ақпан 2026 17:21see105

Мысырда 1 наурыздан бастап шетелдіктер үшін виза ақысы көтеріледі

23 Ақпан 2026 03:15see105

АҚШ ғалымдары вирусқа, бактерияға және аллергияға қарсы әмбебап вакцина әзірледі

22 Ақпан 2026 08:12see105

Тоқаев Сауд Арабиясының Королі мен Тақ мұрагеріне құттықтау жеделхаттарын жолдады

22 Ақпан 2026 10:01see105

Путин мен Зеленский жақын арада кездесуі мүмкін

22 Ақпан 2026 13:00see104

Қанша уақыт жатқанын білмеймін… : Атырау облысында 70 жастағы зейнеткердің мәйіті табылды (ФОТО)

22 Ақпан 2026 15:58see104

Иран Ресеймен құпия келісім жасап, зымыран кешендерін сатып алуға келісті Financial Times

22 Ақпан 2026 23:13see103

Трамп АҚШ импортына жаһандық тарифтер туралы шешімін өзгертті

22 Ақпан 2026 00:21see102

​Бас прокуратура Олеся Кексель ісіне қатысты пікір білдірді

23 Ақпан 2026 11:34see102

Түркістанда полиэтилен қаптама өнімдерін және скотч өндіретін зауыт ашылды

23 Ақпан 2026 11:48see102

Футзалдан Чемпиондар лигасы: Қайрат пен Семей 1/4 финалдағы алғашқы ойынын өткізеді

23 Ақпан 2026 01:26see101

Геннадий Головкин Джеки Чанға шапан жапты

22 Ақпан 2026 00:21see101

Қазақстанда үндістандық препаратты қолдануға тыйым салынды

23 Ақпан 2026 09:31see101

80 мыңнан астам пайдаланушы әлеуметтік желілерде Жалпыұлттық коалицияның бастамасын қолдады

22 Ақпан 2026 15:22see101

Қазақстан құрамасы фристайл акробатикадан Олимпиаданың финалында сынға түсті

21 Ақпан 2026 16:50see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары