Өсекке ермеңіздер... : Жігер Ауыпбаев жеке өмірі туралы айтты
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Әнші Жігер Ауыпбаев әлеуметтік желіде тараған әңгімеге жауап берді, – деп жазды Aikyn.kz.
Ол жұбайының жүктілігі туралы тараған қауесетке сенбеуге шақырды.
Өнер иесі Instagram парақшасында жасанды интеллект көмегімен әзірленген фотоларды жариялап, бұл ақпарат жалған екенін айтты.
“Threads-ке кіріп қалсам, бізге гендер пати жасап тастапты. Бұйырса, сол күнге де жетерміз. Бірақ алып-қашпа әңгімелерге сенбеңіздер. Көтергенін, көтермегенін менен артық білетін жан жоқ. Сондықтан өсекке ермеңіздер. Осындай жақсы жаңалық болып жатса, ең бірінші өзім сүйінші сұраймын”, – деп жазды әнші.
Айта кетейік, жуырда Жігер Ауыпбаев екінші рет отау құрды. Ол өзінен 15 жас кіші Мумина есімді арумен бас қосты.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:62
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Шілде 2026 23:01 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















