Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Өскеменде балаларды қорғаушыны азғынға қарағанда қатаңырақ жазалады

Өскеменде балаларды қорғаушыны азғынға қарағанда қатаңырақ жазалады

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Өскеменде қоғамда резонанс тудырған оқиға болды: автобуста бір ер адам екі кәмелетке толмаған қызға тиіскен, ал оларға араша түскен жігіт соңында сотты болып, айыппұл арқалады. Tengrinews.kz тілшісі жағдайды зерттеп, заңгерлерден өзгені қалай дұрыс қорғау керек екенін және бұл ретте заңды бұзбаудың жолдарын сұрап білді.

Мән-жайы

Өскемен автобустарының бірінде Олжас есімді жігіт ішімдік ішіп алған ересек ер адамның екі кәмелетке толмаған қызға тиісіп жатқанын байқап қалған.

"Қыздар шамамен 11-12 жаста еді. Мен ер адамның олардың біріне қол тигізгенін байқадым. Басында бұған мән бермей, байқаусызда тиіп кеткен болар деп ойладым. Бірақ қыздар одан алшақтаған сайын, ол жақындап, оларды ұстай бастады. Қыздар айқайлап, өз аялдамасына жетпей автобустан түсіп қалды. Мен оған сыртқа шығып, балаларға неге тиісетіні туралы сөйлесуді ұсындым. Ол ашуланды", - деді Олжас.

Жігіт жанжал кезінде былапыт сөздер қолданғанын жасырмайды. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде жарияланды.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

TengriNews | Қазақстан жаңалықтары (@tengrinewskz) жарияланымы

Нәтижесінде полиция оқиғаға қатысушылардың екеуін де ұстап, сот жаза тағайындаған.

Қорғаушыға - айыппұл

Олжасқа қатысты ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі "Қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиісу және айналасындағыларға сыйламаушылық білдіретін, қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай іс-әрекеттер" бойынша іс қозғалған.

Іс сотқа жолданып, жігітке 60 550 теңге көлемінде айыппұл түріндегі жаза тағайындалды. Іс материалдарында жігіттің былапыт сөздер айтқаны көрсетілген.

"Жасалған құқық бұзушылықтың мән-жайы дәлелдемелер жиынтығымен: полиция инспекторларының рапорты және түсініктемелер, бейнежазба, куәгерлердің айғақтарымен және істің басқа да материалдарымен расталды. Сот отырысында азамат кінәсін мойындады", - деп хабарлады Өскемен қалалық сотының баспасөз қызметі.

Ал кәмелетке толмағандарға тиіскені үшін айыпталған ер адамның ісі әкімшілік сотқа түскен жоқ - полиция бұл мәселені өз бетінше шешкен.

"Полиция оған қатысты ӘҚБтК-нің 449-бабы 1-бөлігі "Қоғамдық орындарда тиісу" бойынша хаттама толтырды. Бұл бап бойынша айыппұл 5 АЕК (17 250 теңге) болады", - деп хабарлады ШҚО ПД өкілдері.

Әлеуметтік желі реакциясы

Автобустағы оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерге тарап, мәселе көпшілікке жария болғаннан кейін, қолданушылар жігітті жақтап шықты.

"Полиция әкімшілік бап толтырмай-ақ, жай ғана ескерту жасаса болар еді. Мұндай жағдайдан кейін кім біреуге араша түскісі келеді? Мұндай істерді жазалау емес, ынталандыру керек. Біз де Олжасқа бейжай қалмағаны үшін алғыс айтамыз", - деп жазды қолданушылардың бірі.

"Енді оған 20 АЕК айыппұл салды. Мұндайдан кейін ешкім педофилдерден қорғамайтын болады", - деп пікір білдірді үшіншісі.

Заңгерлер бұл жағдайда желі қолданушыларының реакциясын түсінуге болатынын айтады: мәрттік пен өзгені, әсіресе балаларды қорғауға дайын болу құрметке лайық. Бірақ араша түсу ақылға қонымды және қорғаушының өзі үшін қауіпсіз болуы керектігін есте сақтау маңызды. Өзіне зиян тигізбей және заңды бұзбай әрекет ету қажет.

Қалай дұрыс араша түсу керек?

"Сіздің әрекеттеріңіз төбелеске қатысу емес, қорғану болып көрінуі үшін әрекет етуіңіз керек", - деп түсіндіреді ALC Attorneys халықаралық заң компаниясының басқарушы серіктесі Фарид Алиев.

Заң тұрғысынан алғанда, бұл жерде қажетті қорғаныс немесе аса қажеттілік туралы сөз болып отыр. Бұл ретте басты мәселе - әрекеттің сәйкестігі.

Заңгердің айтуынша, физикалық күш қолдану арқылы өзін қорғауға немесе өзгеге араша түсуге болады, бірақ бірнеше жайтты ескеру маңызды:

"Физикалық күш қолдану шабуылды онсыз тоқтату мүмкін болмаған жағдайда ғана ақталады. Бірақ тек қажетті шектен шықпай әрекет ету керек. Төбелесуге болмайды. Қауіп сейілген кезде, мысалы, адам шегінгенде, сабасына түскенде немесе жерде жатқанда күш қолдануды жалғастырудың қажеті жоқ. Сондай-ақ былапыт сөздер мен қоқан-лоққы қолдануға болмайды. Бұл мақсат игі болса да, ұсақ бұзақылық, қорлау деп саралануы мүмкін", - деп түсіндіреді сарапшы.

Тіпті агрессор сізге шабуыл жасаса да, жұдырық ала жүгіру ең жақсы таңдау емес, дейді заңгер. Дұрысы - соққы аймағынан шығу, қашу, жалтару:

"Бұзақының қолын қайырып, полиция келгенше ұстап тұруға болады. Бірақ мұны артық қатыгездіксіз жасау керек. Мүмкіндігінше куәгерлердің қатысуымен және видеоға түсіре отырып жасаған жөн".

Не істемеу керек?

Өзіңізге немесе өзгеге көмектесу әкімшілік баптың арқалануына себеп болмауы үшін заңгер былапыт сөздерді, қорлау мен қоқан-лоққыны қолданбауға кеңес береді. Қудаламау, қуып жетпеу, "профилактика үшін" соққы жасамау, әсіресе қауіп сейілген болса және полицияны күту мүмкін болса, адамды ұстап алмау қажет.

"Өкінішке орай, бізде төбелеске арандатуға келгенде батыл болып көрінетіндер, кейін бірінші болып полицияға арыз жазып, жарақаттарын тіркетуге жүгіреді. Сондықтан абай болыңыз", - деп ескертті сарапшы.

Қалай дұрыс қорғау және қорғану керек?

Мүмкіндігінше тезірек полиция шақырып, қай жерде екеніңізді, не болып жатқанын, қауіп бар-жоғын, қару қолданылғанын қысқаша хабарлау керек, дейді заңгер.

"Заң тұрғысынан бұл сіздің мақсатыңыз "есеп айырысу" емес, құқық бұзушылықты тоқтату екенін көрсетеді", - дейді Алиев.

Тағы бір маңызды әрекет - телефонға түсіріп алу.

"Бәрі маңызды - күні мен уақыты, жағдай мен адамдардың бет-бейнесі көрінетін видео немесе аудио. Қауіпсіз қашықтықтан түсірген дұрыс. Сонымен қатар дауыстап: "Мен полиция шақырып жатырмын. Тоқтатыңыз" деп айтуға болады. Бұл да видеоға тіркеледі", - деп іс-қимыл алгоритмін тізіп берді сарапшы.

Адамды қорғау әрекеті соңында жай ғана төбелеске айналып кетпеуі үшін, Алиев айналадағылардың назарын аударуға кеңес береді, бұл қауіпті азайтып, куәгерлердің санын арттырады.

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:149
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Сәуір 2026 09:32
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see141

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see139

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see138

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see138

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see137

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see136

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see135

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see130

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see129

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see127

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see127

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see125

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see125

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see124

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see124

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see123

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see122

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see118

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see117

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары