Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Османлы сұлтанымен кездескен қазақ

Османлы сұлтанымен кездескен қазақ

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Кейіпкеріміз Қытайдың Шыңжаң өлкесіндегі тарихшылар мен деректанушыларға «Әбдіқадыр әпенді» деген атымен танымал екен. Құлжалық зерттеуші Жақып Жүнісұлының 2012 жылы Күйтің қаласында жарық көрген «Іленің тарихи шежіресі» атты монографиясында: «Әбдіқадыр Қасымұлы 1886 жылы көкек айында Іле-Қазақ облысына қарасты Қорғас өңірінде туған. Әкесі Қасым Құлыншақұлы көпке танымал, ел ішінде беделді кісі болуымен қатар, атақты көпес Үсейін қажы Мұсабаевпен тонның ішкі бауындай жақын араласқан. Нәтижесінде, екі арыс 1890 және 1901 жылдары бірнеше рет қажылыққа сапар шегіп, құлшылық парызын өтеген. Бұлар еліне келген соң, ортадан қаржы қосып, ілім ошағы мешіт-медресе салды. Алғаш ашылған медресе Қорғастың Ластай елді мекеніне орналасты. Кейін бұл жер қазақтар жиі қоныстанған отырықшы қалашыққа айналды», деп жазады. Шоқан Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының кіші ғылыми қызметкері, зерттеуші Елдос Сауырқан «Түркістан» газетінде (2020 жылы 11 сәуір) жарияланған «Түркияда білім алған Әбдіқадыр әпенді» мақа­ласында: «Қытайдағы Шыңжаң қазақ­тары арасынан шығып, шетелде білім алып, ағартушылықпен айналысқан үлкен тұлғаның бірі Әбдіқадыр әпенді екені анық. Әкесі Қасым 1901 жылы қажылыққа барған. Екінші сапарында өз кіндігінен тараған алты ұлдың екіншісі һәм ілім-білімге құштар 15 жастағы Әбдіқадырды бірге алып жүрген. Шыңжаңдық қажыларды осы сапарында Османлы империясының 34-сұлтаны ІІ Әбділхамит (Ulu II. Abdülhamid) қабылдаған», деп көрсетеді. 1842 жылы таққа отырған Осман сұлтаны ІІ Әбділхамит 1918 жылға дейін билік құрған. Ол өз тұсында Еуропа елдерімен бейбітшілік шартын құрып, Ресей және Қытай құрамындағы азиялық мұсылмандарды қолдау туралы мәміле-шешім қабылдаған. Осы тұрғыдан алып қарағанда шыңжаңдық ұйғыр-қазағы аралас қажыларды қабылдауы шындыққа жақын.

Шыңжаңдық зерттеушілер келтірген мәліметке сүйенсек, қазақтарды қабылдаған сұлтан шығыстүркістандық жастардың сол мемлекетте білім алуына жол ашқан көрінеді. Нәтижесінде, бір топ ұйғырмен бірге Үсейін байдың баласы Сауыт пен Қасым қажының ұлы Әбдіқадыр екеуі 1908 жылы Ыстанбұл қаласындағы заманауи мектеп-медресеге оқуға қабылданыпты.

Бірақ Әбдіқадыр әпенді Ыстанбұлға дайындықсыз барған жоқ. 1901 жылы әкесімен бірге қажылық сапардан оралған соң, білімін жетілдіріп, араб-түрік тілін үйреніп, біршама қазынаға қаныққан. Бұл туралы шыңжандық зерттеуші Оразғали Жүрекбайұлы «Мұра» журналында жарық көрген «Халық ағартушысы – Әбдіқадыр» атты мақаласында: «Әкесі Қасым баласы Әбдіқадырды Үрімжі қаласының шығыс жағында орналасқан тұғылық Темір Қожа Әмірхан медресесінде оқытып, арабша және түрікше тіл сындыртқан соң, Ыстанбұлға жіберді», деп жазады. Сол сияқты зерттеуші Қабидолда Манжыбаев 2009 жылы Үрімжі қаласында жарық көрген «Қазақ оқу-ағарту тарихынан қысқаша деректер» атты еңбегінде Түркияға табан тіреген Әбдіқадырдың «Даршапха» (Дарул-Шафаға) атты мектеп-медреседе жеті жыл білім алғаны туралы жазса, тағы бір шыңжаңдық зерттеуші Жақып Жүнісұлы «Іленің тарихи шежіресі» кітабында: «Әбдіқадыр әпенді 1908–1915 жылдар арасында Ыстанбұлда білім алды», деп жазады. Қолда бар мәліметтерге үңілсек, «Даршапха» медресе-мектебінің іргетасы 1863 жылы қаланған. Оқу бағдарламасы – 9 жыл. Мектеп шығынын жеке тұлғалар көтерген. Әбдіқадыр мұнда діни біліммен қатар, әлем тарихын және жаратылыстану пәндерін оқыған. Түрік тілін терең меңгеріп, француз тілін де үйренген.

Әпендінің шәкірті Садай Сіләмбай­ұлының дерегінде ұстазы 1915 жылы Франциядағы «Мұсылман педагогикалық мектебіне» конкурс арқылы қабылданғаны айтылады. Бірақ осы кезде заман өзгеріп, алағай-бұлағай бүлік туғандықтан, әкесінің «Балам, осы алған білімің де жетеді, елге қайт», деген ақылына құлақ асып, амалсыз туған топырағына оралған.

Айта кетсек, Әбдіқадыр әпенді Ыстанбұлда жүріп футболмен шұғылданған. Тіпті ол қалалық құрама сапында ойнаған. Шамамен 1910 жылдары Әбдіқадыр Англияда өткен халықаралық оқу орындары арасындағы ағылшын-түрік футбол матчына қатысқан. Бұл дерек Қ.Манжыбаев, Е.Сауытқанұлы, О.Жүрекбайұлы секілді зерттеушілердің еңбегінде жазылған.

Әке үкімімен 1915 жылы туған же­ріне оралған Әбдіқадыр Қасымұлы ең әуелі Ластайдағы медреседе сабақ береді. Шетелден білім арқалап келген ағартушы медресенің оқу бағдарламасын жаңалап, жәдидтік үлгі бойынша жүр­гізеді. Бұл туралы әпендінің ұлы Шейіт Әбдіқадырұлының естелігінде: «Әкеміз шәкірттеріне дін сабағын аз, ғылым сабағын көбірек оқытатын», деп жазады. Сонымен қатар ағартушы қазақ жастарына әскери даярлық пен дене тәрбиесі пәнінен сабақ берген. «Әпенді оқу­шы­ларға ағаштан найза, мылтық жасап, әскери жаттығу жүргізген», деп жазады зерттеуші Қабидолда Манжыбаев. Оның бұл әрекетін түсінбеген жергілікті билік өкілдері әпендіге «үкіметке қарсы әскер дайындап жатыр» деген жала жапқан. Ақырында медресені жауып, өзін үш ай мырзақамаққа отырғызған. Кейін екі жыл бойы бақылауға алынған. Бақылау мерзімі аяқталған соң, байырғы ағартушылық ісіне белсене кіріскен ұстаз 1918 жылы Ластайдағы медресені заманауи мектепке айналдырған. Мектептің сыртын қазақы ою-өрнектермен нақыштап, айналасын бау-бақшамен көркейткен. 1929 жылы Қазақстан латын әліпбиіне көшкендіктен, ол да 1930 жылдан бастап латынша оқытуды қолға алған. Осы жылдары мемлекет саясатын қолдау мақсатында Үрімжі қаласында құрылған «Қырғыз-қазақ қоғамы» арқылы Қазақстаннан оқу құрал­дарын алдырған.

Заманауи жабықталған һәм жергілікті білім мекемелеріне кадр даярлау міндетін жүктеген Әбдіқадыр ашқан мектеп 1935 жылы – 25, 1936 жылы – 33, 1937 жылы 70 мұғалім даярлап шығарған. 1936 жылы мектеп 7 жылдық білім жүйесіне ауысқан. Осы кезде мектепте қосымша кітапхана ашылып, денешынықтыру алаңы жасалған. Әбдіқадыр ұстаздың бастамасымен Талқы, Сарыбұлақ, Сүйдің, Қарабұлақ, Көкдала, Қараой, Ақмешіт, Жарсу, Ақсу секілді 20-ға жуық көрші елді мекеннен де жаңа мектеп ашылған. Ол сонымен қатар халық арасында сауатсыздықты жою курстарын жүргізеді. Әр ауылда ағартушының бастамасымен мәдени іс-шаралар ұйымдастырылып, әпенді өзі сценарийін жазған «Шық бермес Шығайбай», «Қойшы Көбен», «Соқыр аю», «Гүлбике», «Күндестік күні» секілді қойылымдар сахналанады.

Шығыс Түркістан тарихындағы елеулі оқиға 1945 жылы өрістеген үш аймақ төңкерісі еді. Бұл саяси майданнан әпенді мен оның шәкірттері де тыс қалмады. Әбдіқадыр ұстаз қолына қару алып, шәкірттерін бастап, азаттық үшін күреседі. Майданда шейіт болған ер ұстаздардың орнына әйелдерді даярлайды. Мұндағы мақсат алмағайып заманда ерлер соғысқа аттанған жағдайда мектеп ісін тоқтатпау болса керек.

Осылайша, бар ғұмырын ағартушылық жо­лына сарп еткен ұстаз 1964 жылы дү­ние салды. Көзі тірісінде 70-тен астам талант­ты жасты Үрімжі, Құлжа сияқты үлкен қалаларда оқытты. Атап айтқанда, Қали Абақұлы, Тәлей Жетібайұлы, Әшім Ыдырысұлы, Мүтан Әбдірахманов, Сабыралы Разбек, Ыбырай Әлімжанов, Қызырбек Сейсембекұлы, Сәнбек Ысқақұлы, Ләйхан Сіләмбайқызы, Сауыт Ахметұлы, Зейналхан Әбділдақызы, Жұман Ыбырайым Шыңжаң өлкесіне та­ны­мал кадр болды. Солардың ішінде кейін атажұртқа оралған күллі қазаққа та­ны­мал әнші Дәнеш Рақышұлы, ақындар Оразақын Асқар мен Марфуға Айтқожа да бар.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:125
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Маусым 2026 23:29
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары