Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Отанды сүю ойыншықтан

Отанды сүю ойыншықтан

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Ол мұнымен де шектелмейді, әдетте ел бейжай қарайтын сол бір ойыншық – ұлттық мәдени қодтың айнасы, тіпті мемлекеттің әскери күшінің қуатты белгісі. Ұрпағымыз ойын ойнап жүріп-ақ өзге жұрттың әскери техникасын жатқа білетін деңгейге жетті, мұның түбі мәдени тәуелділікке әкеле ме деген қорқыныш бар. Осы орайда өз еліміздің әскери күшін айғақтайтын ойыншықтардың да болғанын қалайсың... 

Базар аралап, дүкен сөресіне көз салсаң да, онлайн сауда желілерін ақтарып қарасаң да, ойыншықтардың басым бөлігі шетелден келетінін байқайсың. Соның қатарынан әскери жүйесі дамыған Американың, Германияның, ТМД елдерін мысал етіп айтсақ, Ресейдің де әскери техникасын насихаттайтын өз алдына бөлек ойыншық әлемі бар. Әрине, әскери бағыттағы ойыншық адамзат пайда болғалы ерте кезеңнен бастау алады. Ең алғашқы ойыншықтар жауынгер мүсініне ұқсас кейіпте символдық мәнге ие болды, мұндағы мақсат – ұрпаққа ерлік пен батырлықты насихаттау, бойға қайсарлық, өр рухты сіңіру. Кейіннен ойыншық түрі де, материалы да түрлене бастады. Айталық, Напо­леон жорықтарынан кейін Германия, Франция, Ұлыбритания елінде қалайы сарбаз ойыншықтар өмірге келді. Бұл ойыншық балаларға соғыс тактикасын үйретудің таптырмас амалы болатын. Екінші дүниежүзілік соғыс ойыншықтар дәуіріне тағы бір ерекше екпін берді, бұл кезде ойын­шықтар патриотизмді насихаттаудың құралына айналды. Қазір ойыншық кәсібі мүлде басқа қарқында дамып келеді. Әскери ойыншықтардың көп бөлігі нақты әскери техниканың моделіне негізделе жасала бастады әрі реалистік миниа­тюралар баланың ойлау жүйесін дамытып, белгілі бір деңгейде білім көкжиегін кеңейтеді. 

Балалардың сүйікті ойыншықтарының бірі – классикалық үлгідегі сарбаз мүсіндер. Біз sauda24.kz, kari.kz, kaspi.kz сынды ірі интернет-дүкендеріндегі әскери ойыншықтарға талдау жасап көрдік. Байқағанымыздай, бұл дүкендерде де әскери сарбаз ойыншықтар өте көп. Ата-аналар да пікір білдіріп, ойыншық баласының көңілінен шыққанын жазған. Қалтаға тиімді, қолжетімді ойыншықтардың дені пластиктен жасалған, пластик сарбаздың көбі жасыл түсті. Жасыл түс – Америка және Германия әскеріне тән белгі. Wehrmacht стилінде, яғни 1935-1945 жылдары фашистік Германияның ресми қарулы күштерінің формасы және Вьетнам соғысы кезіндегі Америка әскерінің киімі үлгісіндегі сарбаз мүсіндері ерекше сатылымға ие. Мұнда киім түсінен бөлек, америкалық сар­баздың қолындағы М16 автоматы пен дөңгелек пішіндегі баскиімге де зер сала түсінуге болады. Әрине, ойыншық өндірушілер әскери техниканың атын атап, түсін түстеп сипат­тама бермесе де, ойыншықтағы белгілерге қарап сөзсіз ұғасың. Вьетнам соғысында америкалық әскердің киімі қозғалуға жеңіл, қарапайым үлгіде тігіл­ген еді. Бұл белгі ойын­шық­тарда да көрініс тап­қан, мәселен сарбаз ойын­шық­тың жүгіріп келе жатқаны, автоматты жатып атқаны немесе граната лақтырған қалпындағы мүсіндер де жеткілікті. Әдетте балалар рөлдік ойындарға арналған сарбаздар жиынтығын жақсы көреді. Кәсіпкерлер мұндай белгілерді ірі табысқа жету үшін қолданып жатады. 

Бұдан кейін әскери ауыр техниканың үлгісіне сай келетін бірнеше ойыншыққа еріксіз көз түсті. Мысалы, Military және SLUBAN моделінің бірнеше түрі kaspi.kz дүкенінде толып тұр. Бағасы да қолжетімді, бұл ойыншық та АҚШ-тың негізгі ұрыс техникасының бірі – M1A2 Abrams тан­кісінің жеңілдетілген молделіне ұқ­сайды. Ұлыбританияның құрлық күштерінің негізгі жауынгерлік танкісі – Challenger-дің, француздың заманауи негізгі ұрыс танкісі – Leclerc-тің де ойыншық көшірмесі бар. Қызығы, АҚШ тех­никасына негізделген ойын­шық­тардың аты аталып жарнама­ланбайды, ал екінші дүниежүзілік соғысындағы неміс техникасы ашық түрде сатылып келеді. Мы­салы, Германияның Tiger I радио­басқарылатын танкісінің ойыншығы да солай аталады. Wоrld War II Tank ойыншығы да – неміс техникасының көшірмесі. Бұдан бөлек, кеңестік үлгідегі ауыр техника­лардың аты да сатылымда, мысалы интернет-дүкендерде «Әскер. Кеңестік танкі», Kazi құрастырмалы ойыншықтарын айтуға болады. Орыстың T-90 стиліндегі ойыншықтың да түрі сатылымда кездеседі. Сонымен қатар Keyixing әскери истребителі ойыншығын алсақ, америкалық  F-16 Fighting Falcon мен ресейлік MiG-29 жой­ғыш ұшақтарының гибриді. Ресейдің КамАЗ-63968 немесе Тайфун-К брондалған көліктерінің үлгісіне ұқсас ойыншықтар да жетерлік. Мысалы, Typhoon, Armored Truck және Military Patrol Vehicle сынды ойыншықтарға назар аударсақ, қарулы күштердің өзіне тән белгілерімен қатар әскери ұйымдардың эмблемасы ашық наси­хатталады. 

Осыншама мысалды сөз етіп отырып, еліміз­дің ұлттық әскери жүйесіне тән техника жоқ па деген сұрақ туындайтыны рас. Қуанарлығы, отандық әскери техникамыз жыл өткен сайын дамып, жетіліп келеді. Мысалы,  «Айбар» брондалған дөңгелекті машиналары, қиын жағдайда тапсырма орындауға қабілетті «Арлан» жауынгерлік машинасын атауға болады. Елімізде Kazakhstan Paramount Engineering компаниясы – Орталық Азиядағы заманауи брондалған техника шығаратын ең ірі кәсіпорынның бірі. Кәсіпорын жылына 350 техника шығаруға қауқарлы. Қазір кәсіпорын «Terrex-Barys-A» 8×8 бронетранспортері және «Барыс» 8×8 заманауи жауынгерлік техникасы сынды әскери көліктер шығарады. Компания жүріс қорын арттыру, жүк көтеру қабілетін жақсарту немесе жаңа қару-жарақ орнатуға көңіл бөліп, көлік құрылымын күшейтіп жатыр. Сонымен қатар техникаларында  байланыс деректерін алмасу, радио байланыс, датчиктер, нақты уақыт режимінде бақылауға арналған GPS интеграциясы да бар. KPE компаниясы Arlan, Alan, Nomad, Barys сияқты платформаларымен танымал. Түркия, Қытай және Қазақстан бірлесіп жасаған «Таймас 8×8» брондалған техникасы, Самғау» экипажсыз роботты катері,  «Шағала-М» ұшқышсыз авиациялық кешенін де мақтанышпен айтсақ жарасады. Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланына тиесілі «Айбар», «Орал-ВВ», «Барыс 6×6», «Алан-2» жауынгерлік машиналары да – отандық өндірістің қарқынды дамып келе жатқанының белгісі. Тізімдегі әскери техника­лардың атын осы бағыттағы мамандар білмесе, бала түгілі ересектердің де хабары болмай шығуы әбден мүмкін. Сонда Ұлттық қарулы күшімізді насихаттаудың жолы жоқ па? 

Ойыншық қай елден шықса, сол елдің ұлттық кодын бала бойына сіңіретінін айттық. Бүгінде шетелдің әскери техникасын былай қойғанда, мультфильміндегі фантастикалық кейіпкерлердің де қазақ баласының тәрбиесіне әсер етіп отыр. Балалар тісі ақсиған, түр-түсі адам шо­шырлық ойыншықтарды да батыр санап ойнап жүр. Мұның орнына қазақ батырларын, ауыз әдебиетіндегі шынайы кейіпкерлерді танытатын ойыншықтарды ұсынсақ, әскери күшімізді сүйкімді ететін ойыншықтар шығарсақ, құба-құп болар еді. Қазір Алаш зиялыларының бейнесіндегі қойын дәптерлер, қаламдар, канцелярлық құрал­дар да трендте емес пе? Демек Ұлы Отан соғы­сына қатысқан батырларымыздың да ерен еңбе­гін насихаттап, жүрекке патриоттық сезім­­­ді ұя­лату жолында ойыншық кәсібіне өз­геріс жасау керек. Отандық кәсіпкерлер осы мәселені назарға алса дейсің... Осы тұрғыдан ойланып отырып, ойыншық жасау саласына жаңалықтар­дың қажет екенін түсіне бастайсың. Себебі көптеген тауар көршілес елдерден, әсіресе Ресей мен Қытайдан келіп жатады, тіпті шетелдік ойыншықтар да мұхит асып келіп жатқанына куәміз... 

Мәселені реттеуде ұлттық мәдениетімізге жанашырлықпен қарайтын мамандардың, кәсіп­керлердің еңбегімен қатар мемлекет тарапынан да қолдау ауадай қажет. Жастайынан Ұлттық қарулы күштерді танып-біліп, ерлік, батырлықты бойына сіңірген бала болашағы да жарқын болады, еліне адал, абыройлы азамат атанады. Сол себепті де бұл бағытқа немқұрайды қарама­сақ екен. 

Айсұлу СЪЕЗХАН

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:143
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 07 Мамыр 2026 13:11
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see169

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see164

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see161

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see157

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see141

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see138

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see134

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see128

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see122

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see122

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see121

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see118

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see116

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see115

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see111

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see108

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see108

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see106

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары