Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Отандық тауар өндірушілерімен жасалған келісімшарт көлемі 23% артты

Отандық тауар өндірушілерімен жасалған келісімшарт көлемі 23% артты

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Оның айтуынша, реформаның басты нәтижесі сатып алу рәсімдерінің мерзімін түбегейлі қысқарту және артық бюрократиялық кедергілерді жою болды.

— Өткен жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде мемлекеттік сатып алулар туралы жаңа заң күшіне енді. Бұл заң сатып алу рәсімдерін жеделдету, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, сондай-ақ сатып алу процестерін одан әрі автоматтандыру бағытында маңызды бетбұрыс болды, - деп атап өтті ол.

Реформаның басты элементі – рейтингтік-балдық жүйе қолданылатын конкурстық рәсім, онда шешімдер адам қатысуынсыз, автоматты түрде, ЖИ элементтерін пайдалану арқылы қабылданады.

— Қорытындылар бес күн ішінде шығарылады. Рейтингтік-балдық жүйенің негізгі критерийлері: жұмыс тәжірибесі, компанияның қаржылық тұрақтылық көрсеткіші, белгілі бір әкімшілік-аумақтық бірлікке тиесілігі және т.б. Салыстыру үшін айтсақ, бұл заң қабылданғанға дейін конкурстық рәсімдер кемінде 60 күнге созылса, рейтингтік-балдық жүйе енгізілгеннен кейін бұл рәсімдер орта есеппен 5 күнде аяқталады. Рейтингтік-балдық жүйе қолданылмаған жағдайда, әдеттегі конкурстар 10 жұмыс күніне дейін созылады, - деп атап өтті Дәурен Кеңбейіл.

Рейтингтік-балдық жүйені қолдану тәжірибесі өңірлік деңгейде өз нәтижесін көрсете бастады, мысалы:

· Ақмола облысында 6 жұмыс күні ішінде құны 1,8 млрд теңге болатын спорт кешенінің құрылысына қатысты мемлекеттік сатып алу бойынша жеңімпаз анықталып, мердігер ретінде Көкшетау қаласындағы жергілікті «Строй БК» ЖШС танылды.

· Ұлытау облысында 5 жұмыс күні ішінде құны 1,1 млрд теңге болатын жалпы білім беретін мектеп құрылысы бойынша конкурс жеңімпазы анықталып, мердігер болып Жезқазған қаласындағы өңірлік «Астана Премиум Строй» ЖШС белгіленді.

Осылайша, вице-министр атап өткендей, жаңа заң бірқатар бюрократиялық рәсімдерді алып тастауға, сатып алуларды жеңілдетуге және мерзімдерді едәуір қысқартуға мүмкіндік берді.

Сонымен қатар реформа отандық тауар өндірушілерді қолдауға бағытталды. Заңда қазақстандық компанияларды қамтамасыз етудің барлық түрінен босату, айыппұл санкцияларын азайту, тауар жеткізудің ең минималды мерзімін 15 күннен 60 күнтізбелік күнге дейін ұзарту, сондай-ақ төлем мерзімін 30 жұмыс күнінен 10 жұмыс күніне дейін қысқарту қарастырылған.

Нысандарды салуда EPC және EPC-F келісімшарттары түріндегі жаңа құралдар енгізілді, бұл сатып алу процесін және жалпы құрылыс жұмыстарын жеделдетуге мүмкіндік берді. Бюрократиялық рәсімдердің қысқартылуы айтарлықтай экономикалық тиімділікке қол жеткізуді қамтамасыз етті.

Мемлекеттік сатып алу туралы жаңа заң отандық компаниялар үшін маңызды преференцияларды бекітті. Соның арқасында қазақстандық өндірушілерге келісімшарт жасасу кезінде басымдық беру құқығы, шарт сомасының 50% көлемінде міндетті аванс төлеу, сондай-ақ банктік кепілдіктер ұсынудан босату және айыппұл санкциялары бойынша жеңілдетілген талаптар қарастырылған.

— Бұл шаралар отандық тауар өндірушілерді қолдауға, сондай-ақ отандық өндірісті ынталандыруға бағытталған. Аталған шаралар өткен жылдың қорытындысы бойынша отандық өндірушілермен жасалған келісімшарттар санын едәуір арттыруға, сондай-ақ отандық өндірушілермен жасалған келісімшарттардың жалпы сомасын ұлғайтуға мүмкіндік берді, - деп түсіндірді вице-министр.

Қаржы министрлігінің деректеріне сәйкес, 2025 жылы отандық тауар өндірушілермен жасалған келісімшарттардың жалпы сомасы 2024 жылмен салыстырғанда 23%-ға өсіп, 460 млрд теңгеге жетті. Мұндай өсім мақсатты мемлекеттік қолдаудың жергілікті өнімге деген сұранысты ынталандырып, қазақстандық компаниялар үшін тапсырыстар көлемін тікелей арттырып отырғанын айқын көрсетеді.

Мемлекеттік сатып алудағы реформа нарықты алақол қатысушылардан тазарту жолындағы маңызды қадам болды. Оның негізгі мақсаты – барлық компания үшін тең және ашық жағдай қалыптастыру, яғни құжаттармен айла-шарғы жасайтын немесе күмәнді беделге ие тұлғалар емес, сапасы мен бағасы тиімді ұсыныс берген қатысушылардың жеңіске жетуін қамтамасыз ету. Ең алдымен, мердігерлердің жұмыс тәжірибесін растауға қойылатын талаптар күшейтілді. Жалған немесе бұрыс мәліметтерді іріктеп алып тастауға мүмкіндік беретін қатаң тексеру критерийлері енгізілді.

Фото: primeminister.kz

Реформаның маңызды элементтерінің бірі – нарық қатысушыларының жауапкершілігін күшейту. Заңға сәйкес сенімсіз жеткізушілерге қатысты автоматты санкциялар енгізілді. Бұған дейін жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізілген компаниялар жаңа өтінімдер берген кезде конкурстық бағалау барысында автоматты түрде ұпай жоғалтатын.

Осылайша, жүйе адал емес қатысушыларға қатысты қосарланған тосқауыл қалыптастырды: бір жағынан, жалған мәлімет ұсыну мүмкіндігі күрделенді, екінші жағынан – жол берілген заңбұзушылықтар үшін тұрақты қаржылық және іскерлік беделге қатысты жауапкершілік енгізілді.

— Реформа мемлекеттік сатып алу саласындағы адал емес қатысушыларға қосарланған тосқауыл қалыптастырды. Бір жағынан, жалған мәлімет ұсыну мүмкіндігі күрделене түсті, екінші жағынан, бұған дейін заңбұзушылыққа жол берген тұлғалар үшін тұрақты қаржылық жауапкершілік енгізілді. Осылайша мемлекеттік сатып алуға жауапты қатысу мәдениеті қалыптасып, онда іскерлік бедел мен адалдық мемлекеттік сатып алуға қатысудың негізгі факторына айналып отыр, - деп атап өтті Дәурен Кеңбейіл.

Сенімді арттыру мақсатында мемлекеттік сатып алуға қоғамдық мониторинг енгізіліп, барлық рәсім жаңа Бірыңғай сатып алу платформасына шоғырландырылды. Шағымдану тәртібі жеңілдетілді, осы ретте шағым беру сатып алу процесін тоқтатпайды. Бұл шаралар шағымдардың жалпы санын 23%-ға қысқартуға мүмкіндік берді.

Мемлекеттік сатып алулар жүйесін жетілдіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Қазақстанда мемлекеттік сатып алудың жаңа ережесі енгізілгенін жазған болатынбыз.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:190
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Қаңтар 2026 09:13
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see169

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see164

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see160

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see160

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see144

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see131

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see125

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see125

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see124

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see121

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see119

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see118

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see114

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see110

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see109

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see108

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see107

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see107

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see106

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары