Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алты қазақстандық жүзгіш әлем кубогының финалына жолдама алды

Алматы тауларынан қару мен оқ дәрі табылды

Сәби көз жұмды : Қызылордада ана мен баланы қағып, қашып кеткен жүргізушіге іздеу жарияланды

Канадада өтетін шорт тректен Әлемдік турдың алғашқы кезеңіне Қазақстан спортшылары да қатысады

Дала өркениетін зерттейтін халықаралық консорциум құрылады

Өскемендегі ауаның ластануы: Қазцинк компаниясы әкімшілік жауапқа тартылды

Драматургиядағы дара даңғыл

Олжас Бектенов әлеуметтік саланы цифрландыру бойынша бірқатар тапсырма берді

Ұлттық ұланның ерлер хоры 10 жылдығына орай концерт берді

Қазақстандықтар келесі аптадан бастап өздерінің әл ауқат деңгейі туралы хабарламалар ала бастайды

Көк теңіздің түбінде келешектің тамыры

Медеуге баратын жол веложарысқа байланысты демалыс күні жабылады

Трамп Ақ үйдің баспасөз хатшысын бес күннен кейін қызметінен босатты

Таиландтан сәлемдеме: Есірткі контрабандасын ұйымдастырған екі азамат сотталды

ҚМГ басшысы Атырау облысындағы мұнай газ химиясы жобаларының іске асырылу барысымен танысты

Астанада автобуста қызға тиісіп, әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды

Reuters: Ақ үй Пентагонға Украинадағы Starshield спутниктік жүйесінің жұмысын баяулатуды тапсырды

Еуразия сыйлығы: Әдеби Азия жобасы екінші орын алды

Шекарасыз кітапхана: Алматыда бес елдің сарапшылары инклюзивті кітапханаларды дамыту мәселелерін талқылады

Ақ халаттыға адалдық жарасады

Отбасы банк жетім бала санатындағы 3 189 қазақстандықты баспанамен қамтамасыз етті

Отбасы банк жетім бала санатындағы 3 189 қазақстандықты баспанамен қамтамасыз етті

7kun.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Отбасы банк «жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар» санатындағы 3 189 қазақстандықты баспанамен қамтамасыз етті. 2025 жылы банк пен мемлекеттің қолдауының арқасында 582 адам тұрғын үй мәселесін шешті. Ал 2026 жылы бұл көрсеткіш бес есеге артып, 2 607 қазақстандықты құрады, деп хабарлады банктің баспасөз қызметі. 
Қаржы институтының хабарлауынша осы кезеңде барлығы 2 274 адам жалдамалы тұрғын үймен қамтамасыз етілсе, 740 азамат жылдық мөлшерлемесі 2% болатын жеңілдетілген ипотеканың көмегімен жеке баспанасын сатып алды. Ал 175 адамға жалдамалы тұрғын үй ақысының жартысын төлеу түрінде қолдау көрсетілді.
Бұл бағыттағы жұмыстарды күшейту мақсатында банк Өнеркәсіп және құрылыс министрлігімен бірлесіп, жетім балалардың құқықтарын қосымша қорғауға бағытталған «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңға өзгерістер енгізді. Енді бала асырап алу немесе қорғаншылық тоқтатылған жағдайда, балалар тұрғын үй кезегіне алғаш қойылған бастапқы күнін сақтай алады.
Бұл өзгеріс тұрғын үймен қамтамасыз ету жүйесінде жетім балалардың құқықтарын қорғауды күшейту мақсатында енгізілді. Жаңа норма балалардың тұрғын үй кезегіне бастапқы қойылған күнін сақтап қалуына мүмкіндік береді. Соның арқасында тұрғын үйді күту мерзімі айтарлықтай қысқарады. Аталған өзгерістер 2026 жылғы 14 қыркүйектен бастап күшіне енеді.
Жетім балалардың тағы қандай басымдықтары бар?

Заңға сәйкес, «жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар» санаты бойынша тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған азаматтарға бөлінетін тұрғын үйдің жалпы көлемінің 20 пайызы мөлшерінде квота қарастырылған.

Мысалы, егер өңірде әкімдік жалдамалы тұрғын үй ретінде бөлу үшін 100 пәтер бөлсе, оның 20 пәтері міндетті түрде жетім балаларға беріледі. Мұндай қолдау шарасы ата-ана қамқорлығынсыз қалған азаматтардың тұрғын үй мәселесін тезірек шешуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, тек жетім балалардың тұрғын үйге мұқтаждар есебіне туған сәтінен бастап тұруға құқығы бар. Ал басқа азаматтар тұрғын үйге мұқтаждар есебіне кәмелет жасына толғаннан кейін ғана тұра алады.

Егер бала кәмелет жасына толғанға дейін ата-анасынан айырылса, ол 29 жасқа толғанға дейін кез келген уақытта тұрғын үйге мұқтаждар есебіне тұруға құқылы. Ал мұндай азаматтар әскери қызметке шақырылған жағдайда, есепке тұрудың шекті жасы мерзімді әскери қызмет өткеру кезеңіне ұзартылады.

Тұрғын үй қалай бөлінеді?

Тұрғын үйді бөлу кезінде кезекке қойылған күн, санаттың басымдығы және табыс деңгейі ескеріледі. Бұл деректерді тексеру және тұрғын үйді бөлу үдерістері адамның араласуынсыз автоматты түрде жүзеге асырылады. Мұны жедел әрі тиімді жүргізуге «Отбасы банктің» 15 мемлекеттік деректер базасымен интеграциялануы мүмкіндік береді.

Тұрғын үй «баспана қолжетімділігінің сатысы» қағидаты бойынша беріледі: табысы төмен отбасылар жалдау ақысының субсидиялануына немесе жалдамалы тұрғын үйге үміткер бола алады, ал табысы қарызды өтеуге жеткілікті азаматтарға жеңілдетілген тұрғын үй қарыздары ұсынылады.

Табысты автоматты түрде тексеру үшін «Отбасы банк» Еңбек ресурстарын дамыту орталығымен бірлесіп, арнайы сервис әзірлеп, іске қосты. Жүйе табыстың барлық көздерін анықтап, оларды талдайды және бір адамға шаққандағы жиынтық табысты есептейді. Бұл ретте анықтамалар жинаудың қажеті жоқ.

Табыс деңгейі күнкөріс деңгейінің шамасына қарай есептеледі. 2026 жылы 1 күнкөріс минимумы (КМ) – 50 851 теңге.

Мысалы, жалдау төлемдерін субсидиялау үшін отбасының әр мүшесіне шаққандағы соңғы 6 айдағы орташа табыс 1 КМ-нен немесе 50 851 теңгеден аспауы тиіс.

Жалдамалы тұрғын үйге үміткер болу үшін табыс мына талаптарға сәйкес келуі қажет:

Үш және одан да көп адамнан тұратын отбасылар үшін соңғы 6 айдағы табыс күнкөріс минимумының 2 еселенген мөлшерінен аспауы тиіс. Яғни үш адамға шаққанда 305 106 теңгеден аспауы керек (2 × 50 851 = 101 702 × 3 адам = 305 106 теңге). Екі адамнан аспайтын отбасылар үшін соңғы 6 айдағы табыс күнкөріс минимумының 3,5 еселенген мөлшерінен аспауы тиіс. Яғни екі адамға шаққанда 355 956 теңгеден аспауы керек (3,5 × 50 851 = 177 978 × 2 адам = 355 956 теңге). Бір адамнан тұратын отбасы үшін соңғы 6 айдағы табыс күнкөріс минимумының 5,5 еселенген мөлшерінен аспауы тиіс. Бұл 279 680 теңгені құрайды.

2% жеңілдетілген мөлшерлемемен тұрғын үй сатып алу үшін отбасының әр мүшесіне шаққандағы соңғы 6 айдағы орташа табыс 5 КМ-нен немесе 254 255 теңгеден аспауы тиіс.

5% жеңілдетілген мөлшерлемемен тұрғын үй сатып алу үшін отбасының әр мүшесіне шаққандағы соңғы 6 айдағы орташа табыс 6 КМ-нен немесе 305 106 теңгеден аспауы тиіс.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:106
embedДереккөз:https://7kun.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Қыркүйек 2026 19:47
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алты қазақстандық жүзгіш әлем кубогының финалына жолдама алды

16 Қазан 2026 20:07see144

Алматы тауларынан қару мен оқ дәрі табылды

16 Қазан 2026 16:46see138

Сәби көз жұмды : Қызылордада ана мен баланы қағып, қашып кеткен жүргізушіге іздеу жарияланды

16 Қазан 2026 20:42see137

Канадада өтетін шорт тректен Әлемдік турдың алғашқы кезеңіне Қазақстан спортшылары да қатысады

16 Қазан 2026 23:08see135

Дала өркениетін зерттейтін халықаралық консорциум құрылады

16 Қазан 2026 16:52see134

Өскемендегі ауаның ластануы: Қазцинк компаниясы әкімшілік жауапқа тартылды

16 Қазан 2026 17:10see134

Драматургиядағы дара даңғыл

17 Қазан 2026 07:02see133

Олжас Бектенов әлеуметтік саланы цифрландыру бойынша бірқатар тапсырма берді

16 Қазан 2026 17:11see130

Ұлттық ұланның ерлер хоры 10 жылдығына орай концерт берді

16 Қазан 2026 16:51see130

Қазақстандықтар келесі аптадан бастап өздерінің әл ауқат деңгейі туралы хабарламалар ала бастайды

16 Қазан 2026 18:00see128

Көк теңіздің түбінде келешектің тамыры

17 Қазан 2026 09:04see127

Медеуге баратын жол веложарысқа байланысты демалыс күні жабылады

16 Қазан 2026 16:57see127

Трамп Ақ үйдің баспасөз хатшысын бес күннен кейін қызметінен босатты

17 Қазан 2026 16:12see126

Таиландтан сәлемдеме: Есірткі контрабандасын ұйымдастырған екі азамат сотталды

17 Қазан 2026 13:44see126

ҚМГ басшысы Атырау облысындағы мұнай газ химиясы жобаларының іске асырылу барысымен танысты

17 Қазан 2026 13:43see125

Астанада автобуста қызға тиісіп, әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды

17 Қазан 2026 12:52see123

Reuters: Ақ үй Пентагонға Украинадағы Starshield спутниктік жүйесінің жұмысын баяулатуды тапсырды

17 Қазан 2026 13:43see120

Еуразия сыйлығы: Әдеби Азия жобасы екінші орын алды

17 Қазан 2026 10:02see117

Шекарасыз кітапхана: Алматыда бес елдің сарапшылары инклюзивті кітапханаларды дамыту мәселелерін талқылады

16 Қазан 2026 21:39see116

Ақ халаттыға адалдық жарасады

17 Қазан 2026 07:47see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары