Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Өз иесін тапқан көлік: Шымкентте екінші республикалық Respublica Asyq Atu турнирі өтті

Өз иесін тапқан көлік: Шымкентте екінші республикалық Respublica Asyq Atu турнирі өтті

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

25 қазанда Шымкент қаласында көне ұлттық спорт түрлерінің бірі - асық ату бойынша еліміздегі ең ірі жарыс - екінші республикалық Respublica Asyq Atu турнирінің финалы өтті. Бас жүлде - жеңіл автокөлік үшін елдің барлық өңірінен келген 40 үздік ойыншы бақ сынады.

Respublica Asyq Atu турнирі спортшыларды, көрермендерді және құрметті қонақтарды біріктіріп, ұлттық рухтың нағыз мерекесіне айналды. Финалдық ойындар, концерттік бағдарлама және ұлттық спорт түрлерінен шеберлік сабақтары мыңдаған қала тұрғындары мен қонақтарды жинады.

«Бүгін асық ойыны арқылы біз өзіміздің түп-тамырымызға, ұлттың рухани коды мен дәстүріне қайта ораламыз. Асық ату - барлық ұлттық спорт түрінің бастауы. Оның тарихы ғасырлар қойнауынан бастау алады және халқымыздың тұрмысымен тығыз байланысты. Бүгінгі турнир ұлттық спорттың халықтық құндылық екенін дәлелдеп отыр. Біз асық атуды тек дәстүр ретінде емес, қоғамды біріктіретін заманауи мәдени құбылыс ретінде дамытқымыз келеді. Себебі ұлттық спорт - жай ғана тренд емес. Ол - ұлттың болмысы, рухы мен патриотизмі», - деді Мәжіліс депутаты, Қазақстан Республикасы Асық ату федерациясының президенті Олжас Құспеков.

Қызу тартысты өткен финалдың қорытындысы бойынша турнир жеңімпазы атанған Ақтөбе облысы, Құлыбек Ғарышбек есімді спортшыға Қазақстандық Allur автомобиль компаниясы шығарған Chevrolet Onix автокөлігі табысталды.

Екінші орын иегері Түркістан облысы, Абилхан Талгар 1 000 000 теңге көлемінде сыйақы алса, үшінші орын алған Батыс-Қазақстан облысы, Сламқұл Бақдаулет 500 000 теңгемен марапатталды. Бұдан бөлек, қатысушыларға AMANAT партиясы арнайы 300 000 теңге көлеміндегі сыйлығы Павлодар облысы, Жаздықбай Керімге тағайындады.

Жартылай финалдар мен финалдық ойындардан құралған жарыс марафоны асық ату шеберлерінің жоғары деңгейін және бұл спорт түріне деген қызығушылықтың артып келе жатқанын көрсетті.

«Біздің компанияның ДНҚ-сында ұлттық құндылықтар мен жасампаздық рухы бар. асық ату турнирін қолдай отырып, біз спорт, мәдениет және шығармашылық бастамалар арқылы ұлттық сананы жаңғыртуды көздейміз. Спортшыларымыз бен қатысушыларымыз ерік-жігер мен Отанға деген сүйіспеншіліктің үлгісі боларына сенеміз», – деді турнирдің ресми серіктесі, Allur компаниясының өкілі Айгүл Ахметова.

Турнирді өткізу үшін Шымкенттің таңдалуы да кездейсоқ емес. Өткен жылы дәл осы өңірдің спортшылары жоғары нәтиже көрсетіп, бас жүлде иегері де шымкенттік болған еді. Сондықтан 2025 жылы Шымкент қаласы Respublica Asyq Atu турнирінің астанасына айналды. Бұл өңірдің ұлттық спорттың дамуына қосқан үлесін айрықша атап өтеді.

Шымкенттегі турнир қала мәртебесін асық ату спортының дамуының орталығы ретінде бекітті. Бұл жарыс ұлттық спорттың ұрпақтар мен өңірлерді біріктіре алатынын және мәдени мұрамызды сақтауда маңызды рөл атқаратынын дәлелдеді. Respublica Asyq Atu турнирі көне ойынның заманауи серпін алып, бұқаралық қозғалысқа айналуына зор үлес қосты.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:187
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Қазан 2025 19:33
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары