Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

Емханаларда ашық есік күні

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

Кофені көп ішсе, не болады?

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Тарихи ескерткіштер тазартылды

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Шымкентте әскери қызметшілер арасында республикалық байқау өтті

Шымкентте әскери қызметшілер арасында республикалық байқау өтті

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті және Шымкент қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен Шымкентте "Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы" атты республикалық байқау өтті.

Бұл дәстүрлі сайыс мемлекеттік тілді жетік меңгерген әскери қызметшілер арасында өткізіліп, биыл елдің түкпір-түкпірінен іріктеуден өткен 11 үміткерді тоғыстырды. Қатысушылардың қатарында түрлі этнос өкілдері бар. Олар барша жұртқа қазақ тілін меңгерудің, құрметтеудің үлгісін көрсетті.

Байқаудың басты мақсаты – мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, қазақ тілінің этносаралық қатынас тілі ретіндегі беделін арттыру және мемлекеттік тілді меңгерген қоғамдық белсенді азаматтарды ынталандыру.

Сайыс төрт кезеңнен тұрды. Алғашқы "Таныстыру" кезеңінде қатысушылар "Біз мемлекеттік тілді дамытуға қандай үлес қосудамыз?" тақырыбында өздерінің қызметтік және азаматтық ұстанымдарын таныстырды. Келесі "Сөздің көркі" кезеңінде оқу, білім, өнер мен мәдениет тақырыптарындағы мақал-мәтелдерді жалғастыру арқылы тіл байлығын, шешендік қабілетін көрсетті. "Ой ұшқыны" бөлімінде қатысушылар берілген тақырыптар төңірегінде еркін ой толғап, тілдің қоғамдағы орнына қатысты өз көзқарастарын білдірді. Соңғы "Ұшқыр сұрақ, ұтқыр жауап" кезеңінде үміткерлер жылдамдық пен тапқырлық танытты.

Іс-шараның ашылуында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті төрағасының орынбасары Ғабит Абзалбек құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

"Мемлекеттік тіл – ел бірлігінің, тәуелсіздіктің тұғыры. Қазақ тілін меңгеру – әр азаматтың қасиетті борышы. Әскер қатарында еңбек етіп жүрген азаматтарымыздың мемлекеттік тілге деген құрметін көріп, болашағымызға сенім арта түседі. Мұндай байқаулар рухты, елжанды ұрпақты қалыптастыруда үлкен рөл атқарады", – деді ол.

Байқауға филолог ғалым, қоғам қайраткері және әскери сала өкілінен құралған қазылар алқасы төрелік етті. Әділ бағалау нәтижесінде жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен, алғысхаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Байқау соңында қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге әрқайсысы өз үлесін қосуға ниетті екендерін айтты.

Мемлекеттік тіл – ел рухының айнасы, ұлттың ұйытқысы. Тілді меңгеру – тек қарым-қатынас құралы ғана емес, Отанға деген сүйіспеншіліктің, ұлттық сана мен рухтың көрінісі.

"Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы" байқауы ел қорғаған ерлердің рухына рух қосып, қазақ тілін ардақ тұтудың тамаша дәстүрін қалыптастыруға жол ашып келеді.

Шымкент ІСБ ұсынған материал

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:200
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Қараша 2025 16:56
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see141

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see140

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see134

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see134

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see132

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see130

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see127

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

13 Қазан 2026 06:56see123

Емханаларда ашық есік күні

13 Қазан 2026 04:50see122

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see122

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

13 Қазан 2026 04:23see112

Кофені көп ішсе, не болады?

13 Қазан 2026 01:36see111

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see111

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see110

Тарихи ескерткіштер тазартылды

13 Қазан 2026 04:23see110

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see109

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see109

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see107

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

13 Қазан 2026 04:23see106

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары