Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Озық оқырмандар марапатталды

Озық оқырмандар марапатталды

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Қостанайда кітапсүйер көпшілік арасында өткен «Оқы және жең» онлайн байқауы қоры­­тындыланды. Салтанат­ты іс-шарада жобаға қатыс­қан сегіз мың адамның ішінен оза шауып жүлдеге іліккен 50-ден астам оқырманға ар­найы дипломдар, қомақ­ты қаржысы бар сертификаттар табыс етілді.

Осымен төртінші рет өткен облыстық бай­қауда жас мөлше­ріне қарай үш санатқа бөлінген оқырмандар қазақ және орыс тілінде бас-аяғы 18 кітап оқып шықты. Әр кітапты оқып бітірген соң, сол көркем шығарманың мазмұнына құрылған онлайн-тест тапсырып отырды. Үш кезеңнен жоғары ұпай жинаған оқырмандар төртінші кезеңге іріктеліп алынды.

Мәселен, қазақтілді оқыр­мандар арасынан 10–14 жас аралы­ғындағы балалар Бауыржан Момыш­ұлының «Ұшқан ұя», Рүстем Сауыт­байдың «Шоко әлем», Нұр Домбай­жының «Қабағы тұнжыр балақай» шығар­маларын, 15-18 жас аралығындағы жасөспірімдер Оралхан Бөкейдің «Атау кересін», Спандияр Көбеев­тің «Орындалған арман» мемуарлық романын, Иван Тургеневтің «Әкелер мен балалар» романын, ал жасы 19-дан жоғары ересек оқырмандар Сәбит Мұқановтың «Аққан жұлдыз», Төлен Әбдіктің «Өліара», Кристин Ханнаның «Бұлбұл» романдарын оқып шықты.

Байқауға қатысушылардың ішінде оқушылар, студенттер, сан алуан саланың өкілдері – жұмысшылар, дәрігерлер, мұғалімдер, мемлекеттік қызмет­шілер, кәсіпкерлер, зейнеткерлер бар. Алғашқы үш кезеңнен сүрінбей өткен 122 оқырман Л.Толстой атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында өздері оқыған үш кітаптан алған әсерлерін қағазға түсіріп, эссе жазды.

Салтанатты жиында облыс­тық мәдениет басқармасы басшы­сының орынбасары Саят Жүсі­пов көпшілікті оқырмандар мара­фонының мәреге жетуімен құттықтап, жеңімпаздарды марапаттады.

«Өздеріңізге белгілі, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кітап оқи­тын озық он елдің қатарына ену керек деген талап қойып отыр. Байқағанымыз, оқырмандардың көбі осы байқау басталғалы жыл сайын қалмай тұрақты түрде қатысып келе жатыр. Бұл өңірде кітап оқуды өмір салтына айналдырған үлкен оқырман қауым қалыптасқанын көрсетеді. Сонымен қатар биыл байқауға қатысқандардың ішінде мектеп оқушыларының көптігі бізді ерекше қуантады», деді С.Жүсіпов.

Байқауда ең жоғары ұпай жинап, қалың оқырманнан қара үзіп шыққан 6 жеңімпаздың әрқайсысы бірінші дәрежелі дипломдар мен 150 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлыққа ие болды. Екінші орын алған 12 адам 100 мың теңгеден, үшінші орын алған 18 оқырман 75 мың теңгеден ақшалай сыйлық алды. Бұдан тыс, байқаудың іріктеу кезеңіне өткен тағы 18 оқырманға 25 мың теңгеден ақшалай сертификат табыс етілді.

Ересек оқырмандар қатарынан Қостанай қаласының тұрғыны, ұстаз Шынар Төлегенова оза шауып, бірінші орынды жеңіп алды.

«Кітап – адамзат құнды­лығының ең биігі. Бүгінде елімізде ұлт бола­шағы үшін пайдасы зор түрлі жобалардың іске асуы үлкен қуан­тарлық жайт. Соның бірі де, бірегейі – «Оқы және жең» байқауы. Аталған байқау арқылы шәкірттерімнің әр бұрышта кітап оқып, кітапханадан кітап іздеп жүргені мен үшін зор қуаныш. Телефонға телмірген заманда мұндай көріністі көрудің өзі, шынтуайтына келгенде, зор бақыт екен. Өзім оқыған үш кітаптан үш түрлі әсер алдым, үш түрлі күй кештім. «Аққан жұлдыз» романын оқи отырып, тарих қойнауына бір сүңгіп, Шоқандай ұлы тұлғаның өмір жолындағы оқиғаларды көз алдымнан өткіздім. «Өліара» романында ар алдындағы адамның шынайы бет-бейнесі көңілімді толқытты. Сол өліара шақтағыдай мен де аласапыран күйге түстім. Ал «Бұлбұл» романын оқи отырып, көзімнен толассыз жас аққанын жасырмаймын. Роман жанымды тіліп өтті десем, артық болмайды», дейді жеңімпаз.

Жылына екі мәрте өтетін байқауды Л.Толстой атындағы облыс­тық кітапхана ұжымы бастан-аяқ ұйымдастырып, өздеріне жүк­телген міндетті абыроймен атқарып келеді.

«Жобаның ауқымы жылдан-жылға кеңейіп келеді. Байқау онлайн түрде өтті. Бұл шалғай елді мекендердің тұрғындарына қолайлы болып отыр. Биыл, әсіресе Жангелдин, Қарасу, Ұзынкөл, Әулиекөл, Қарабалық, Жітіқара, Бейімбет Майлин аудандарынан көп оқырман қатысты. Осы байқаудың нәтижесінде өңірде кітап оқитын тұрғындардың көбейгені байқалып отыр», дейді облыстық кітапхананың басшысы Сәния Серікқызы.

Қостанай облысы 

Соңғы жаңалықтар

Әңгіме арқауы – руханият мәселесі

Қоғам • Бүгін, 08:05

Жақсының жары

Тұлға • Бүгін, 08:00

Шеңгелді ауылында мал сою пункті іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 00:40

Елена Рыбакина Дубайдағы турнирді сәтті бастады

Теннис • Кеше

Ұлттық банк 2 жаңа коллекциялық монетаны сатылымға шығарады

Банк • Кеше

Астанадағы жылы аялдамалар «Сергек» жүйесіне қосылды

Елорда • Кеше

Ертең елімізде ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Кеше

«ДАУЫС» қоғамдық байқаушылар коалициясы референдумға тәуелсіз байқаушылар ретінде қатысады

Референдум • Кеше

Қызылорда облысында жаңа Конституция жобасын қолдау бойынша үгіт-насихат жұмыстары өтті

Ата заң • Кеше

Шаңғы қоссайысы: Шыңғыс Ракпаров 2026 жылғы Олимпиада ойындарында өнер көрсетуін аяқтады

Олимпиада • Кеше

Аида Балаева мәдениет және ақпарат салаларын жаңғыртудың басым бағыттарын белгіледі

Қоғам • Кеше

Шымкент қаласының тұрғындары Әділетті Қазақстан бағытына қолдау білдірді

Ата заң • Кеше

Ақпанда туған айтыс жанашыры

Қоғам • Кеше

Отандық көліктердің бағасы төмендей ме?

Қоғам • Кеше

Маңғыстауда алғашқы инновациялық логопедия және цифрлық білім кабинеттері ашылды

Аймақтар • Кеше

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:143
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Ақпан 2026 08:24
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see137

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары