Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада жасанды интеллектіні дамыту мәселелері бойынша сарапшылар кездесуі өтті

Чехия премьер министрі: Қазақстан энергетика саласында аса үлкен орны бар ел

Қазақстан бойынша бірқатар өңірлерде қолайсыз ауа райы туралы ескерту жасалды

Ролан Гаррос турниріне Қазақстаннан кімдер қатысады

Алматыда медициналық жабдықты пайдалану кезінде өрескел заңбұзушылықтар анықталды

“Сөз таңдаңыз“ Мәжіліс спикері депутатқа ескерту жасады

Германияда құтқарылған өркешті кит Тимми жаңа мекенге жол тартты

Астанада салмағы ауыр жүк көліктеріне бақылау күшейтілді

Instagram дағы табысты бизнес бейне және Перизат Қайратпен байланысы. Мөлдір Сүйіншәлі туралы не белгілі?

Қазақстанда жануарларды сатып алу және сату механизмі өзгереді

Қазақстанда агроөндірістің жаңа моделі: фермерлер жасымық жеткізуге келісті

Қазақстанда вебкам порностудиялары мен бала сатумен айналысқан қылмыскерлер ұсталды

Елордада биыл қандай көшелер салынатыны белгілі болды

KEDEN ақпараттық жүйесі арқылы 5 мыңға жуық заңбұзушылық анықталды

Сенат жануарлар туралы резонансты заңды Мәжіліске қайтарды

Конституция елдіктің еңселі тірегі

Трампқа Иранға қарсы әскери әрекеттердің жаңа нұсқалары ұсынылады

2022 жылдан бастап оқуға түскен медицина мамандары жаңа жүйе бойынша жұмыс істейді

Абай төсегін жинамаған . Ақын туралы пікір айтқан блогер сынға ұшырады

ЕАЭО ға әкелінген жүк ұшақтары кедендік баж салығынан 12 жылға босатылады

Пандемия, Ауғанстан, Қазақстанның бейбіт саясаты Айбек Смадияров ресми өкіл қызметінде несімен есте қалды

Пандемия, Ауғанстан, Қазақстанның бейбіт саясаты Айбек Смадияров ресми өкіл қызметінде несімен есте қалды

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Айбек Смадияровтың мансабы 2006 жылы басталған, осы уақыт аралығында ол консулдық қызмет департаментінің маманынан комитет төрағасына дейін өсті. Сегіз жылға жуық уақыт бойы (2018 жылдан бастап) Айбек Смадияров министрліктің баспасөз қызметін басқарып, Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы ретінде ведомствоның бет-бейнесіне айналды.

Ол 2023 жылы СІМ Коммуникациялар департаментінің директоры болды, ал 2025 жылдың наурызында — Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы — СІМ ресми өкілі болып тағайындалды.

Айбек Смадияров Еуропа және Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріндегі Қазақстан елшіліктерінде жұмыс істеген, консулдық қызмет пен дипломатиялық жұмыста мол тәжірибе жинаған. Қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерін меңгерген. 2022 жылғы шілдеде оған II сыныпты Төтенше және өкілетті уәкіл дипломатиялық дәрежесі берілді. 

Айбек Смадияровты жұртшылық ең алдымен Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі ретінде таниды. Осы қызметте ол Қазақстан дипломатиясының «дауысына» айналып, маңызды халықаралық оқиғаларға қатысты пікір білдіріп, еліміздің ұстанымын түсіндіріп, тілшілер сұрағына жедел жауап беріп отырды.

«Жусан» операциясы

Оның қызметіндегі ең ірі оқиғалардың бірі — Қазақстан үшін ауқымды әрі маңызды гуманитарлық миссиялардың бірі саналатын «Жусан» операциясын ақпараттық сүйемелдеу болды. Арнайы операция арқылы Сириядағы қақтығыс аймақтарынан 607 Қазақстан азаматы, негізінен әйелдер мен балалар елге қайтарылды. Айбек Смадияров эвакуация барысы мен қайтарылғандарды реабилитациялау шаралары туралы тұрақты түрде хабарлап отырды.

«МИД, помоги!» — Коронавирус пандемиясындағы ақпараттың маңызы

2020 жылы COVID-19 пандемиясы басталғанда Сыртқы істер министрлігі шетелдегі отандастарды елге жеткізумен айналысты. Айбек Смадияров пандемияның алғашқы толқынында — 2020 жылдың қаңтар–наурыз айларында шетелдегі (әсіресе Қытай, Оңтүстік Корея) Қазақстан азаматтарының жағдайы туралы нақты, ресми ақпарат беріп отырды. Тіпті Уханьнан студенттерді қалай алып шыққандарын еске алды.

— Уханьда коронавирус ошағы анықталғанда ең бірінші біздің елдің студенттерін тасымалдаған ұшағы ұшып келді. Біздің Бейжіңдегі дипломаттардың мықтылығы сонша, ең бірінші болып біздің ұшақ 3 мемлекеттің студенттерін алып шықты. Ухань қаласы жабық, аэродром жабық. Қытай азаматтары қашып та жатты, кіріп те жатты. Соның арасынан 200-300 студентті қалай алып шығамыз деп күні-түні ойландық. Ұшақ дайын, ақша бар, студенттер бір қонақүйге жиналған, бәрі дайын. Бірақ, кіріп-шығу қиын. Қытай билігінің өкілдеріне хабарлассақ, бір де бір нотамызға, бір де бір телефон қоңырауына жауап бермейді. Сонымен Қытайдың осы жердегі елшілігі арқылы сөйлесіп, Бейжіңдегі билікпен мәселені шешті. Бізге аз ғана уақыт берді, 3 сағатта ұшақты қондырып, студенттерді алып шықтық, — деп еске алды Айбек Смадияров. 

Оның айтуынша, пандемия кезінде әлеуметтік желі арқылы Сыртқы істер министрлігіне жүгінушілер саны еселеп артқан.

— Коронавирус кезінде сағатына мыңнан аса тег шығып жатты. «МИД, помоги!», «Токаев, отправь самолет!», «Мы тут умираем!» деген сияқты тегтің бәрі орысша кетті. Біз не істейміз? Мемлекеттер арасындағы шекаралар жабық. Өмірі жабылмайтын Шенген елдері шекараларын жауып тастады. Мәскеудегі Шереметьево мен Внуково әуежайларының арасында байланыс жоқ. Біздің Еуропада жүрген азаматтар Внуковоға ұшып келеді, Қазақстанға Шереметьеводан ұшуы керек. Арада 1 сағат уақыт қана бар. Внуководан Шреметьевоға 1 сағаттың ішінде ұшып келе алмайды. Мәселені шешу үшін еліміздің Премьер-министріне хабарластық. Біздің Премьер-министр Ресей Премьер-министріне телефон шалып, екі әуежай арасына біздің азаматтарымызға жеке конвой беріп, тасымалдауға рұқсат сұрадық. Кішігірім жұмыс болса да, жоғары деңгейде шешімін табатын мәселелер бар, — деді ол.

«Бұл біздің соғыс емес» — Смадияров қазақстандықтарды шетелдік топтарға тарту әрекеті туралы

2023 жылы Айбек Смадияров шетелдік қарулы топтардың жасырын тарту әрекеттері жөнінде Қазақстан жастарына үндеу жасады және шетелдегі қарулы құрылымдарға қатысқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылатынын ашық ескертті. Бұл сөз өрши түскен аймақтағы қақтығыстарға қатысты Қазақстанның ұстанымын айқын көрсеткендіктен, кең аудиторияның есінде қалды. 

— Мұндай топтарға баруды ойлап жүрген немесе соларға қосылуды жоспарлаған барлық азаматтқа 5 жылдан 9 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын ескерткіміз келеді. Бұл Қазақстанда қылмыстық жауапкершілікке жатады. Олардың елестеткеніндей ешқандай «романтика» жоқ. Айтқым келетіні, жігіттер, бұл сіздердің соғыстарыңыз емес. Абай болыңыздар, туған-туыстарыңызды ойлаңыздар. Барлығыңыз — ересек адамсыздар, — деді Айбек Смадияров Астанада журналистермен кездесуде.

«Кабул ашық күн райымен қарсы алды»

Айбек Смадияров 2021 жылдан бастап Ауғанстанға гуманитарлық жүк жеткізген қазақстандық делегация құрамында болды. Қазақстандықтар бұл кезеңді Айбек Смадияровтың Кабулда түскен фотосуреті арқылы жақсы еске сақтаған.

Еске сала кетейік, ол кезде Қазақстан Ауғанстанға үнемі азық-түлік, дәрі-дәрмек және алғашқы қажетті тауарларды жіберіп отырды. Сондай-ақ Қазақстан Ауғанстанның билігімен гуманитарлық және сауда-экономикалық мәселелерді шешу үшін жұмыс байланыстарын қолдай бастаған еді, Бұл диалог өңір тұрақтылығы үшін маңызды болды.

Good office — Смадияров Қазақстанның бейбіт келіссөздердегі рөлі туралы

Армения мен Әзербайжан арасындағы бейбіт қатынастар туралы декларация 2025 жылы орнады. Оған дейін Қазақстан екі тараптың келіссөздер процесін дайындауға дипломатиялық қолдау көрсетті. Тіпті бейбіт келісімді талқылау үшін екі елдің сыртқы істер министрлерінің кездесуін Алматыда өткізу ұсынылды. Бұл жоспарды 2024 жылдың сәуірінде Айбек Смадияров көпшілікке жариялаған еді.

— Иә, мұндай келіссөздерді Алматыда өткізу жоспарланып отыр. Біз Әзербайжан мен Армениядағы әріптестерімізбен байланыстамыз. Алдағы келіссөздер тек қана екі тарап арасында жүргізіледі. Астананың делдалдығы туралы сөз жоқ екенін атап өткім келеді. Біз тек қана «Good office» деп аталатын ізгі ниет қызметтерін көрсетеміз. Өтетін күні немесе басқа да ақпарат қосымша хабарланады, — деген еді Айбек Смадияров.

Сонымен бірге, Айбек Смадияров бұл келіссөзге жұмсалатын қаражат туралы тілшілер сұрағына жауап берді.

— Бұл сондай ауқымды шара емес. Қазақстан қандай да бір шығындарды өтеуі мүмкін, бірақ қос тарап мәмілеге келіп жатса, оның пайдасы тұтас аймаққа септігін тигізеді, — деп жауап берді ресми өкіл.

«Бізде әйелдер ерлерден артық жұмыс істейді» — Смадияров дипломат әйелдер туралы

2024 жылы Смадияров қазақстандық дипломатиядағы әйелдердің үлесі мен еңбегіне назар аударды. Елшілер арасындағы әйелдер саны туралы тілшілер сұрағына жауап беріп, министрлік қызметкерлерінің жартысына жуығы әйелдер екенін айтты. 

— Финляндиядағы елшіміз әйел. Нью-Йорктегі бас консул да әйел, Францияда да әйел елші бар. Олар өте белсенді жұмыс істейді. Дипломаттар арасында әйелдер санаулы болғанымен, Сыртқы істер министрлігінің құрылымында үлесі айтарлықтай. Орталық аппараттың шамамен жартысы бойжеткендер мен әйелдер. Олар ерлермен бір қатарда, тіпті кейде артық жұмыс істейді. Олар мұқият әрі тыңғылықты, — деді ол.

Қызметіндегі негізгі сәттер

Сыртқы істер министрлігінің бас спикері: 2018 жылдан бері Айбек Смадияров сыртқы саяси ведомстводан ресми ақпарат беретін негізгі тұлға болып, қоғамды дер кезінде ашық хабардар етуге үлес қосты.

Нақты және жедел пікірлер: Ол ең күрделі әрі сан алуан жағдайлар бойынша, соның ішінде шетелдегі қазақстандықтарға қатысты мәселелерде әрдайым пікір білдіруге дайын болуымен есте қалды.

Визалық режимді жеңілдету бойынша жұмыс: Оның жуырда жасаған мәлімдемелерінің бірі қазақстандықтар үшін шенген визасын алу процесін жеңілдету жөніндегі келіссөздерге қатысты болды. Бұл — көпшілік үшін маңызды тақырып.

— Былтыр Қазақстан Еуропалық одақпен визалық режимді оңайтула туралы келіссөздерді бастағанын хабарлаған едік. Бұл жұмыс күнделікті жүргізіліп жатыр. Ол үшін Еуропалық одақтың әр мемлекетімен жеке сөйлесу керек. Жақында біздің делегация Германияға барып, неміс тарапымен сөйлесіп қайтты. Келесі аптада біздің Срытқы істер министрлігінің делегациясы тағы Еуропаға барады. Ішкі істер министрлігі бар, Ұлттық қауіпсіздік бар, Сыртқы істер министрлігі бар, миграциялық мәселелер бар, бәрі жан-жақты қаралуы керек. Сондықтан бұл мәселе 1-2 күн емес, біраз жылды қажет етеді, — деді Айбек Смадияров.

Өзінің қызметтен кетуі туралы ол бүгінгі брифингте журналистерге хабарлады.

— Мен бұл күнге дайындалып жүрдім. Бұл кенеттен қабылданған шешім емес, өзімнің жеке шешімім. Сегіз жыл бойы осы мінберде тұрдым… Осы жылдары еліміз сыртқы саясатта көптеген кезеңнен өтті, көптеген мәселе болды. Тек сіздердің арқаларыңызда бүкіл әлем Қазақстанды таныды. Сіздер Сыртқы істер министрлігіне орасан зор қолдау көрсеттіңіздер, — деді Айбек Смадияров. 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:105
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Желтоқсан 2025 02:16
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада жасанды интеллектіні дамыту мәселелері бойынша сарапшылар кездесуі өтті

30 Сәуір 2026 02:43see120

Чехия премьер министрі: Қазақстан энергетика саласында аса үлкен орны бар ел

29 Сәуір 2026 19:43see114

Қазақстан бойынша бірқатар өңірлерде қолайсыз ауа райы туралы ескерту жасалды

29 Сәуір 2026 21:26see113

Ролан Гаррос турниріне Қазақстаннан кімдер қатысады

29 Сәуір 2026 23:40see112

Алматыда медициналық жабдықты пайдалану кезінде өрескел заңбұзушылықтар анықталды

30 Сәуір 2026 02:42see112

“Сөз таңдаңыз“ Мәжіліс спикері депутатқа ескерту жасады

29 Сәуір 2026 18:51see111

Германияда құтқарылған өркешті кит Тимми жаңа мекенге жол тартты

29 Сәуір 2026 23:09see111

Астанада салмағы ауыр жүк көліктеріне бақылау күшейтілді

29 Сәуір 2026 19:44see111

Instagram дағы табысты бизнес бейне және Перизат Қайратпен байланысы. Мөлдір Сүйіншәлі туралы не белгілі?

29 Сәуір 2026 18:52see110

Қазақстанда жануарларды сатып алу және сату механизмі өзгереді

30 Сәуір 2026 10:49see110

Қазақстанда агроөндірістің жаңа моделі: фермерлер жасымық жеткізуге келісті

30 Сәуір 2026 12:04see110

Қазақстанда вебкам порностудиялары мен бала сатумен айналысқан қылмыскерлер ұсталды

29 Сәуір 2026 22:38see109

Елордада биыл қандай көшелер салынатыны белгілі болды

29 Сәуір 2026 23:09see109

KEDEN ақпараттық жүйесі арқылы 5 мыңға жуық заңбұзушылық анықталды

29 Сәуір 2026 10:54see109

Сенат жануарлар туралы резонансты заңды Мәжіліске қайтарды

30 Сәуір 2026 10:56see109

Конституция елдіктің еңселі тірегі

30 Сәуір 2026 06:45see108

Трампқа Иранға қарсы әскери әрекеттердің жаңа нұсқалары ұсынылады

30 Сәуір 2026 19:00see108

2022 жылдан бастап оқуға түскен медицина мамандары жаңа жүйе бойынша жұмыс істейді

30 Сәуір 2026 19:26see108

Абай төсегін жинамаған . Ақын туралы пікір айтқан блогер сынға ұшырады

29 Сәуір 2026 10:54see107

ЕАЭО ға әкелінген жүк ұшақтары кедендік баж салығынан 12 жылға босатылады

29 Сәуір 2026 08:26see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары