Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Парижде қазақ киносының фестивалі өтті

Парижде қазақ киносының фестивалі өтті

24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Парижде қазақ киносының фестивалі өз мәресіне жетті. Отандық туындыларды екі мыңнан астам адам тамашалады. Жетінші кинофестиваль Франция астанасының тарихи орталығында өтті. Париж жұрты қазақстандық киноиндустрияның бай әрі сан алуан жанрларымен танысты. Талғамы биік көрермен қазақ киносын қалай қабылдады?

Франциялық көрерменге қазақстандық кино таңсық емес. Мұнда отандық фильмдердің фестивалі осымен жетінші рет ұйымдастырылып отыр. Бұл жолы айтулы шара Espace Saint Michel ежелгі кинотеатрында Қазақстанның Франциядағы елшісінің қолдауымен және франциялық Peptitalents кинофестивалімен серіктестік аясында өткізілді. Кинокөрсетілімдер бес күн ішінде екі мыңнан астам көрермен жинап үлгерді.

Андрэ Иванов, Халықаралық қазақ киносы фестивалінің негізін қалаушы:

- Биыл фестивальді жаңа форматта өткіздік. Көрсетілім санын азайттық. Нант, Леон, Канн қалаларының тұрғындары да қазақстандық киноны тамашалауға мүмкіндік алу үшін Франциядағы қала санын көбейттік. Бұдан өзге Камерун, Марокко, Люксембург, Бельгия, Швейцария сынды 11 елде ұйымдастыруға ниеттіміз.

Фестиваль бағдарламасында халықаралық марапаттарға ие болған режиссер Елзат Ескендірдің «Әбіл» фильмі, француз-қазақ киноөндірісінің ортақ жемісі «Махаббат алмасы», Әділхан Ержановтың «Кадет» драмасы бар. Сондай-ақ «Мадина» фильмі мен халық арасында зор сүйіспеншілікке бөленген «Әміре» және «Бақыт құшағында» туындылары көрсетілді.

Биыл қазақтың біртуар перзенті Әміре Қашаубаевтың Париждегі ЭКСПО көрмесінде ән салғанына 100 жыл. Дәл осы айтулы датада әншінің құрметіне түсірілген фильмнің көрсетілімі Қазақстанның Франциядағы елшілігінде өтуі ерекше символикалық мәнге ие. Әміре Қашаубаев алғаш болып шетелдік тыңдарманға халық әнін паш етті. Сол күннен бері ғасыр өтсе де Франция тұрғындары арасында әйгілі әншінің шығармашылығына қызығушылық танытатындар көп.

Фредерик, көрермен:

- Бұл фильм жүрегімнен ерекше орын алды. Керемет эмоция сыйлады. Сол кезеңнің тұрмыс-тіршілігі, Қазақстандағы әлеуметтік-саяси жағдай жақсы суреттелген. Әміре Қашаубаевтың орындауындағы әнді терең сезіндім. Жүректі шымырлатып, қазақ музыкасының бірегейлігін жеткізді.

Фестиваль режиссер Санат Сапашев таспалаған Қазақстандағы алғашқы джукбокс-мюзикл «Бақыт құшағында» туындысымен қорытындыланды. Қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың әсем әндері франциялық көрерменнің ыстық қошеметіне бөленді.

Эмильен, көрермен:

- Фильмде қазіргі Қазақстанның келбеті көрініс тапқан. Астананың сұлулығы барынша әдемі суреттелген. Маған қатты ұнады.

Карин, көрермен:

- Шынымды айтсам, мен Қазақстанда танымал болып жатқан бұл фильмдер туралы білмеген едім. Өзім үшін жаңа дүниелер ашып жатқаныма қуаныштымын. Фестивальдің ұйымдастырылуын жоғары бағаладым. Күн сайын әр түрлі фильмдер көрсетілді. Осыдан-ақ сіздердің елдеріңіздің мәдениетті қаншалықты бай екенін байқауға болады. Маған әйел тағдырын баяндайтын «Мадина» фильмі қатты ұнады.

Фестиваль – жай ғана көрсетілім емес, бұл идея мен тәжірибе алмасу, жаңа мүмкіндіктер. Жас кинематографистерды даярлап шығару үшін Қазақстандағы Нью-Йорк киноакадемиясы шараны ұйымдастырушыларға үш грант табыстады. Ал фестиваль мұнымен аяқталмайды. Алдағы уақытта отандық кинокартиналармен Францияның өзге қалаларының тұрғындары және тағы да бірқатар еуропалық елдің көрермендері жақынырақ танысады.

Авторлары: Мөлдір Жақан, Айдана Кәріпжанова, Руслан Өміржан

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:145
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Қараша 2025 23:18
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

03 Қараша 2026 10:59see173

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see165

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see162

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see161

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see154

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see154

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

03 Қараша 2026 10:48see144

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

03 Қараша 2026 11:02see142

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see142

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see138

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see135

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

03 Қараша 2026 10:48see134

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

03 Қараша 2026 11:18see132

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see131

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see128

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see125

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see119

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see119

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары