Павлодарда есірткіні магнит арқылы жасырған азамат ұсталды
Azh.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Фото: polisia.kzПавлодарда есірткіні магнит арқылы жасырған азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу аясында облыстық прокуратураның үйлестіруімен есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері Павлодарда тыйым салынған заттардың ірі партиясын байланыссыз тәсілмен таратуды жоспарлаған 32 жастағы ер адамды ұстады.
– Күдікті бірнеше ай бойы полицияның бақылауында болды. Ер адам тұрғын үй кіреберісінің маңында кезекті есірткі затын жасырын қойып жатқан сәтте ұсталды. Тінту барысында оның тұрғылықты жеріндегі пәтерінен синтетикалық есірткі заты бар салмағы 150 грамнан асатын түйіншектер, таразылар, орау материалдары, қолғаптар, сондай-ақ жасырын қойып кету үшін дайындалған 6 мың магнит тәркіленді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды, – деді Павлодар облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Болат Нұрсейітов.
Ұсталған азаматтың айтуынша, ол синтетикалық есірткі заттарын жасыру мақсатында маркетплейстер арқылы магниттерге тапсырыс берген. Магниттердің көмегімен есірткіні металл заттарға бекітіп, жасырын орындардың фотосуреттерін түсіріп, координаттарын көлеңкелі интернет-дүкеннің кураторларына жолдаған. Ал есірткі тұтынушылар аталған дүкен арқылы түйіншектердің нақты орналасқан жері туралы ақпарат алып отырған.
Бүгін, 10:53
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:54
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Желтоқсан 2025 11:51 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















