Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Трамп Ақ үйдің баспасөз хатшысын бес күннен кейін қызметінен босатты

Қазақстан әйелдер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

АҚШ Украинадағы Starlink жұмысына шектеу қойғанын жоққа шығарды

150 ден астам полиция зардап шекті: Францияда мыңнан астам наразылық білдіруші ұсталды

Батыс Қазақстанда төрт елді мекеннің тұрғындары үшін ауызсу тарифі 4,5 есе төмендетілді

Маңғыстау облысында бір топ қаңғыбас аш ит малдарға қырғидай тиюде

Қайраттың испаниялық шабуылшысы хет трик жасады

Астанада тұрғын үйдің кіреберісінде ойран салған ер адам қамауға алынды видео

Астанада бірнеше жолды ашу жоспарлануда: әкім мерзімдерін атады

Құтқарушы күні: кәсіби мерекеге қатысты қызықты деректер

Әмір Омарханов Almaty Open ATP 250 турнирінің іріктеу кезеңінде өнер көрсетті

Қазақстандағы Рамазан 2027: оразаның басталуы, Қадір түні және Ораза айт күндері аталды

Бөлек тұратын ата ана да ескеріледі : жәрдемақы алушы отбасының жағдайы қалай бағаланады

Несие алғанда жиі жіберілетін 7 қателік

Үш елдің арнайы қызметтері бірлескен операция өткізді: екі адам ұсталды

Qajet: қазаққа қажет такси ме, әлде кезекті шикі жоба ма?

Давид Дегтярев екі дүркін Азия чемпионы атанды

Президент азаматтық қорғаныс саласының айрықша маңызын атады

Republic Day: Астанада жеңілдіктер онкүндігі басталды

Елена Рыбакина Нинбо турниріне оралуы туралы айтты

Перзентханада екпеден бас тарту Қазақстандағы ата аналар үшін не білу маңызды

Перзентханада екпеден бас тарту Қазақстандағы ата аналар үшін не білу маңызды

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Жақында Атырау тұрғыны сәбиін вакциналаудан бас тартқандықтан, перзентханадан шығу уақыты кешіктірілген, деп жазады "Ақ Жайық". Әйелдің әпкесінің айтуынша, бұған дейін отбасы үлкен балаларына да вакцинадан жазбаша бас тарту құжатын рәсімдеген, бірақ ол кезде перзентханадан шығуға қатысты мәселе туындамаған.

Tengri Health тілшісі бала өмірінің алғашқы күндерінде қандай екпелер жасалатынын, вакцинадан бас тартқан жағдайда ата-анасы мен отбасының басқа мүшелері неге тексерілетінін және жаңа туған нәресте қай сәтте үйіне шығарылатынын анықтап көрді.

Бала өмірінің алғашқы күндерінде қандай екпелер жасалады?

Жоғары санатты дәрігер-эпидемиолог Айнагүл Қуатбаеваның айтуынша, туғаннан кейінгі алғашқы күндер - баланың қоршаған ортаға бейімделе бастаған және оның иммундық жүйесі қалыптасып жатқан кезең. Сондықтан алдын алу екпелерінің ұлттық күнтізбесіне сәйкес вакциналау перзентханада басталады.

Қазақстанда жаңа туған нәрестелерге екі негізгі екпе жасалады:

В гепатитіне қарсы - өмірінің алғашқы 12 сағатында. БЦЖ (туберкулезге қарсы) - екінші-төртінші күні. Жаңа туған нәрестеге В гепатитіне қарсы екпе не үшін қажет?

Эпидемиологтың айтуынша, негізгі себептердің бірі - босану кезінде вирустың инфекция жұқтырған анадан балаға берілу қаупі. Сонымен қатар бала инфекцияны неғұрлым ерте жұқтырса, аурудың созылмалы түрге ауысу ықтималдығы соғұрлым жоғары болады.

"В вирустық гепатиті бауырды зақымдайды және созылмалы гепатиттің, цирроздың және бауыр обырының дамуына әкелуі мүмкін. Вакциналау В гепатиті вирусын жұқтырудан және оның кейінгі ауыр зардабынан сақтандырады", - деп түсіндірді сарапшы.

Спикер туралы анықтама: Айнагүл Қуатбаева - эпидемиолог, жоғары санатты дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Денсаулық сақтау министрлігінің "Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы" ШЖҚ РМК "Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы" филиалының директоры.

Оның айтуынша, бұл екпе анасы В гепатитімен ауыратыны белгілі балаларға ғана емес, барлық жаңа туған нәрестеге ұсынылады. Инфекция ұзақ уақыт бойы айқын белгілерсіз өтіп, анықталмай қалуы мүмкін.

"ДДСҰ мәліметтері бойынша, нәресте және ерте балалық шақта инфекция жұқтырған жағдайда, балалардың шамамен 95 пайызында созылмалы инфекция дамиды", - деді маман.

Алайда, жоғарыда айтап өтілгендей, В гепатиті - перзентханада балаға салынатын жалғыз екпе емес. Өмірінің алғашқы күндерінде оған туберкулезге қарсы БЦЖ вакцинасы да ұсынылады.

Жаңа туған нәрестеге БЦЖ не үшін қажет?

Айнагүл Қуатбаева туберкулез Қазақстан үшін әлі де өзекті инфекция екенін атап өтті. Сырқаттанушылықтың тұрақты төмендеуіне қарамастан, инфекция халық арасында таралып жатыр.

"Денсаулық сақтау министрлігінің ресми мәліметтері бойынша, 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында туберкулездің 2 919 жағдайы тіркелді, сырқаттанушылық көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 14,23-ті құрады. 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда сырқаттанушылық 11 пайызға төмендеді. Оң динамика балалар арасында да байқалады, алайда балалардағы туберкулез жағдайларының үштен біріне жуығы медициналық көмекке өз бетінше жүгінгеннен кейін анықталады", - дейді дәрігер.

Қауіп тобына нәрестелер мен ерте жастағы балалар жатады. Инфекция жұқтырғаннан кейін оларда аурудың тез дамуы және оның ауыр түрлеріне ауысу қаупі жоғары, деп атап өтті эпидемиолог.

Сондықтан дені сау жаңа туған нәрестелерге медициналық қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда, туберкулездің алдын алу ережелеріне сәйкес, БЦЖ екпесі перзентханада туғаннан кейінгі екінші-төртінші тәулікте жасалады, деп түсіндірді сарапшы.

"Вакцинацияның негізгі мақсаты - туберкулез қоздырғышымен кездесу мүмкіндігіне дейін баланың өзіндік қорғанысын мүмкіндігінше ерте қалыптастыру", - дейді Айнагүл Қуатбаева.

Бірақ маман БЦЖ адамды кез келген туберкулез жұқпасынан қорғамайтынын және аурудың барлық түрінен өмір бойына қорғаныс бермейтінін ескертеді.

Оның басты міндеті - ерте жаста туберкулездің ең ауыр түрлерінің даму қаупін азайту. Бұл жерде бірінші кезекте мыналар туралы сөз болып отыр:

туберкулезді менингит - ми қабығының зақымдануы; милиарлы немесе генерализацияланған туберкулез - инфекция бүкіл ағзаға таралады.

"ДДСҰ мәліметтері бойынша, нәресте кезеңінде егілген БЦЖ туберкулездің ауыр түрлерінен 90 пайызға дейін қорғанысты қамтамасыз етеді", - деп атап өтті спикер.

Ата-ана екпе жасатудан бас тартса ше?

Сарапшының айтуынша, ата-аналар екпе және мұндай шешімнің ықтимал салдары туралы ақпарат алғаннан кейін вакцинациядан бас тартуға құқылы.

Бас тарту дерегі медициналық ақпараттық жүйеде тіркеледі, бірақ БЦЖ-дан бас тарту туралы сөз болғанда, рәсім мұнымен аяқталмайды.

Бұл жерде маңызды бір мәселе туындайды: туберкулезге қарсы екпе алмаған нәресте перзентханадан аурудың ауыр түрлерінен қорғайтын спецификалық қорғаныссыз шығады. Сондықтан сәбидің анықталмаған туберкулезі бар адаммен байланысу қаупін болдырмау өте маңызды.

Ол үшін анасы, әкесі және баламен бірге тұратын барлық адам туберкулезге тексеріліп, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін ұйымнан анықтама алуы қажет.

Мұндай анықтаманың болуы БЦЖ екпесін алмаған нәрестені перзентханадан шығару ережелерінде қарастырылған.

БЦЖ-дан бас тартқаны үшін перзентханадан шығаруды кешіктіруі мүмкін бе?

Айнагүл Қуатбаеваның айтуынша, нормативтік құжаттарда БЦЖ-дан бас тарту себебінен перзентхана ана мен баланы ұстап отыра алатын нақты мерзім белгіленбеген.

Қалыпты жағдайда перзентханада болу ұзақтығы, ең алдымен, ана мен баланың денсаулығына, медициналық көрсеткіштерге және нәрестенің шығуға дайындығына байланысты болады.

Сондықтан перзентхана ана мен баланы екпеден бас тартқаны үшін жаза ретінде "ұстап отыр" деу онша дұрыс емес, деп есептейді маман.

"Мәселе БЦЖ-дан бас тартқаны үшін санкция қолдануда емес, туберкулездің ауыр түрлеріне қарсы спецификалық вакцинациялық қорғаныссыз қалатын нәрестені қауіпсіз шығарудың белгіленген тәртібін орындау туралы болып отыр", - деп атап өтті ол.

Егер ата-анасы райынан қайтса не істеу керек?

Егер ата-ана пікірін өзгертсе, балаға кейін алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымында екпе салуға болады.

Екі айға дейінгі балаларға БЦЖ алдын ала Манту сынамасынсыз жасалады, бірақ егер бала екі айдан асқан болса, вакцинация алдында сынама жүргізіледі. Нәтиже теріс болған жағдайда сәбиге екпе салынады.

Сондықтан, егер ата-ана бастапқыда БЦЖ-дан бас тартып, кейін баланы вакцинациялауды ұйғарса, тіркелген жері бойынша учаскелік педиатрға немесе жалпы практикалық дәрігерге жүгінуі қажет.

Бұған дейін әлемде екпе салдырудан бас тартқандар қалай жазаланатыны және Қазақстандағы жағдай қандай екені туралы жазған болатынбыз.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда тұмауға қарсы вакцинация қашан басталады және кімдерге тегін болады?

“Екпеден кейінгі бедеулік“ және ұлдарды АПВ-ға қарсы вакцинациялау: сарапшылар танымал сұрақтарға жауап берді

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

екпе

вакцина

Перзентхана

Балалар

ата-ана

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:137
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Қыркүйек 2026 13:52
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Трамп Ақ үйдің баспасөз хатшысын бес күннен кейін қызметінен босатты

17 Қазан 2026 16:12see147

Қазақстан әйелдер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

18 Қазан 2026 11:54see134

АҚШ Украинадағы Starlink жұмысына шектеу қойғанын жоққа шығарды

18 Қазан 2026 12:29see132

150 ден астам полиция зардап шекті: Францияда мыңнан астам наразылық білдіруші ұсталды

18 Қазан 2026 12:25see130

Батыс Қазақстанда төрт елді мекеннің тұрғындары үшін ауызсу тарифі 4,5 есе төмендетілді

17 Қазан 2026 20:13see129

Маңғыстау облысында бір топ қаңғыбас аш ит малдарға қырғидай тиюде

18 Қазан 2026 17:01see122

Қайраттың испаниялық шабуылшысы хет трик жасады

18 Қазан 2026 19:55see122

Астанада тұрғын үйдің кіреберісінде ойран салған ер адам қамауға алынды видео

17 Қазан 2026 15:57see121

Астанада бірнеше жолды ашу жоспарлануда: әкім мерзімдерін атады

18 Қазан 2026 17:37see121

Құтқарушы күні: кәсіби мерекеге қатысты қызықты деректер

19 Қазан 2026 08:32see119

Әмір Омарханов Almaty Open ATP 250 турнирінің іріктеу кезеңінде өнер көрсетті

17 Қазан 2026 16:15see111

Қазақстандағы Рамазан 2027: оразаның басталуы, Қадір түні және Ораза айт күндері аталды

19 Қазан 2026 12:32see111

Бөлек тұратын ата ана да ескеріледі : жәрдемақы алушы отбасының жағдайы қалай бағаланады

18 Қазан 2026 13:22see110

Несие алғанда жиі жіберілетін 7 қателік

18 Қазан 2026 16:49see110

Үш елдің арнайы қызметтері бірлескен операция өткізді: екі адам ұсталды

18 Қазан 2026 08:10see110

Qajet: қазаққа қажет такси ме, әлде кезекті шикі жоба ма?

18 Қазан 2026 14:28see109

Давид Дегтярев екі дүркін Азия чемпионы атанды

19 Қазан 2026 12:39see109

Президент азаматтық қорғаныс саласының айрықша маңызын атады

19 Қазан 2026 13:35see109

Republic Day: Астанада жеңілдіктер онкүндігі басталды

19 Қазан 2026 12:22see109

Елена Рыбакина Нинбо турниріне оралуы туралы айтты

19 Қазан 2026 07:21see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары